2005-тің көктемінде...

Мына өлеңді 2005-тің көктемінде жазыппын.

Көктем!
Сен ерке қыз сияқтысың,
Жылап тұрып күле салатын!
Көктем!
Сен селтең қыз сияқтысың,
екі елі шүберекпен төсін жауып,
екі жіпті иығына іле салатын!

Көктем!
Сен менің бабымды таба алмадың!
Жаңбыр соңын қарға ұрып тағы алдадың.
Сонда да өзіңе мен сыр ашайын,
өзіңмен еріп келген бар арманым!
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
мүшәйраға жібер www.kerekinfo.kz/blog/adminsblog/1724.html
Abilakim
Басқаларын жіберемін. Мүмкін осы жерде мүшайраның өлеңдерін іріктерміз,қауымдастық ашып, а?