Авраам Руссоның сыны

Біздің студияға, Астана радиосына ресейлік әнші Авраам Руссо қонақ болды. Сөздің ашығын айтар болсақ, бұл әншіге онша көп қызыға қоймаймын. Тіпті, орыс эстрадасына қызығушылығым жоқ. Бірақ, Руссоның бір пікірі намысқа тиді. Барша, қазақтың намысына тиетін шаруа болды. Өйткені, ол қазақтардың өздерінің ана тілдерін білмейтіндігін сынады. «Позор!» деді. Бұдан артық қорлық жоқ шығар. Әрине, Руссо бізге қамшы болсын деген шығар. Алайда, ана тілдерін білмейтіндерге бұл сын ой салса дейміз.Өзі бірнеше тіл білетін болған соң, қазақтардың өз ана тілдерін үйрене алмай жүргені күлкілі көрінген шығар. Әріптесім, Жанна Шуланованың тілге қатысты сұрақтарына жауап бере отырып, Руссо жоғардағы сөзін айтты. Тіке, «сендерге «позор!» деген жоқ. Бірақ, кейбір қазақтарға дәл осылай айтқанын тілге тиек етті. Наныстанғанмен, ақиқат солай болған соң қайтеміз енді. Дегенмен, оның бұл сұхбатын блогыма іле салдым. Орыс тіліндегі дүние. Меніңше, қазақ тілін ұқпайтын қазақтар болғанымен, орысша білмейтін қазақтар жоқ шығар.(оралмандарды қоспағанда, әрине) www.podkazt.kz/users/Amangeldi/audio/1040.html адресінде Руссоның айтқандары тұр.
Бөлісу:

27 пікір

edige
Ұятты жағдай әрине! Бұл жауыр жорғаның ақсаңдағанына қаншама болды. Намыс жыртып жүреміз де, көпшілікпен орысша сөйлесу әдеті басым болып тұр…
/Меніңше, қазақ тілін ұқпайтын қазақтар болғанымен, орысша білмейтін қазақтар жоқ шығар.(оралмандарды қоспағанда, әрине) /
дегенде қазақтар және оралмандар деп бөлгенге ұқсап қалды
alashaman
Әрине, қазақтар мен оралмандар деп бөлгім келген жоқ. Сөздің қисыны келіп қалған соң айта салдым. Әйтпесе, оралмандар да қазақ қой. Бірақ, орыс тіліне ең шорқақ қазақтар осы қауым. Мен де солардың бірімін.
Onlasyn
Оралмандар — өздерін сақтап қалған таза қазақтар…
Onlasyn
Оралмандар — өздерін сақтап қалған таза қазақтар…
konvict
Мен орысша білмеймін
Onlasyn
Орысша білу айып емес, қазақша білмеу, білсе де сөйлемеу — айып:)
asaubota
соған ұяла қояды дейсің бе біреу? ұят болуы үшін денеде намыс болуы керек қой.
Zilola
Авраам Руссоны абажаю :)
Молодец жақсы айтыпты!
patick
өздеріңе сол керек, қазақтар!
Zere
Осы Руссо өзіне атылған оқтан кейін, қатты есейіп, ақылды болып кетті. Алдында осы жайлы бір бағдарлама көріп едім. Тәубесіне келіп, өзі қиянат жасаған барлық адамдардан кешірім сұраған екен.
Қазақша білмейтіндер туралы, Аршатпен келісемін. Намыс болмаған соң әрекет те жоқ.
Janasil
Енді кез-келген шетелдік келіп күлетін болды бізге. ммм.… күлсін,, күлсін,,,!!!
Erlan
кейде казак кыздары орысша жазып бастайды, сойлесип келип, казакшага ауысып кетем, олда казакша біледкен, судай, мынауымыз уят болды гой деп, 2 казак орысша сойлесип отканымыз деп, сондай жагдайлар болып калады енди
sammita
ал ендеше пІкІрІҢздІ ҚазаҚша жазбауҒа не себеп?
Erlan
арипте турган ештене жок, самый главный казакша жазып жатырмын гой))
patick
Осылай деуіңіз арқылы қазақтың төл қасиеті — бәрібіризм нышандарын ап-айқын көрсеткіңізді білдіңіз ба?
Onlasyn
(Қазақша жазғанын) Міндет сияқты қылып па?
konvict
Өткенде латын әріпімен жазған бір бауырымызға осы ескертпені айтып едім, маған қарсы өре түрегеліп едің ғой, Патик??? А???
patick
ия, есімде. содан?
konvict
Жәй есіме түсіп кетті.
serjan
самый главный
Қазақша жазып жатыр
org
Қазақша әріптеріміз төрт бұрышты болып немесе адам түсінбейтін символдарға айналып кете береді ғой сосын амал жоқ, қазақты казах немесе казак деп ұра береміз
Erlan
сол жаман алдында бірде түсініктеме жазып отырып ручкамен, і нің орынына и салып жазып жатырмын, аріптерді алмастырып, қоюу керек
sammita
күнделік үстелге:))
Руссоның «Позор» деуіне өкпелеудің қажеті жоқ. Шындығы сол.
org
Руссоныкіне ұқсаған сөздерді есіте- есіте қазақтардың еті де, намысы да өліп кеткен ғой, басқаша өлгендерді тірілтетін Живая вода ойлап табу керек
Onlasyn
«Хабар» және «Қазақстан» – қос қанатты телеарна

Олардың да көсеміне сын айтпасқа болар ма?

Телеарнада «Екі жұлдыз» және «Спой» сияқты,

Мемлекеттік тілді қорлап, белден басқан ұятты,

Досматова, Хангелдина деген шала қазақтар,

Құтқарудың орынына ана тілін мазақтан,

Тастағандай отқа масақ,

Екі тілден ботқа жасап

Мемлекеттік тілге теліп менсінбестік бағытты,

Жүз телеарна ұлы тілде үн қатса да тоқталмай,

Орыс тілі, орыс әні зорлық көріп жатқандай

Бұл қос ару елден-ерек ұлтсыздық танытты.

Өз ыңғайы жетегінде ана тілін шетке ұрып,

Еркінсіді космополит «әншілерден» топ құрып.

Бұл әрине Мемлекеттік тілді аяққа басқандық.

Кімге қажет ұлттан қашқан мұндай мәңгүрт бостандық?

**********************

деген екен Мұхтар ағамыз…
org
Айта айта Алтайды, Жамал апа қартайдының кері келіп жатыр ғой, Мұхтар ағамыз да қарнымның ашқанына емес қадірімнің қашқанына жылаймын болды ғой…