Эстафета. Сникерстен ала отырыңыздар

Женщины едят за разговорами, мужчины разговаривают за едой.
Малькольм де Шазаль


Негізі мен осы жерде отырған бір топ еркекті сотқа бере аламын. Моральдық шығынымды өтеп беріңдер деп. Күні бойы қанды іштіңдер тамақтың неше түрін көрсетіп. Ернұрдың сірнесін көргенде есім кәдімгідей ауып қалды.
Жарайды, бұл кедір-бұдыр лид болсын.
Патик кезек сенікі дегенде, басыма небір ойлар келді. Небір болғанда, не ғой, естігеннен-ақ аузыңның суы құритын алуан-алуан рецептер емес, алдарыңа не тартамын деген жымысқы ой.
Содан не керек, аласұрып жүріп асхананы жарып жібере жаздадым. Абырой болғанда, есіме алдында әйелім екеуміз жасаған бір конфеттің рецепті түсті. Басында жаңғақ аршып, кәмпиттің құрамдас бөліктерін араластырып (қазір түсінесіздер) жүр едім, соңғы рет тұтастай өзім жасадым. Төрт жыл жатақханада тұрып, тамақ істеуді үйрене алмай кеткен мен үшін бұл жетістік (күлмеңдершиш, е).
Сонымен алдымен жеміс салатын татып шөл басып, артынан сірне піскенше, болонез спагеттиімен тоқ басып, шоққа картоп салып, нанға аймақ қосып соғып алып, оған тоймай картоп пен майшабақ жеп отырғандар, десерт ала отырыңыздар. Атауы: «А-ля Сникерс»!

Оны былай жасайсыз:

300 грамм құрғақ сүт.
Какао ұнтағы (екі ас қасық)
30 грамм сары май
50 мл қаймақ немесе сүт
400 грамм жаңғақ (грек немесе арахис, бәрібір)
1 стақан қант.


Алдымен қантты, какаоны және қаймақты (немесе сүтті) араластырамыз. Пайда болған қоймалжың дүниені күйіп кетпес үшін араластырып отырып қайнатамыз.

Қайнаған соң, оттан түсіріп алып, оған тазаланып, қуырылып дайын тұрған жаңғақ пен сары майды қосамыз. Сосын мұны да араластырамыз. Араластыру барысында құрғақ сүтті біртіндеп қосып отырамыз. Уақыт өте келе, қоймалжың дүниенің қоюланғаны сонша қасық жүрмей қалады (бастан өткен). Қайтпайсыз, қолмен араластырасыз. Әжептеуір қою қоспа пайда болуы керек.

Пищевая пленканы жайып, үстіне қалған құрғақ сүтті жаймалайсыз. Сосын әлгі қоспадан қолмен дөңгелетіп домалақ кәмпиттер жасайсыз. Жабыса беретін болса, аздап қолыңызды дымқылдап алыңыз.

Жасап болған соң, үстін жаңағыдай пленкамен жауып, бір-екі сағатқа тоңазтқышқа салып қойыңыз.

Осы. Мен бұған жарты сағаттай уақыт жұмсағам. Негізі бұдан да аз уақыт кетеді дейді.

Мынадай болуы керек (сурет интернеттен, менікі әдемірек болады негізі):



Эстафета оқтауын Нұрғисаға лақтырдым.
Бөлісу:

60 пікір

Aikona
Мәссаған біздің жігіттер шетінен аспаз екен ғой :). Даже мұндай жасау менің қолымнан келмейді. Жарайсыңдар жігіттер!
Abilakim
Сникерстен дәмді болар деп ойлаймын. Жеңгелеріңе (келіндеріңе) жасалу жолын оқытып алайын)))
qisyq
Дым да қиын емес, қыздар жігіттер. Маған басында мүмкін еместей болып көрінген, бірақ, тез жасалынады. Сосын керек дүниені де тез табуға болады, кез келген дүкенде бар.
sammita
«Пайда болған қоймалжың дүние»
сарғыш, қоңырқай түсті болады ғой ия:)
Қисық маладес! Жасау керек.
qisyq
Ия, дәл айттың. Жасап көр. Өте дәмді.
omarbirat
Сникерсті жылы температурада жұмсарғанша ұстап, сосын осындай қылып домалақтай салса болмай ма? :))
sammita
болбойт. Кейбір торттарды да осылай салқынға ұстау керек белгілі бір уақытта. Демек шарты солай.
Nurgisa
Ия, дәл айттың. Жасап көр. Өте дәмді.
:)))))
patick
жасап көру керек екен
qisyq
Сөйт. Жеңгейді бір таң қалдыр.
VKM
Мен де бүгін жасаймын, суретін ілемін сосын.Мяяя, күштісіңдер ғой, неше түрлі тамақ істейиін)))
qisyq
Сен үйленгенсің бе, әйелің бар ма?
madlen
Aieli bar nesi? VKM kyz goi :(
qisyq
Жеміс салаты

Бүгін мен жаңа эстафета бастайын деп отырмын. Бұл эстафета тек қана еркектерге арналған, үйленген жігіттер асханада не істей алатынымызды көрсетіп, басқалармен тәжірибе алмасайық. Эстафетаны алушы «лібә, кетнақ мен үйде тамақ істемеймін» деп айтып, басқа біреуге сілтеп жіберуіне толық құқылы. Сонымен мен бастайын.

©asaubota
madlen
VKM korse, jylap kalatyn boldy…
VKM
Хехе, жыламаймын)))
VKM
Жоқ, мен осы тақырыпқа, пікірге дегенмін(((вход только для белых болса,қайтеміз енді… жәй жасаймын да жеваламын)))
qisyq
Бізге де берші жеп отырғаныңнан.
satibaldi
Орысша ойланып кетіп тұздап қойма.
VKM
Асқабақ болсаңыз да күшті істейді басыңыз. Играли, угадали©Поле чудес
madlen
Kunine kak minimum 1 ret jeimin snikersti :)))
osyndai zat istep jegen jaksyrak wygar…
sammita
сникерс өте зиян. Мынадай сүттен жасалғанды жеңдер.
madlen
bilem goi, jumystagy kyzdar jei berme dep midy jeidi…
jegim kep turad :(
monti
менде жақсы көрем сникерсті, ...құрамын жасалынып жатқанын көріп жатпаған соң :)
ал мында калори. көп сияқты ғо ;)
бірақ кейін пикникке шыққан кезде Қисық жасап ап кесе дәмін көрер едім)))
qisyq
Өстіп, қораға тыға саласыңдар ғой. Жарайды, жасаймын. Бірақ, сосын менімен қырылысып жүр ме, не алып келгенсің деп)))
sammita
формасын өзгертіп жасауға да болады әртүрлі қып:
(73.07 Kb, 500x380)
qisyq
Не мынау!!!?
sammita
Сникерстің формасына келтірген түрім ғо:)
Erlan
Жапондықтар тірілей маймылды отырғызып қойып, миыннын қақпағын ашып, ми палау істейді екен. бұлда бір тамақтың түрі болса керек
qisyq
Осы тамақтан кейін жоғарыдағы сникерсті жеуге рекомендеймін.
Erkekyz
Маймылдын не катысы бар?((
әп-әдемі десертті құртып.(
Ottegin
Дегенмен түсі жаман екен)))
qisyq
ненің?
Ottegin
«а-ля сникрстің»
qisyq
Копрофилия бағытындағы порноөнімдерді жиі тұтынасыз да.
satibaldi
300 грамм құрғақ сүт.
Какао ұнтағы (екі ас қасық)
30 грамм сары май
50 мл қаймақ немесе сүт
400 грамм жаңғақ (грек немесе арахис, бәрібір)
1 стақан қант.
Мынаған кеткен ақшаға көшеден борщ ішіп келуге болатын сияқты…
konvict
Бұған кеткен ақшаға қаншама ролтон жейсің
sammita
Мынаның дәмі қандай екенін білмедім, бірақ бұл кәдімгі тәтті картошкаға қатты ұқсайды екен.
(36.57 Kb, 500x333)

(79.03 Kb, 400x362)
satibaldi
Қыз басыңмен, Жаңа Жылдан қалған Баян Сұлудың кәмпиттерін микшермен езіп, үстіне өтірік жаңғақ жағып қойғанын қалай байқамай тұрсың? Картоп дейді ғой нақ.
qisyq
Картоп қо енді)))))
konvict
Түрі аздап біртүрлі көрінеді екен.
bindis
maaaa dostar magan kalai blog kuru kerek ekenin uiretindershi, otinem.
konvict
Қандай блог керек? Вордпресстан ба?
omarbirat
Сайттың жоғарғы жағындағы (2.76 Kb, 196x64) деген түймені бас та, ары қарай нұсқауларды орындай отырып, қалаған нәрсеңді жаза бер. Құттықтаймыз! Сен — блогшысың! :)
bindis
men ondaidy tusinbeim goi
vordpress degen ne?
konvict
Сен қандай блог ашпақсың? Жекеге жазшы
bindis
sosyn reitingimdi kalai osiruge bolad
konvict
Рейтингіңді өсіру үшін алдымен пост жазып оқырмандардың бағалауын күтесің. Ең дұрысы рейтингке көңіл бөлме
a63a1
реитингтің өскенін кайтесің ә?
konvict
Жаңа келгендерге жабыла кетпеңдерші. Үйренеді ғой келе-келе
vebred
қайткені несі, мақтаныш емес пе
bindis
agylshynsha anderdin sozin jazain dep em, sosyn klip, muzyka salgym keled. sosyn ozimnin jasai alatyn salattarymmen boliskim keled
asaubota
Димаштың жазбаларын эфирге шығара отырайық. Бүгін туған күні оның.
vebred
Эх, керектіктер-ай, қиын болды, сендерсіз қалай болар екен-ә, бала бағып, интернетке жазу мүмкін емес шығар, деп уайымдап жүрмін)))), біреуін точно ұмытам ғой