Түркия Супер Лигасында бәсеке қызып тұр

Түркия Супер Лигасында бәсеке қызып тұр. Қазір бірінші орында Трабзонспор, ал екіншіде одан екі ұпай айырмасымен Фенербахче. Фенербахче гол санымен өткен аптаға дейін көш бастап келе жатқан-ды. Бурсаспор тең ойнап оларды маңызды екі ұпайдан айырды. Бірақ бұл Фенербахченің соң сынағы деуге болады, өйткені ол мықтылардың бәрін жеңген-ді. Алдағы аптадағы қарсыластарын онша азулы деуге келмейді. Ал Трабзонспордың бүгін Галатасараймен, онан кейінгі апталарда Бурсаспор, Газиантепспор, Ескішехирспормен кездесуі бар. Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырады деген, Галатасарай үсті-үстіне жеңіліп, қазір он үшінші орынға тұрақтады. Һәм Кубоктан, һәм чемпиондықтан үміті үзілген Галатасарайдан жанкүйерлер тек Фенерді жеңуді өтініш қылып еді, амал қанша, ойын Галасатарайдың басымдығымен өткенімен нәтиже көңіл көншітпеді. Мұнан кейін Галатасарайдың басынан Хаджи кетіп тынды. Әрине, көрген адам Фырат Айдынустың Фенербахчеге бүйрегі ашықтан ашық бұрғанын байқамай қала алмас еді. Бірақ, болған іс болды. Бүгінгі Трабзонспормен ойналатын матчта Галатасарай жеңісті өз қолымен Трабзонға береді деп күтілуде. Әрине, жеңсе өзіне жақсы, жеңбесе Трабзонға жақсы. Егер Трабзон бүгін ұпай жоғалтса, жағдай қиын. Бурсамен ойналатын матчта Бурса жеңісті беруі де мүмкін, бермеуі де. Өткен жылы Бурсаны чемпион еткен дәл осы Трабзонспор-тұғын. Фенермен соң минутқа дейін тіресіп, ұпайдан айырған. Сондықтан Бурса жақсылық қылып, беруі ғажап емес. Бірақ өзі биыл тағы да чемпиондықтан үмітті болғасын, бермесе таң қалмаймыз. Әрине, Трабзонсор: Жеңісті бізге бере қойшы,-деп тіленетін команда емес, былай да басымдықпен алуы мүмкін.
Фенерді Трабзон өткен жылы Кубоктан да айырған-тұғын. Сондықтан биыл Фенер ТС-ның алдын орау үшін аянып қалмайтыны анық.
Қалай десек те, бүгінгі ойын-шешуші ойындардың бірі. Өз басым Трабзонның жеңгенін қалап-ақ тұрмын, бірақ Галатасарайдың тағы да ұпай жоғалтатынын ойласам жүрегім ауырады.
Бөлісу:

20 пікір

aktobe88
Айтпақшы, түзету енгізейін, Фенер бір матч артық ойнап лидер болып тұр, егер бүгін Трабзон есепті еселесеме және лидер болып қалмақшы(((
Кеше Ескішехирспорды үш те бірмен жеңген тұғын.
asaubota
Галатасарай үшін бәрібір ғой. бірақ бүгін жеңіліп қалса сатты деп айтады деп барынша ойнайды. сондықтан Трабзонға оңай болмайды бүгін.
aktobe88
бәрібір емес, екінші лигаға түсіп қалу қаупі бар(((
saken
мәссаған!!! Галатасарай екінші лигаға түсіп қалу қауіпі бар аймақта жүр ме???
aktobe88
иә, өкінішке орай, он төртте қазір.
aktobe88
Сосын, Трабзонспордың матчты сатып алмайтынын бәрі біледі, әдейі жеңілді деп айтылатын шығар.
қалай десе де маған бүгінгі матчтың салмағы ауыр боп тұр.
konvict
Сен қай жаққа жанкүйерсің?
aktobe88
Галатасарайға ғо әрине. Бірақ бұл жолы Фенердің чемпион болмағанын қалаймын, сондықтан Трабзонспорлықпын)))))
konvict
Фенербахшеде біраз танымал ойыншы бар емес пе? Симао, Алмейда сол жақта емес пе?
aktobe88
жоқ, олар Бешікташта ғо
TERISKEI
Галатасарай жеңіліп қалсын, жеңіліп қалсын!!! :)))))
aktobe88
Админ ағай, сізге қалай, ұнай ма Трабзонспор?
asaubota
маған ұнайтын командалар көп, бірақ тек бір команданың ғана шын фанатымын. әйелім сияқты ғой, ұнайтын қыздар көп, бірақ тек бір ақ әйелім бар :)
asaubota
Трабзон 1-0 ұтты. Сатып алды деп ойлаймын. Мұндай договорняк ойындарда әдетте бір жақтан бір қызыл карт болады. Кешегі ойында бүкіл ойын бойы Галатасарай жақсы ойнаған сияқты болып көрінді, бірақ 75 минутта 1 қызыл карт, сосын Трабзон 1 гол салады. ойын біткенен кейін БАҚ Галатасарай негізі жақсы ойнады дейді. бұл әрине солай жасалатын амалдар :)
aktobe88
Иә, бірақ сатылып алынған емес, келісілген ғой дейм. Өйткені гол жіберсін деп Запатаны қойды қақпаға, сосын онша қатты шабуылдамады біздікілер. Және қызыл картты бостан босқа көрді Казим, ондай әрекеттер әдетте сары картты да қажет етпейді. Сосын Казимнің еш қарсылық берместен шығып жүре бергені қызық болды, өтірік болса да төрешіге бірдеңе деуі керек еді. Қалай десе де Трабзон лидерлігін сақтап қалды. Ал Галатасарай он төртінші((((((
TERISKEI
"… онша қатты шабуылдамады біздікілер..." — уже ма? Кеткеніне бір жыл енді толды. Жиырма жыл ғұмырыңда Қазақстанда болып, «Ақтөбені» иә «Тобылды» дәл бұлай меншіктегеніңді есітсем, әшкиім сынып қалсын!:))))
aktobe88
Енді… салыстырдың сен де Ақтөбемен. Ақтөбе кім, Галатасарай кім, Ақтөбені айтпасам да біледі ғо, біз, тойыс менікі екенін:-))))
Ақтөбені иә Тобылды... хехехе, шын Ақтөбенің жанкүйері тобылды меншіктегенін қашан көрдің.
TERISKEI
пилологым-ау, не, немесе, иә дегендер шылау емес пе еді? :))))
aktobe88
білем ғо, басқасын айтсаң другое дело, тобыл дегенің не дим? не, сен менің грамматикама veyahut морфологияма күмәнданып жатсың ба не?
TERISKEI
veyahut — осы сөзді сіз де Зере, АКУ ханымдарша анықтамасын айтып жіберсеңіз бақыттан бас айналып, «Еділдің бойын ен тоғайлап» кетер ем…