“Тотынаме” емес, “Тоты-аниме”
“ Теперь поздно отступать… Дама смотрит!” (Тукан)
Зияддин Нахшабидың (Қисықтың арғы атасы деген қисын бар) орта ғасырларда жазылған “ Тотынамесі” бар. Мазмұнын білмедім. Әмірхан Балқыбек ағам “ оны не қыласың, қыздарға арналған, оқымай-ақ қой” деген соң, ойдан шығарғам. Енді міне, Карлос Салдананың “ Тоты-анимесі”
экранда көрсетіліп жатыр. Бұның мазмұнын білемін енді. Тұспалдамай айтсам, кинотеатрларда “ Рио” деген анимациялық картина жүріп жатыр. Тизерінен-ақ сапалы дүние екенін сезгендіктен, қашан жетеді екен деп елеңдеп жүргенмін. Алдамады. Аз ғана уақытқа басқа әлемді ұмыттырып, құстар әлемінің қызығына кіргізіп жібергені үшін мың да бір рахметті “ Блю Скайс” студиясына айтамын. Режиссері “ Ледниковый периодтың” үш кезеңін түсірген Карлос Салдана болса, жаман мультик күтпе деген жарғы барын білесіз. 3D форматындағы мультик миды қатырмайды, көңіліңді кранмен көтеріп, күлетін жеріңнің бәріне скрепке қыстырып қояды. Қысқасы, жако тұқымдас тотықұстың балапанын ес білмейтін кезінде есерлер ұрлап кетеді де, ол табиғи ортасынан тыс, қарлы-боранды Миннесотада өседі. Әрине, боранда емес, Линда есімді қыздың қарауында, тордың ішінде, тамағы тоқ, көйлегі көк дегендей… Алғыр құс құлыпты аша алады, компта жаза алады, бірақ ұша алмайды… “ Неге ұша алмайсың?” десе, “Әлемде 40-тан астам құс аспанға ұша алмайды екен. Мүмкін, мен түйеқұс шығармын” деп білгішсінетіні бар. Жарайды, бір күні есікті қағып, есалаңдау жас ғалым келеді де, оның өз тұқымындағы жалғыз құс екенін, а-а айтпақшы ұрғашы сыңарының алыстағы Рио-де-Жанейрода екенін жеткізеді.
“ Барып, былай танысып, былай махаббат болмасаңдар… тұқымдарың құрып кетеді” дегенге салып, жалынып-жалпайып қоймайды. Содан не керек, Голубчик (тотықұстың лақап аты осы) пен Линда салып ұрып, күн шуақты Риодан бір-ақ шығады. Жемчужинкамен (болашақ махаббатының аты) бірден достасудың реті болмай, “қауырсындары қан болғанша” төбелесіп те алады. Очм, одан әрі қым-қуыт оқиғалар басталады да, олар достық, махаббат, батырлық, т.б. сезімдерді бастан кешіріп, жолдарындағы маймылдар бандасын да, жауыз-тотықұсты да еңсеріп, хэппи-энд болады.
Бастысы, бұл комедиядағы әрбір персонаж тамаша кескінделген, әсіресе өз басым Жемчужинканы, сілекейі ағып тұрса да сүйкімді ит Луисті, кішкентай шөжекті жақсы көріп қалдым. Бояуы қанық, музыкасы ырғақты, бір минутқа да зеріктірмейтін мультикті міндетті түрде көріп шығыңыздар! Әрі үлкен де, кіші де ұялмай көре алатын бірден бір мультфильм осы болып тұр…. Мұның қасында соңғы көрген анимем “ Ранго” тым байсалды, сәл қызықсыздау болып еді.
Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/04/09/%d1%82%d0%be%d1%82%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d0%bc%d0%b5-%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d1%81-%d1%82%d0%be%d1%82%d1%8b-%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%b5/

искрада осымен бірнеше рет Оо