Қолданушы этикасы немесе Керекинфода блогерлік



1 аптадан кейін осы платформаның құрылғанына, Керекинфоның блог жүйесі ретінде жұмыс істеп жатқанына 4 ай толады. 4 ай аз сияқты көрінгенімен, былай қарасаң одан да көп уақыт өткен сияқты. Оған себеп: бүгінге дейін мында талқыланған тақырыптар, ашылған қауымдастықтар, қалыптасып қалған ұғымдар, достықтар, кездесулер…

Бірақ, қазір қарап отырсам блоггерлік бағыттан ауытқулар көбейіп бара жатыр. Қолданушы этикасы туралы шамалы ескертпелер айта кетейін. Осы жерде жазып жүргендіктен сіз де блоггер саналасыз, сондықтан блоггерлікке лайық әрекеттер жасауыңызды өтінемін.

1. Тақырып аттары
Тақырып аттарында көп қателіктер көріп жатамын. Тақырыпты бас әріппен бастаған дұрыс. Егер 1 сөзбен тақырыпты аша алмайтын болсаңыз неге қасына тағы сөз қоспасқа? Өйткені кейде бір түйір сөзге қарап түсініксіз болып жатады тақырыптың не туралы екені. Біреулер бар тақырып атына жазып жатқан нәрсесіне өзінің коментін жазатын, смайлик қоятын. Егер тақырыбыңыз көп оқылсын десеңіз атын дұрыс жазыңыздар.

2. Ілмектер
Ілмектер туралы мында неше рет жазылды, қарап жатқан ешкім жоқ. Ілмек жазатын жердің астында негізі мындай ескертпе жазу бар:
Ілмектерді үтірмен бөліңіз. Мысалы: Астана, блогтар, рейтинг, google, Наурыз, алма

Бұл жердегі үтір деген сөзге көбісі назар аудармайтын сияқты. Үтір деген мындай таңба: "," Орысшасы "запятая"

Сөздерді осы таңбамен бөліп отырсаңыздар екен. Бұл техникалық жағы ғой, ал енді ілмектер мазмұнына келейік. Бұл жерде де біраз адам өз жазуы туралы не ойлайды соны жазып кетеді. Ілмектер — кілтсөздер. Мысалы сіз бостан босқа жазбайсыз ғой жазуыңызды, іздеу жүйелері арқылы біреулер тауып оқысын деп те тілейтін шығарсыз мүмкін? Былай ойлап көріңізші осы мақаламды мен іздесем қандай кілтсөздермен тауып алар едім деп, солай ойлап ілмектеріңізді солай жазыңыздар. Тәжірибелі блоггерлердің жазбаларын қарап шығыңыз, ілмектерді дұрыс жазуды солардан үйреніңіздер.

3. Минус, плюстар
Қараптан қарап ешкім минус қоймайды. Қойса да демек оған себебі болды. Барлық жазылған нәрсе бәріне ұнай беруі мүмкін емес қой. Минус қойғандар сосын неге минус қойғанын жазбаса да болады. Және осылар үшін өкпелеу, айтыс-тартыс жасау дұрыс емес деп ойлаймын.

4. Флуд каменттер
Камент жазу кезінде "қуу" деген ұғым бар.Яғни бір тақырыпта әрі қарай каменттер ішінде біраз әзілдесу, күлкілі тақырыпты әрі қарай іліп әкету. Бірақ, мұның де өз реті бар. Соңғы кезде бұлай "қуу" емес кәдімгідей қара флуд көбейіп барады. Қолданушылар сайтта жеке хат функциясы бар екенін ұмытып кете беретін сияқты. Егер бұрын қолданып көрмесеңіз көріңіз, өте ыңғайлы ол жерде де жазысу.

5. Қауымдастықтар
Түрлі тақырыптарға бөлінген қауымдастықтар бар. Қолданушы постын жазған кезде жеке блогында жазылады, сол жерде сақталып қалады. Ал, егер бір қауымдастыққа мүше болып, сол қауымдастық блогына жазсаңыз жазбаңызды басқалар оңай тауып алар еді.

6. Жиі Сұралатын Сұрақтар
Бос уақытыңыз болған кезде FAQ — ЖСС бетін оқып шығыңыз. Мұмкін білмей жүрген сұрақтарыңызға сол жерден жауап табарсыз. Егер сұрағыңыз болса мына жерге жазуыңызға болады.

7. Сыйластық
Сайтта жазба, пікір жазу да еңбек. Сондықтан жазған нәрсемізге жауапкершілік танытайық. Өзімізді де өзгені де сыйлайық. Бұл жерде ешқандай ортақ тақырып жоқ. Сондықтан жазылған жазба біреуге ұнауы, біреуге ұнамауы мүмкін. Сыйлайық, сыйлы болайық.
Бөлісу:

66 пікір

PaziTiP
Ештен кеш жақсы дегендей екен, мынауыңыз Ареке!
yerbol89
Ал ағасы бұл мақалаңызға мен бірінші болып өз пікірімді қалдырып жатыр екенмін! Өте дұрыс айтасыз мен де сіздің басыңыздағы жағдайды өткеріп жүргендіктен, сөзді жақсы түсінемін. Ақпараттық білімі бар, ілмектің не екенін біліп тұрып, ілмекті қолдануға ерінетін адамдар да бар арамызда. Көш жүре түзелер, барлығы жақсы болар деп сенемін! Жақында сайтыңыздың ашылғанына 4-ай толады екен. Ұзағынан сүйіндірсін! Қазақстандағы сапалы да, пайлады ақпараттар қоры жиналған үлкен сайт болуына тілектеспін…
asaubota
күшті қылып баннер жаса да маған жіберші. а то мында сенің сайтыңа қойылатын сұрақтар тақырып болып шығып кететін кездер болып жатады :)
Zere
Өте дұрыс айттың, Аршат! Досыма осы блогтұғырды рекомендегенде іші толған флуд қой деген еді. Былай қарап шықсам, шынымен комменттер толған флуд болып кеткен соңғы кездері. Іліп аларлық ештеме таппайтын кездер де болады. Көбі тақырыпқа байланысты пікір білдірсе деген ниет бар.
Erbol
Көбі тақырыпқа байланысты пікір білдірсе деген ниет бар.
қосыламын.
KILYZAMAN
Флуд камент жайлы: Артқы тесік пенденің бәрінде де бар — бар екен деп, көрінген жерде аша бермеймізғой… Бостан босқа жидіткен дұрыс емес :-(
Janasil
Дұрыс! Кейде біреу тәп-тәуір жазба жазып жатса, енді біреулер келеді де ойыны келген әзілін айтып тақырыптың мәнісін қашырып жібереді. Қорытындысы ҚУУУУУыыып кеткен кәметтер. Тақырып ашылмай қалады.
Және ескеретін жағдай Жазбаны да пікірді де сауатты мүмкіндік болса таза ҚАЗАҚША жазуға тырысайық. Байқауымша не орысша емес не қазақша емес былпыт сөздер көбейіп кетті.
madlen
не орысша емес не қазақша емес
myna komment magan tiyip ketkesin jauap berip jatyrmyn: Tyrysyp bagudamyz goi, ne boldy sonsha?! :)))
Janasil
Нақты әрекет керек! Тука ойтпақшы.
madlen
Sosyn profil' turaly aituga bola ma?
Anketany toltyrganda, jasy men jynysyn mindetti turde korsetu kerek siyakty. Kimge jazyp jatkanymyzdy bilmei kalamyz «bratan» ba, alde «bratiwka» ma? :)))) «kyz» ba, alde «jigit» pe? :)))
PaziTiP
Мен сияқты «сіз» дей бер. Бір жағынан сыпайылық, екінші жағынан өзің ыңғайсыз жағдайға қалмайсың.
madlen
«Siz» deimin goi, men olai adaspadym. Birak adaskan adamdardy kordim.
PaziTiP
Әркім өз қотырын өзі қасысын. ))) Әсіресе өзімшілдік болып кетті-ау.
madlen
Tusinbedim?
PaziTiP
«Siz» deimin goi, men olai adaspadym. Birak adaskan adamdardy kordim.

Осыған жауап.
madlen
ol ozimwildik emes, ol fakt :) pikir jazu barysynda kyz ba, jigit pe tusinbei kyzyk bolgan kezder bar.
Gastarbaiter
Ондай міндет қою қажеті жоқ. Сексизм шын өмірде де көп. Қыздар жігіттерге абайлап сөйлейді, жігіттер де бұрыс пікірдің иесі қыз екенін білсе, майысып сыпайыланып қалады. Меніңше бәріне тең қарау керек. Сосын аватарына қарап «ох ты сұлу ұрғашы» деп еркектердің реалдағыдай қызға әсер тудыру үшңн тасақ (айлық, абырой, бедел) сайыстыратын синдромы да азаяды.
Ал екі еркек бас түйістірсе, егер жастау болса боқтасу, кәрілеу болса пысықкөттік әзілдесу болып кетеді. Қыздар жағы да сондай, бір біріне дедовщина, немесе тым шүйркелесіп, чмоки-чмоки болады, ал ұнамаса бет тырнасу, көрпенің астынан шымшысу.
AKY
«БілЕр» — «Білгіш еркек синдромы»)))))
PaziTiP
Не деген бас! Жаңа синдром ойлап тапқан-ай.
AKY
Ғаста, сен бе)))
Gastarbaiter
Ереженің өзін флудерастияға айналдырған соң, бұ халықтан не қайыр:))) Аршат ағайды практикант мұғалімше айқайлатып қоймай, айтқанын істеу керек:)
Zilola
Ілмектерді қатырмай жүр едім, енді қолға аламын, қазір-ақ түзеймін :)
konvict
Өте дұрыс! Менің ойымда осындай еді
Ottegin
Блог-тұғырдың анық ережелері бар ғой? Бар, соны орындау керек, басқасын талап ету-бос дүние.
sammita
мына пікірлерді оқысаң бәрі шетінен тәртіпті қолданушылар сияқты.
asaubota
түзеліп жатқандар бар, қателерін түзеп
madlen
admin revolyuciyasy boldy goi ozi de :)
sigma
ФАКқа іліп қоюды ұсынамын
AKY
Тәжірибелі блоггерлердің жазбаларын қарап шығыңыз, ілмектерді дұрыс жазуды солардан үйреніңіздер.
Дұрыс, дұрыс, мысалы, менің ілмектерімді қараңдаршы)))))
qisyq
Мақтаншақ.
AKY
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген))
KILYZAMAN
Бұл сайтты мен, ашық виртуал қойын дәптерім ретінде қолданатындығымнан копипасттар көп. Олай жасай тұрып, еш уақытта біреудің авторлық хұқығына қол сұғайын деген пиғылым жоқ. Қойын дәптерімнің пікірлерге ашық болатын себебі — рейтинг қуу, болмаса кейбір мыжыма пікірлерге құмарлық емес. Арасында құнарлы пікірлер де табылады. Қыйып алған нәрселердің барлығында сілтемелер бар. Мақсатым: Жиған тергеніммен бөлісіп — өремді кеңейте берсем…
KILYZAMAN
Жазам, неге жазбаймын... Еркін блог жүйесі — атына заты сай болғаны дұрыс… МОДЕРАТОР керек — болды!!!
asaubota
Сайтқа Ережелер қосылды

әлі де қосыла түспек. сайттағы соңғы кезде жарияланған саяси тақырыптарды алып тастауға мәжбүрмін. кешірім өтінемін.
sammita
1. Саясат туралы жазба
2. Дін туралы жазба
жазба-пост? жазба-жазуға болмайды? шамалы өзгерсең.
asaubota
ок, өзгертемін.

әзірше ештеңені өшірген жоқпын. пікір жазғанда да барынша саяси пікір жазбауға тырысайық.
Gastarbaiter
Админ, шамалы қатты кетіп қалған жоқсың ба?
Саяси пікір — деп сен нені айтасың, соны анықтап өтпесең қиындау боп тұр.

«Шапкіңді жерге бір ұрып, ұлтаралық, дінаралық, таптар арасында араздық тудыратын жазбаларды, және оппозициялық пікірлерге тыйым салынады!» деп айқындау керек сияқты.
asaubota
міне, міне!

пікірлер күтемін, ережені бірге айқындайық. мен дұрыс жеткізе алмай отырмын ойымды. обшым саяси тақырыптар ашпайық, нуинах дегім келді.
Abilakim
Егер, саяси жазба жазғыңыз келсе, оның орына аспаздық, спорт жайлы, қыз-қырқын, жігіт-желең жайлы жазуыңызды сұраймын деп жазу керек
Gastarbaiter
Жоқ менің айтым келгені, саяси әзілдер еді. Олар кірмейтін шығар енді, Сталинінссс… Кремль туралы әнек айтып, оған күлген смайл қойғандардың бәрін қосып, жаппай ГУЛАГ-ға айдайтын заман емес ғой.
Әйтпесе, жұрт Амантай қажыны сөз етуден қорқып қалар құрсын
nurbergen_makym
Мысалы, мен емханаға барып шеретке тұрып ығырым шыққанымды жазып, «Кезексіз емхана» бастамасыбос сөз екен, деген пост жазсам, ол — саяси болмаса да, сондай астары бар пост қой, солай ма?
Gastarbaiter
Немесе анығын айту керек, бұнда тек «Ойын-сауықтыру» мақсатындағы жазбалар жариялануы тиіс деп.
KILYZAMAN
Саясаттан қорықсақ — көлеңкеміздің көтіне көпшік қойғанымыз емеспе?
Gastarbaiter
Еш уайымдамаңдар!
Керекинфо, сұмдық танымал ресурс болып танылып жатса, Саясат Бақтыгереичтің өзі саясат туралы тақырыптардың қозғалуын, ара-тұра қажетті үгіт-насихат жасалып тұруын талап етеді.
nurbergen_makym
Арчи, түп-тұқиянымызбен, осы отырғанда дыхуя ақшаға сатып жіберуі мүмкін деген сөз бе, бұл, Гастарбайтер?
Gastarbaiter
Олай ете қоймайтын шығар, бірақ кхм, кхм, бізді дыхуя ақшаға бағалағаныңа мәз болып қалдым, несін айтайын.
asaubota
просто, интернетті қадағалау басталып келе жатқан сияқты. сондықтан алдын ала дайын болу керек.
Gastarbaiter
Кагебе ұйқтап жатқан жерімізден дамбалшаң алып кетпес бұрын, ескертетін шығар былай, ептеп
KILYZAMAN
Керекинфо — Плюшкиннің қорасы болмаса болды, қадағалай берсін
satibaldi
Меніңше сайттың жертөлесіне: Мұнда жазылған пікірлер сайт иесінің көзқарасы болып табылмайды. Өзіңіз заң бұзушылық деп есептейтін мақала, пікір жөнінде хабарласыуыңызға болады — деген жеткілікті.
sammita
қайталау-білім анасы
asaubota
айына кем дегенде бір рет көтеріп тұру керек ау деймін осы тақырыпты. рахмет, еске салғаныңа.
sammita
иә, өзекті тақырып қой мәнін еш жоймайтын)))))
kokbori
ОСы сен жұмыста архивтің вахтері болыр жұмыс жасамайсың ба? Әйтеуір бір жерден тауып аласың да қоясың?
sammita
КерекИнфоПанель.
sammita
бұндай тақырып саған керек. пікір білдірудің ретін біл мылжыңды қойып.
kokbori
Нақмет, ақылыңа
Daniar-Alan
мынаны бір оқып алыңдар
asaubota
1 жылдан кейін тағы да еске салайық