Жаңбыр алдындағы беймазалық...
Жаңбыр алдындағы беймазалықты ұнатам….
Бір кісіден:
Ойыңды жалғайын: Жаңбыр алдындағы беймазалықты ұнатам, тып-тынық, бұлттар қойюлана түсіп аспаннан төмен түсіп жер бауырлайт. Қазір жел соғат, дауылға айналады біраз қалды… Аспанда ұшқан құстардан тазаланды… Табиғат бір мінезін қазір көрсетеді, түсінесің сол кезде бар екенін жаратушы күштің. Ауа суып кетті, тоңази бастадың. Кең дем аласың…
:
бәрі құрысын ішімдегі бұлқыныстар шығады ғой шығады…. терең дем алып қуанам ғой… Жұпар иісті айтсаңызшы, жұпар иісті… Мұрнымды жарып, мұрнымды жарып дем алдыратын… кейбір мұңайған сәттерімді еске салады ғой… тығылып сол жаңбыр мен жанарымда жылағысы келер еді… жоқ-жоқ онсызда аспан жылап жатыр өтініш менде қосылып жыламай-ақ қояйыншы….
(18:39):
Бар ма екен жер жүзінде жаңбыр тамшысы тамбаған? Бар. Бар ма онда жыламаған адам, жоқ. Жылап дүниеге келет адам. Жылаған сенің жүрегің тірі. Тіршілік иесі ғана жарата алат тірі жанды. Жыладым деп өкінбе. Өмір жалғасы бар. Еске түсір бар жаңбырдан басқа жел, тас, су, кок аспан…
(18:41):
әдемілік ай, әдемілік… осы сәтті біреумен бөліскің келеді…. ешкім жоқ… бәрі асығып кетіп бара жатыр… сен ғана жол ортасында қол шатырың жоқ тұрсың… оны іздейсің ол жоқ…. себебі бұл күй тек сенің ғана күйің… сенің беймазалығың…. сенің әлемің….
су болған көлегіңнен жаңбыр ағады сауғалап төмен, жалғайсың көкті (аспанды) жер анамен. Сенің әлемің бір тұтас табиғат анамен…. Көзіңді жұмсаң бір сәт, көзалдыңа елес келеді… Ақ көйлек киген ер адам жалаң аяқ жаңбыр астында атын жетектеп келеді… Көзіңді ашсаң алдыңа әлгі ер адам қол шатырын жоғары көтеріп саған келе жатыр. Міне жылы алақан беліңе түсті, сен оның көзіне қарадың. Қадамдарыңды бір басып жолдарыңды жалғастырдыңдар.
(18:55):
Жүрек іздегенін тапты….
Табиғат ана көмектесіп жіберді….
Өмірде қиялдағыдай болса ғой …………….
қол ұстасып жаңбырдан қашып, пана іздеп, тығылып жаңбырды күтіп бір біріңнің денелеріңмен жылынып тұрған сәттер.
kun wygyp, jer dunie jasaryp, tazalyktyn iyisin sezesin…
Kute-kute warwadyk koktemdi. Osyndai jazbadan son serpilip, jaksy konil-kuige engen kandai kuwti :)
Ауыр аяқты келіншектерге ризашылықпен қараймын — ӨМІРДІҢ АНАСЫ деп
Жүрісі жеңіл, ақ көбелектей, ақ көйлегі, ақ көңілі мен пәк сезімі бар әдемі қыздарды айтып ем. Гүлден гүлге қонған көбелектей құлпырған қыздарды сағындым…
Төпеп түрған нөсерге қарамай-ақ,
Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ.
Жалтыраған әдемі топылиын,
Кім біледі, жауыннан барады аяп.
Ойнақтаған далада қара көзім,
Еске түсіп кетті ме бала кезің?
Елең қылмай ешкімді барады өзі,
Жалаң аяқ жүргендей дала кезіп,
Еркін ұстап елігім барады өзін.
(Шыт көйлегі жабысқан кеудесіне)
Қарамасқа, қоймайды көрмесіңе.
Не келді екен сайтанның зердесіне?!
Жалаң аяқ сиқырға қарап тұрып,
Жалаң аяқ жастығым келді есіме!
Қара да тұр, қайтесің, қара да түр,
Бұлаң еткен бұл сурет қалады ақыр.
Жалаң аяқ…
Балтыры жалт-жұлт етіп,
Ғайып болып жастығым бара жатыр.
қазақшаға аударсам мындай сөздері бар:
Мені сүймесең жаңбырды сүй
Бұлттар жыласын, сен күл
Күн шықсын қайтадан
Кетіп барамын, жас көзімде
Естелігің қалды жүрегімде
Сен сүй жаңбырды
Жаңбыр жаусын үстіме
keibir nekorrektnyi koldanuwylarga jalovat'sya etem goi deim sizge, Arwat :)
некорректный қолданушылар тек менің достарым болып шықпаса болды ғой :)
kaljyndaimyn, jalovat'sya etu menin stilimde emes… deeeep koyain :)))