Адам үшінші, төртінші көргеннен ғашық болады деген қағида жоқ
Бұл менің сөзім емес. Бүгін ғана премьерасы болған «Жаужүрек» спектакліндегі Ерлан Біләлдің сомдауындағы Балуан Шолақтың орыс оязының қызы Татьянаға айтқаны.
Премьераға әріптестерім жүр-жүрлеген соң, театрдың ауасын жұтып келейік деп жүріп бергем. Көріп шыққан соң көңілге келген ойды блогқа бағыттауды арасында езуімізге күлкі мен ой үйірген соң осы сөзден бастауды жөн көрдім. Әсия әріптесім сияқты майын шақпаспын. Бірақ осы қойылым туралы аз-кем әңгіме.
Ә, дегенде музыкасы әдемі басталғанымен актерлердің ойыны сұрықсыздау сияқты. Халықтың жәрмеңкеде жүргенімен ашылады сахна. Бірақ шулаған халықтың іс-әрекетінен жәрмеңкенің исі сезілмеді. Артынан ауыздарынан айтылған соң барып ұқтық жәрмеңке екенін. Сосын ары қарай туиттер тізбекпен айтсақ былай, жәрмеңкеде Балуан Шолақ пайда болады. Ғалия ғашығы келіп шапан жабады. Оны Балуан Шолақтың өз әйелі қызғанып, суға кетем деп тұрған кадрлар. Сосын орыс переселендерінің қоныс аударуына қарсы болған халық… Осыдан ары қарай нақтырақ.
Орыс переселендерінің қаптауына кіжінген Балуан Шолақ орыс ояздың үйіне келіп, переселендеріңді қайтар деп, аттан салып, біраз қиғылықты салады. Бірақ ояз ақырып, Балуанды үйінен қуып шығады.(Осы ояз тым жасық болып көрінді. Асылбек ойнады ояз болып. Қиялилау ма аздап.) Одан әрі ояз пәрменімен Балуанның ауылдастарын ұстап, темір торға тоғытады. Досы екеуі қалған Балуан Шолақ, қасында шала ғашығымен пәуескелетіп жүрген жерінен ояз қызы Татьянаны тұтқындап, оязға талап қояды. (Татьянаны ұстаған жерде байғұс орыс қызы бажылдап, мені қайтесіңдер дейді. Балуанның серігінің осы жердегі әй тұра тұршы, саған ештеме істемейміз, жіпті шешіп алайын деп қарапайым мінезбен айтып тұрғаны еріксіз күлдіреді).
Балуан Шолақтың досы арқылы хатты алған ояз қызы үшін Балуанның талабына көніп, елді босатып, өзіне еркін жүруге, переселендерді қайтаруға мүмкіндік береді. Үш күн Балуанның тұтқынында болған Татьяна оған ғашық болып соңында қимай қоштасады. Бары осы. Жалпы Балуан Шолақтың азаматтығы, сал-серілігі, балуандығы, әншілігі айқын көрінген. Тек бір ғана но. Балуан бабник болған екен ғой деген жаман ой қылт ете қалады, көріп отырып. Спектакльдің басында жәрмеңкеде Ғалия шапан жауып, өлең айтып кеткен соң, оған ғашықтығын білдіреді. Тұра қашып жүрген әйелі тағы бар (Әйелінің бейнесі ашылмай қалғандай) Үш күн жүрген Татьянаға біраз әуейіленеді. Қасымда отырғандар осыны айтып сыбырласып отырды. Басқасының бәрі дұрыс.
Сахнаның безендірілуі, Ермек Елгезеков жазған музыкасы, жарық ойдағыдай. Айтпақшы маған ұнағаны осы спектакльде әнші Салтанаттың Татьянаны сомдағаны болды. Кәдімгі Арнау дуэтіндегі Салтанат Бақаева. Шіркін лайфта өстіді, қазақты менсінбейтіндей сыңаймен орысша сөйледі ырбиып деген сыбыс өсектерді естіп қарным ашып жүргендей еді. Ойым 180 градусқа өзгергендей болды. Бүгінгі мен көрген Салтанат басқаша. Рөлді әдемі сомдады, өзінің түрі сияқты сұп-сүйкімді қып. Қазақшасы да қатып тұр. Орыс мінезін байқамадық.Тіпті гүл ала келмеген екем деп өкініп қалдым. Арам ой кеткен жоқ, ойынына риза болдым. Ерлан Біләл де басты рөлге лайықтылығын көрсетті. Айтпақшы көгілдірлер де көрініс бергендей болды арасында. Дулыға мен Асылбек ренжімесін. Мен қазақты бір шыбықпен айдап, айғайлап тұрған орыс оязының мінезін көрмедім олардан. Қатынына қарап жалтаңдаған біреулер. Мүмкін Дулат ағамыз оларды солай көрсеткісі келген де шығар сценарийде. Ол маған беймәлім.
Айтпақшы қоюшы режиссер Есмұхан Обаев. Спектакль аяқталған ұзаааақ қол соғылу арналды ол кісіге. Көп көңілінен шыққан болар. Өз көңілімнен 65 пайызға шықты. Неге? Өйткені бұрын көңілге тым қатты ой салған спектакльден ойланып, толғанып шығушы едік. Немесе бас кейіпкерге еліктеп, көңілге көп ақпарат түйіп шығушы ек. Бұл жолғы Балуан Шолақтан алған ақпарат аз. Театрға кітаптардан оқыған Балуан Шолақпен кіріп, сол Балуан Шолақпен шықтым. Жо-жоқ мүлдем жаман деп ойламаңыз, жалпы ұнады. Көруге кеңес берем.
Бұл не қыртып отыр деп түсінбей отырғандар үшін. Бұл премьера бүгін Алматыдағы қысқартыңқырап айтсақ М.Әуезов атындағы театрда қысқаша айтсақ әкем театрда болды. Балуан Шолақтың өміріне арналып жазылған пьесаның авторы Дулат Исабеков, қоюшы режиссері Есмұхан Обаев, музыкасын жазған Ермек Елгезеков, Басты рөлдерде: Балуан Шолақ – Ерлан Біләл, Татьяна –Салтанат Бақаева т.б. Көріп, жазып отырған – мен. Оқығандарыңызға рахмет!
Соңы.
Күштііііііііі деп Айнұрша немесе кетч деп Сатыбалдыша нетем десеңіздер мархабат. Астында пікір қалдыру деп тұр. Қалдырмасаңыздар да реніш жоқ. Сөйлемдердің не ғып, нетіліп тұрғанын өзім де сезем.
Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/04/09/%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bc-%d2%af%d1%88%d1%96%d0%bd%d1%88%d1%96-%d1%82%d3%a9%d1%80%d1%82%d1%96%d0%bd%d1%88%d1%96-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d0%b3%d0%b5%d0%bd%d0%bd%d0%b5%d0%bd-%d2%93%d0%b0%d1%88%d1%8b%d2%9b/

dal kai jerinde aitty osyny? sol kyzyk bop tur :)
айтпақшы заложницалардың ғашық болып қалуы тек бұл шығармада ғана емес, иә? жалпы сондай бірдеме бар, көп кинолардан көрдім :)