20 ЖЫЛДЫҚ ҚАРСАҢЫНДА 20 ДЕПУТАТ ЕРЛЕДІ



Осы күнге дейін депутаттардың атына айтылатын неше түрлі жайсыз сөздерден бас көтере алмаушы едік. Бұл жолы халық қалаулылары халықтың қалауын, яғни ұлттық, мемлекеттік мәселелерді өздерінен жоғары қоя білетіндері баршылық екенін дәлелдеді. Бүгін 13 сәуір күні Мәжілістің жалпы отырысында депутат Шалатай Мырзахметов бастаған 20 депутат «тәуелсіздігім тағдырым» деп өткен Мұстафа Шоқайға шет мемлекеттер құрлы құрмет көрсете алмай жатқандығымыз туралы депутаттық сауал оқып, санада бір-ақ төңкеріс жасап жіберді. Кезінде оның атын атаудың өзіне тыйым салынып, аты үрей тудырған заманның толқыны болғанына қарамастан, бойларында әлі кеңестік қорқыныштың уыты тарқамаған депутаттарымыздың бұл жолғы батырлығына түрегеп тұрып сол соғуға болады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында тәуелсіздік жолында құрбан болғандарға құрмет көрсетіліп, санада бетбұрыс болып жатса неге бәрекелді демеске.

Тәуелсіздікпен мағыналас болып кеткен М.Шоқай тұлғасын ұлықтау мақсатында Үкіметке бірқанша тапсырмаларды орындауға жолдаған мәлімдеме барысында, Мұстафа Шоқайға Қазақстан емес шет мемлекеттердің көрсетіп жатқан құрметтеріне ендігі кезде құлақ та үйреніп қалғанын және шет мемлекеттердің көрсетіп жатқан бұл құрметтеріне халық болып қуана алмай, жеке дара мемлекет ретінде алғысымызды айта алмай келе жатқандығы себепті мәселе көтергендігі айтылған. Тіпті Ресей тарапы 2008 жылы Санкт–Петербор қаласының мәдениеті, ғылымы және өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Петербор тұлғасы» атты медалімен М.Шоқайды марапаттағанын енді ғана естіп, біліп отырмыз. Өткен жылы арысымыздың құрметіне Париж қаласынан саябақ ашылып, мүсіні қойылғанда да елеусіз қалдырдық. Франциядағы Мұстафа Шоқай атындағы француз-қазақ қоғамы болса ескерткішін салып, кино түсіру ниеттерін білдірді. Қысқасы, бәрін жіпке тізер болсақ ұзап кетеді. Бір сөзбен айтқанда М.Шоқайға Еуропа елдері жүрген-тұрған жерлерінің бәріне ескерткіш-тақта орнатып, өз тілдерінде кітаптарын шығарып, еске алу шараларын, конференциялар өткізіп барлық құрметтерін көрсетуде аянбауда. Біле білгенге қазақтың ешбір тұлғасы Еуропада мұндай құрмет көрмеді. Еуропада тұңғыш рет қазақтың тұлғасына мүсін орнатылуының өзі неге тұрады.

Шет мемлекеттердің М.Шоқайға көрсетіп жатқан осынау құрметтері депутаттарымызды ойлантқан болуы керек және бұл жағдай мемлекетімізге, мемлекеттік имиджімізге сын болғандықтан төмендегі мына тапсырмаларды Үкіметке жолдады: мемлекетімізге үлкен сын болып тұрған, яғни Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2009 жылы Алматыдағы бір мектептің атын беруге байланысты шешім шығарғанына екі жыл өтті. Осы кемшілікті орнына келтіру. Әлде еліміздің тәуелсіздігі үшін соңғы деміне дейін күресіп өткен азаматымыз осындай «құрметке» лайық па?; М.Шоқайдың әлемде шашылып жатқан мұраларын жинап, мұражай ашу. Мысалыға, Түркиялық азамат Тимур Коджаоғлыда М.Шоқайдың паспорты бар, Париж қаласындағы Әлім Алмат деген азаматта М.Шоқайдың жазба машинкасы, хаттары, естеліктер, суреттері, түркиялық Ахат Андижанда суреттері мен хаттары, Музаффер Акчорада М.Шоқайдың хаттары бар, т.б. Осы азаматтардың бәрі жеке қолға бермейміз, мұражайы ашылса береміз деп отыр. Сондай-ақ Парижде Шығыс тілдері және өркениеттері институтында М.Шоқайдың жеке мұрағаты бар; Әлемдегі шоқайтанушыларды бірараға жинап, халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу; М.Шоқайдың көп еңбектері шет тілдерінде болғандықтан барлық еңбектерін қазақ тіліне аударып, жинақ шығару. Бұл үшін арнайы жұмысшы тобын құрып, қаржы бөлу; Әлемде шоқайтануға үлес қосқан азаматтардың, мемлекеттердің бәріне алғыс айтып, марапаттау рәсімін ұйымдастыру; М.Шоқай туралы шет мемлекеттерде де ауқымды іс-шаралар өткізу; Парижден саябақ ашылып, мүсіні қойылып жатқанда Астанадан көше, мектеп атауы берілмеуі таңқаларлық. Сондықтан Ататүрік ескерткіші жанынан ескерткіші қойылып жатса түркі бірлігі үшін күрескендер қатар жарасып тұрар еді, одан қалды елдігімізді көрсеткен болар едік. Өзге түркі тектес мемлекеттеріне үлгі болар еді. Түркі халықтарының екі алып тұлғасы тек Астанада ғана тұруы заңдылық.

Қол қойған және құрмет көрсетуге лайық депутаттар:

Бастама көтеріп сауал жолдаған депутат
Шалатай Мырзахметов

1. Нұрлан Өнербай
2. Сәт Тоқпақбаев
3. Нұртай Сабильянов
4. Құттықожа Ыдырысов
5. Төлеген Ибраев
6. Бағила Баймағамбетова
7. Алияр Жараспаев
8. Гүлнар Сейітмағанбетова
9. Ирак Елекеев
10. Зейнулла Алшымбаев
11. Ержан Исақұлов
12. Марал Итеғұлов
13. Қайрат Сәдуақасов
14. Серік Оспанов
15. Шавхат Өтемісов
16. Жексенбай Дүйсебаев
17. Ұзаққали Елеубаев
18. Дауылбай Құсайынов
19. Берік Бекжанов
20. Розақұл Халмұрадов

Фазылбек Әбсаттарұлы
Астана қ.
Бөлісу:

7 пікір

patick
Лібә, қазақтардың бір қасиеті — тарихта аты қалғанның бәрін ұлықтау. Мұстафа Гитлерге қызмет еткен адам ғой, оның қай еңбегін жоғары бағалап отсыңдар?
Алаш партиясының құрамында болғандардың көпшілігі бір-бірін сатып, бір-бірін атқызып ақырында құрып кеткені айтпаса да белгілі нәрсе ғой.
Pazylbek
Бауырым patick!

1. М.Шоқайдың 70 томдық еңбегінің қайсысын оқыдың. Білмеген нәрсең туралы айтпағаның дұрыс болады. Кеңес өкіметінің көзілдірігін шешкенің дұрыс болар.
2. Өлген адамның артынан жаман сөз айтпайтын қазақ емес пе едік…
patick
Лібә, кітаптағының бәрі рас деп сенетін жастан ұзаған сияқты едің. Өзінің артын ойлап істеген қылықтары ғо оның бәрі, пендешілдігінссс
KILYZAMAN
(Орысшасы -После драки, кулаками только сыкуны машут… А во время драки — ссут) Өткені жоқтың келешегі болады деп ойлаймысың???
edige
«Және осыған қосымша, Нуреке, анау бар ғой, депутаттарды ұшақта бизнес классқа отырмайды дегенді қоссаңыз деп айтқым келведі» Н.Өнербаев
Pazylbek
Ой астапыралла-ай. Көзіңді бақырайтып қойып мақалаңды біреу жариялап жіберсе таң қалма. Менің осы мақаламды маса.кзте Ермек Қарабала деген өз атымен жариялап жіберіпті. Адамда ұят жоқ болса қиын екен ғой. Фазылбек Әбсаттарұлы
KILYZAMAN
Бір кезде(сол сәтінде) — бірдей толғаныста болғансыңдар ғой :-) :-) Кешіре сал!!!