Эстафета: Спагетти болонез (Ет соусы)

Asaubota бастаған СМАК эстафетасының жалғасы.
Спагетти болонезі

Әріптесім үйретті. Бір рет вахтада, бір рет үйде жасағанмын. Бірақ үйде кухняда Альмира бастық.


Уақыттарын, граммдарын дәлме дәл білмеймін, біздікі на глаз.
Кастрөлге:

200 грам томат пастасы.
Жарты кило сиырдың фаршы
Екі-үш үлкен қасық кетчуп,
Сосын
4-5 сәбіз
Екі-үш бас пияз
(Төрт-Бес түйір сарымсақ)
Барлығын майдалап турап саламыз.

Сөйтіп үстіне 300 грам суық су құйып қақпағын ашып, төмен отқа қойып қайнатамыз.
Фарш үлкен түйнек боп ұйып қалмас үшін, оны ажыратып, қасықпен ара-тұра араластырып тұрамыз. Су буланған соң, қоймалжың қызыл (томаттан) масса болады. Сол қою қызыл соустың ішінде ет әбден қайнап піскенше араластырып, құрғап, асты жабысып қалуға сәл қалғанда отты өшіріп, қақпағын жауып қоямыз. Тұзды керегіңше саласың.

Ет соустың ішінде пісіп жатқанда, Басқа кастрөлге өзіңе керек мөлшерде вермишель, лапша қайнатып аласың.

Екеу де дайын болғанда, тайпақ тарелкеге вермишель салып, үстіне соусқа піскен етті сала қоясың. Болонез дайын.
Қажет болса үстіне суреттегідей сырды майдалап турап жіберсең болады.
Чикушкамен берген дұрыс ©
Келесі кезекті Satibaldi- ға бергім келеді.
Бөлісу:

15 пікір

madlen
асты жабысып қалуға сәл қалғанда
:)))

maaaa… sagan degen otnoweniem tipti ozgerip ketti goi :)))
Gastarbaiter
Маған деген отношениеңіз бар екенін білмеппін:))Сонда да приятны.
madlen
Boloniezdi katty jaksy korem prosto :)))

osy komentti jalgastyrmauga, ogan jauap bermeuge bolady!!!
Gastarbaiter
Көзіме әп әдемі қыздың кенеттен аузы үлкейіп, көзі адырайып, танауы едірейіп, құлағы қалқайып, қабағы тас тыржиып, тырнағы бүркіттің тұяғында түйіліп "Үніңді өшір ептібаймайд, коментті көбейтпе сука, мал енеңдіссс, осыдан бір комент жаз менің сөзіме, убью нақ!!!" деп қайтадан сиқырлана әп-әдемі қалпына келіп, аузынан шашыраған түкірігін салфеткамен сүртіп, шашын бір сипап, майысып тұрып, клавиатурға «Кхм-кхм, пағдон месье, осы коментті жалғастырмауға да болады» деп тыпыр-тыпыр теріп жатқан сұлу қыз елестеді:)))))
satibaldi
Лібә, адам жейін деп отырм мынадан кейін. Кешке салыңдарш тамақ туралы!!!
Nurgisa
Күшті екен, Гаста! Негізі ер адамдар кіріссе әр нәрсе осылай тап-тұйнақтай болады ғой. Тәбетті ашып жіберді мына болнез :)
Nurkoke
Жақсы екен, бірақ жарты кг фарш жалко болып тұр, лучше манты немесе түшпара жегім келеді.
Gastarbaiter
Бичпакет алып жей салуға да болады.
madlen
Estafeta tayakwasy tigende mantyny kalai jasaudy uiretiniz, jarai ma? :)))