Эстапета. Балықбастар, тойыс балық аулаудың маньяктары аман болсын.
Әбіләкімнен эстапета оқтауын ала салып, іске кірісіп кеттім. Әрине виртуалды түрде. Тушонкі қосылған макарон мен бичпакеттің дайындалу әдісін үйретпей-ақ қояйын, оны бәрі білетін шығар.
Бүгін қолымнан келетін балықтан жасалатын тағам түрін көрсетемін. Виртуалды түрде деп айттым ғо, ептібаймат. Сондықтан, ойша елестету қабілеттеріңді іске қосыңдар.
Селедканы бәрі білетін шығар. Қазақша майшабақ екен. Тіске басуға таптырмайтын құрал, құралы нес, тамақ. Оны алқаш амиголар жақсы біледі. Сонымен, бүгінгі тағам:
1. Картоп пен майшабақ.
Базарға барып, екі штук темекі сатып аламыз да, балық сататын бөлімге беттейміз. Ол жерден сібежиін, майлысын, тұздалғанын таңдап, екі штук майшабақ сатып аламыз. Үйге әкеліп, бір жуып аламыз да, терісін пышақтың ұшымен тазалаймыз. Яғни терісін етіне зақым келтірмей сыпырып алып тастау керек. Ол шұқыма жұмысты бастамас бұрын пешке бір кәстрөл су қойып, ішіне алты-жеті штук картоп саламыз. Аршылған картоп, ептібаймат! Сосын тазаланған пиязды екіге бөліп, картоппен бірге саламыз. Бұл картоптың дәмін келтіруге жақсы. Су қыза бастаған кезде тұз себеміз.
Майшабақты жалаңаштаған соң, бірнеше бөлікке тураймыз. Оны жайпақ тәрелкеге әдемілеп салып, суға қайнатылған картопты да солай турап, селедкінің қасына саламыз. Содан кейін үстіне аздап шемішке май құямыз. Тағы бір сүйкімді момент: Шикі пиязды турап, үстіне себелеп қоямыз. Суреттегідей етіп көкшөп салуды ұсынбас едім. Бұзауларға да жейтін бірдеңе қалдырыңдар, нақ.
Тағам алма кезек принципімен желінеді. Яғни, бір кесек картоп, сосын бір кесек майшабақ. Екі картоп, бір балық жеп жүрмеңдер. Әйтпесе бір элементі екіншісінен бұрын бітіп қалады. Біреуі ерте таусылып қалса, кәйп бұзылып, тіске басуға дым таба алмай қаласың. Ащы пияздан да ауық-ауық күйсеп отыруды ұмытпағайсыңдар.
Мен екі адамға арналған порциясын ұсындым. Артық ауыздар көбейген сайын, сәйкесінше дозаны үлкейтіп отыру керек. Арақты да молынан алып қоюға кеңес берер едім.
ПыСы: Тағы кезек келіп жатса, балықтан жасалатын басқа тағам түрлерін ұсынбақпын, аспаздығынсс
Қолымдағы эстапета оқтауын Қисыққа беремін.

14 пікір