эстафета : Сірне немесе бұқтырма


Мен эстафета күткен жоқпын айып етпессіздер! Эстафета ұсыныла қалған жағдайда не жазам қолымнан дым келмейд деп ойланып отыр ем кешеден бері. Сүйтсем есіме сап ете қалғаны :) Былтыр бір кабинетте отыратын ұжымдас достар болып отбасымызбен бірге кабинеттегі бір апамыздың (әпкеміздің кей жерлердің атауы бойынша)туған күнін табиғатта өткізгенбіз. Сонда осы тағамды өз қолыммен дайындап жұрттың алғысына бөленгенмін :) Ал енді сол тағамды сіздерге таныстыра отырайын. Бұл Атырау жағында сірне деп аталады екен.(Қайын жұрт жаққа қыдырып барғанымда балдыздарым істеп берді солардан бір рет көріп үйреніп алдым :)) Еліміздің кейбір аймақтарында бұқтырма деген атауы болатынын естідім. Сонымен ал дайындығын таныстыруға кірісейін сөзді қойып. Керек нәрселер мыналар: Бір семіз марқа (қазақы құйрық майы неғұрлым үлкен болғаны жақсырақ болады), Бес кило картоп, екі кило жарым сәбіз, жарты килодай жуа(честнокта косуға болады шамалап),үш дана капуста. Сосын үш дана приправа құрқақ пакетиктегі(қалауыңша говяжий, баранина, куриный т.б)Сосын мөлшерлеп тұз. Бірінші сойылып бұтарланған марқа етінің құйрығын жарты сантиметрдей жалпақ күйінде тіліп қазанның ең астына орналастырамыз түгелдей. Сосын оның бетіне слойлап еттер саламызда оның үстіне картоп, сәбіз, жуаларды орналастырып алып бетіне құрғақ приправадан тұздан себеміз мөлшермен шамалап. Сосын оның бетін жалпақ күйінде капуста жапырақтарымен жабамыз. Сосын қайтадан етті төсеп, жаңағыдай картоп, сәбіз, жуасын араластырып салып үстіне приправасын тұсын сеуіп, оның үстін капустамен жауып қайталана береді.

Мына суреттерден өздерің түсінесіңдер деп ойлаймын

дайындалу сәті




Қасымдағы көмекшім келіншегіммен де таныса отырыңыздар :)


приправаны себуде





Сосын дайын болғасын бетін дастарқанмен немесе целофанмен ауа кірмейтіндей қылып жауып, қазанның қақпағын жабамызда бетіне екі кірпіш қоясын бастырып былай:



сосын астына отты жағасын


Мұның жақсы жері ешкім қарап қасында қадалып отырудың керегі жоқ рахат :) Тек астындағы отты қалыпты ұстап арасында отын салып қоясын. Бір қалыппен жаймен жанған отта өзі ақ піседі керемет болып 45-50 минуттың шамасында ғана. Мысалы Шашлык істеу деген мазаны алады ғой жаз айларында отқа қақталып тұрасын қасыннан кетпей :) Ал енді бұрқырап дайын болған кездегі иісі қандай тамаша дерсің… Марқаның еті балбырап сүйек-саяғымен қосып жеп қоясын.
Мынандай болып бұрқырап тұрады ортада :)


Пы.Сы Айтпақшы ұмытып кетіппін ғой мен эстафетаны Әбіләкімге ұсынамын :)))
Бөлісу:

76 пікір

omarbirat
Бізде де сірне дейді. Жасау жолын таппай жүр едім. Осылай жасайды екен ғой, біліп жүретін боламыз енді :))
Abilakim
Кеттім, тағы тамақ ішіп келем…
omarbirat
Әбетке барайын десем, айлық кеше бітіп еді. Суреттегі тамаққа қарауға асқазан шыдатпай барады. Кеттім, темекі шегіп келейін… :)
edige
табиғатта істелген тамақ дәмді болады. Жас сырбаздың етінен болсаш… тағы. Сүйегіне дейін езіліп пісетін
П.С.: Шойын қазан сататындар болса хабарлассыншы. Қара қазанда жасалған тамақтың дәмі күшті болады.
ErNur
Ия бұйыртып керекшілер табиғат аясында демалатын күн туса осыны өз қолыммен дайындап берер ме едім :))))
Abilakim
Қойды да өзің әкеле салшиш))))
ErNur
Лібәдай мені қойға кәсякке кіргізіп қойғаның қалай??? :))))
Abilakim
Жоғи)))) Екі жарым килә сәбізді өз мойнымызға алған жайымыз бар)))
monti
кажся мини түрі Да*** бірдеме бов аталад :), Нұрғисаның блогынан көріп менде істеп көрмек болып, қызық шықпай қалған :(

марқа деген не?
ErNur
Қозы ғой кәдімгі қойдың баласы ше :)
Abilakim
тоқты деп түсіне бер
sammita
дәмләма ол бөлек қой. Үйде бар барлық көкөністі салып жасаймыз.
Сірненің ең бастысы қойдың свежий еті болуы керек тұтас, меніңше.
ErNur
Мұның неше түрлі жасау жолдары бар көрінеді. Вино құйыпта жасалатынын да естідім. Бұл менің көргенім ғой жасағаным
sammita
Монтиға жазған жауабым ғой. Ал сіздің сірнеге сөз жоқ.
Ет піскенше анау туралған картоп езіліп кетпей ме? Мүмкін турамай тұтас салуға болатын шығар ия.
ErNur
ия болады. Суретте көрініп тұр ғой анық
TERISKEI
"… Вино құйыпта жасалатынын да естідім." — мынауы халал емес екен :)))
ErNur
Біз сияқты кей кездері салауатсыз өмір салтын ұстанатындарға арналса керек :)
omarbirat
Тамақ дайын болғанша ол шараптың спиртінен ештеңе қалмайды ;)
Tarazkyzy
Дімләмәға келеті екен
Abilakim
Дәмләма деп аталатын тамақ осы тәрізді меніңше
edige
Абсалютпен берген дұрыс © дегендей болыпты соңында :)
VKM
Менің папам да істейді, біз жақта да сірне дейді.Майлы сондай… мен көбіне капустасы мен картобын теремін.)))
Abilakim
мен етін де қоса теремін, бірге бір ұстанымы жақсы
yerbol89
Базар жоқ ағасы! Рахмет! Жақында тауға шықпақшы едік балдармен жақсылап тұрып рецептін жазып алып істемесек! Өте дәмді көрінеді.
edige
Мал сойғанда «Сойған адамға» егесі малдың етінен «Сыбаға» ұстататын еді. Қай жері білмеймін. Соны берсе Ерекең барып та қалар бәлкім. «Шымшық сойса да қасап сойсын» деген ба сөз бар
sammita
азаннан бері «ет, ет» деп мазаны алдың ғой:))))
Erkekyz
Біз жақта бұқтырма дейді, менің сүйікті тамақтарымның бірі. Бұрын қуырдақ екеуін шатастырып ала беруші едім.)))))))
edige
Қозы, марқа, сырбаз, тоқты, ісік дей ма атаулар бар. Кім білсе де жазсыншы білсе "Қанша ай аралығындағы қойдың баласы қалай аталатыны туралы"
/Мені шопанның баласы деп унизить етті демеңдер бірақ/
ErNur
Едіге бұл сұрағыңа Әбіл жауап бере алатын шығар. Мен тракториcтің баласымын :)
Abilakim
Қозы, көкке шығып жетіле бергенде марқа, күзге салым тоқты.Бір жасар қойды ісек қой деп жатады меніңше.
Abilakim
Шопанның баласы болу қорлық емес
edige
ол бақ дегенім
edige
Менің вариантым: Тасынан айрылған қошқар болса керек ІСІК деген
Abilakim
Бұны екеуіне де қарата айта береді. Қысылған тоқтыларға да және ұрғашыларына қаратылып та.
VKM
мяя, мен қозы мен қойды ғана білуші едім… білім базама сақтап қойдым©
Abilakim
екі жасар қойды тұсақ дейтінін де қос білім базаңа
omarbirat
Бағлан, кепе қозы деп те жататыны бар. Аты көп мал өзі :))
monti
«марқасқа» деген сөз содан шыққан ба?
Nurgisa
Ереке, күшті екен мынауың! Жаз шықса Бурабай жаққа барсақ па деген жоспарлар бар. Қазанның мәселесі шешілер, жақсылап қойдың еті мен керек-жарағын шамалап, істеп көру керек екен. Оңай әрі дәмділер санатынан ғой мынауың. Асауботаның салаты мен Асқарбайтырдың болонезі нерівні шетте темекі шегіп тұр, десең иә :)
ErNur
Әбіл қойыңды да сүйрей кел деп қалды ғой :) Білмеймін енді Ақтөбеден қой жеткізуге мүмкіншілігі қалай болар екен деген қорқыныш бовотыр Нұреке :))))
Nurgisa
Ұрымтал шымшымасы ғой Әбілдің. Қазақстанда қой көп қой, Астанада да қой көп болса керек…
Abilakim
Қойдың ақысы да жетеді бізге…
Khan
Сірнені далада пісіріп жеген сіңімді болады. Сосын, іргеде су болса ас тарқататын…

Қазанның түбіне қойдың құйрығын жұқалап тіліп салатын еді ғой. Капустасын бетіне жауып дегендей.
Nurgisa
Дәл судың маңына қойыпсыңдар, ә, қазан-ошақты? Кемерінен асып, тасыған сәті болса керек. Желеңсіңдер. Астанаға кешірек келетін көктемі де кешеуілдеп кетті.

Анау ең соңғы суретте бәрің жарқырап отырсыңдар ғой! Кереметтей боп. Ана графиндегісі салқын, мұздай су шығар, күн ыстықта шөлді басатын…
ErNur
ия су ғой 40 градустық бірақ :))))
qisyq
"...қазанның қақпағын жабамызда бетіне екі кірпіш қоясын бастырып былай:" үш немесе одан көп кірпіш қойса бола ма, Ереке?)))
edige
:) Бөлме ішінде жасап жүріп «кірпіш тасы балам» деп қоясың
qisyq
Ол көтені жыртылып екі тәшкісін әкелген дисің ғо))))))))))
Abilakim
ищо тәшкінің дөңгелегі дұрыс айналмайды)))
ErNur
Енді нақты доказательство суретте көрініп тұр ғой :)))
sammita
кірпіш болмаса, екі адам отырады басып.
Abilakim
Немесе екі төсінің салмағы бірдей келіншек отырсада болады дәл ортасында
Abilakim
Мына тамақтарға сілекейім шұбырып отырып эстафетаны маған ұсынғанын байқамай қалыппын. әлде, кейін түзей салды ма екен. Мен бүгін тамақ істеп үйренейін… болмаса жеңіл желпі салат
KILYZAMAN
Кеттім ауылға… :-)
Erlan
Сыраны ішіп, суға түсіп, әбден қарның ашықанда, аш қасқырдай боп, піскенше арен шыдайсын, тарелкадан саусақтар, жер тырмалағандай болып қаласың, жақсы ғой Сірне.
alisha
Біздің жақта келген қонақтарын осылай сірнеге апарады. Менің қайынатам сірне дайындаудың шебері, ауылдағылардың көбісі /әкім қараларғадейін/арнайы тапсырыспен дайындатады. Негізі мұндағы негізгі ингрединет — марқаның құйрығы)))
ErNur
Қалай балдыз дұрыс істелініп пе екен? :)
alisha
+5! Дегенмен, дәмін татып көру керек!
Zilola
тәбетім ашылып кетті ғо, бізде көкке шығайықшы Алматылық ғаламторшылар :)
asaubota
бұл негізі оңтүстік жақтан келген жоқ па екен? бұрын жоқ еді ғой біздің жақта.
omarbirat
Біздің ауылдағылар да жасайды. Сөздің арасында «Бұны Талдықорған жақта жасайды екен» деп қосып қояды, сол сірнені енді өздері де жасап отырғандары қаперлерінде жоқ :))
ErNur
Ол жағын білмедім, мүмкін. Қазір біздің ауыл жақтағылар да істейді екен. Майда марқалардың алды дайын тұрған болар сірнелетуге :)
asaubota
жалпы біздің жақта ер адамның тамақ жасауы, қазан-ошаққа араласуы западлолау нәрсе ғой. мен өмірі, пахан, братандардың тамақ жасағанын көрген жоқпын. өзім студент болғанға дейін газды қалай жағатынын да білмейтінмін.
alisha
Сағызда той-садақада қазанды еркектер ұстайды екен… Таң қалдым… Кәуәпті ер адамдар дайындайтыны сынды сірнені де солар әзірлейді.
asaubota
бізде тойда, қонақ келгенде еркектер арақ ішеді, карта ойнайды, тамақ жейді. жас балдар қазан жаққа суын апарып береді, болды.
ErNur
ия солай, біздің бір брат (Жаңажол жақтыкы женгем) қайын жұртына бірінші рет барғанда күйеу бала қазанға бар деген ғой.:) Брат ашуланып кетем нақ деген ғо :) Содан қазаннан босатылыпты. Басқа бажалары істейтін көрінед
Nurgisa
Студент болғаныңа дейін газды қалай жағатынын да білмейтінің сен үшін ешбір "қошемет", абырой емес сияқты, қалай ойлайсың? :)))
asaubota
студент болғанға шейін мен үшін керек мағлұмат болмады сондықтан қызықпадым газдың қалай жағлатынына
Erlan
Шашлықтыда Сірнені де ептеп уйренівалдык, жакында жасағам Сірне дамділігі сондай, кім жасаған кім жасаған деп жатыр ))қазір ойласам Аузыңнын суы құрид
omarbirat
Қашан жаз болар екен. Сірне жасап көретін.
Erlan
Уйдеге Газ плитасына да пісерді, кузде жайма шуак кунінде шыккан жак сыгой, усіп шашырап, ыстық шай ішкенде бойын жылып.