Құлыптағы дискотека немесе майтафон

Асанқайғының гаджеттерін оқып отырып бір жастық шағыма саяхат жасадым. /Улкен алғыс саған/. Ауыл ортасындағы шілдеде малдар көлеңкесінде пысылдап тұратын клубымыз бар еді. Бірақ біз оны "ҚҰЛЫП" дейтінбіз. Аспан асты, типа, «КОЛИЗЕЙ». Үнді филмдерін қоятын Дядя Ваня /Дядвань/ ағайымыз мың жасағыр қолы гүл пенде еді заманының. Біз үшін ол техниканың пірі. Үнді фильмдерін қоя беріп әндерін жаттап алған. Қазірде шал. Бірақ көңіл шіркін «ДЖИМИ» Тойыңызға шақырсаңыз 1 жартыдан кейін ән салмай кетпейді. Үлкендер сол Дядванның уралына мініп алып дранаж жаққа кететін. Сөйтсек ол бір жартыға порно фильмдер қояды екен үлкендерге.
Менің айтайын дегенім ол емес. Майтафон дейтінбіз /Магнитофон/ кезінде иықтан жерге түсірмей жүретін. «Ласковый май» ХИТ № 1 «Белые розы». Сол кезіміздің магнитофондары бірінен кейін бірі сатылай шығып, ала алмағандардың арманына айналған магнитофондар тізімі:

«Волнамен» 6 волттық аккумлятоды қоса көтеріп жүргенбіз.

«Весна» 12 Волттық аккумлятормен қосса ұзақ уақыт айтады.

«Романтик» Заманының нағыз ШЕДЕВРЫ болған. Талай құдашалар сынған ауылға кілем тоқуға келген

Көтеріп жүру ғасыры аяқталды. «Маяктың» бір кереметі сым жалғап дистанционный етуге болатын. Қолмен басып айналдыруға өте ыңғайлы, жылдам.

Талайы ала алмай кеткен 2 кассеталы «НОТА». Көбіне «Студия Звукозаписьтерде» болатын.
Жастық шіркін десейш...Қазіргінің mp3-і не ол титімдей ғана.
Бөлісу:

35 пікір

Abilakim
Иә, менің ағам да құлыпта дискотека қоятын. Аппаратуралары бар еді, үйдегі бір бөлме калонкалар, усилителдермен толып тұратын. Мына мафондардың көбін сол кезде көріп ем… Русь деген де болды мынандай
kaztarih
біз де сол «Мапон» деуші едік, келмеске кетті-ау ол бейшаралар да мұражайларға экспонат болып :)
asaubota
Романтик еді ғой мафонның құдайы. кейін двухкасетныйлар шығып, үйінде Романтигі барлар шамалы черттау болып қалғанбыз анаған қызығып…
Nurgisa
Мына «Романтиктің» сарысы болушы еді бізде:

(92.79 Kb, 550x287)

Екі әпкем үйде «уборкі» жасап жатып, «Балам, балам, жан балам, айнанайын жытыңдан, Елиң аман болсун деп, Атыңды қойдым Еламан» дегенді бақыртып қойып қоятын ағам. Кейін «Шинанай да яврум, оппа шинанайлар» шықты… Ээхх…
edige
Файнафайииинафайнана, файфайфайнафаинафайййна десейш шіркін жаңылтпаштай:)
sammita
иә, осының сарысы болды бізде де. Ақ сәулем ғой біздікі:)))
edige
Ауылды жерге кілем тоқуға барғансын ба Саммита ханым?
sammita
біздің жақта кілем тоқымайды:(((
edige
Баяғыдан тоқымайды ма? не төсегенсіздер шет ел кілемдері келгенше
sammita
киізден басқан, түрлі-түсті етіп бояп. Құрақтап көрпе тіккен. Мүмкін ертеректе апаларымыз тоқыған болар, мен ес білгелі көрмеппін бірақ. Алаша, кілемше, бөстек көрпе, құрақ көрпелер бар.
ErNur
Не жаздым мен жаным саған??? ғой біздікі :)))
edige
Алтаевтар мен Ибрагимовтер жанұялық ансамблі- АНСАМБЛЬ еді. Газ 53 мен алып келетін. Біз О О О О О О! дейтінбіз қуанып, тізеге дейін шаң бірге жүгіретінбіз сол көліктен алдын келмесек.
omarbirat
Братаным ауылдағы магнитофон, телевизорларды жөндеп жүретін. Соның арқасында небір магнитофондарды көрдік қой :)
Үйде «Электроника-302» болатын.
edige
Ауылдағы есікашарға плюсовкасын қосып, тек қана ішіп кететін «Ауылымызға еңбегі сіңбеген Амиголарға» қарағанда экономды еді ол кез.
Erlan
Романтика болган, Руки вверхтиин Студентин, светик мой светлана, наташка ты играеш прятки деген олендерди есимдекапты
edige
Романтиканы желкеде көтеріп жүргендер керектіктердің арасында аз екен. Шал болған деген осы.
sammita
қой, ол алдыкүнгі әндер ғой:))
konvict
Байғыда бір «ООО шинури» ма, әлде қандай бір өлең болушы еді. Толық есімде емес соны айтатынмын. Одан кейін ақ патшадан бастап СССР басшыларын айтатын өлең бар еді ғой. Соны да ұнататынмын
edige
біріншісі Ялланың орындауындағы «Жинури» әні.
Нұрмұқасанның орындауындағы ән болса керек екіншісі
Nurgisa
Мафондағы кнопкалардың оң жақтағы соңғы екеін бір мезетте бассаң, «запись» болатын. Ағам бірталай тәп-тәуір кассетаны солай құртып еді, нәп-нәрмәлни ән айтылып келе жатады да, ортасына келгенде тоқтап қап, ағамның өмір жайлы толғаныстарын, кірістірмелерін тыңдайтынбыз.
sammita
:))))))))))))))) сонда не жазады өмірбаянын айта ма:))))
Nurgisa
енді, ол кезде блог жоқ, інтірнет жоқ… мұң һәм шерін тарқату құралы болса керек қой, әдірәңқалғыр. Бірталай кассета кетті сондайдың құрбаны боп…
edige
Мектеп бітіретін кезде кластастар ішінен катттыыыы араласатындар бір үйге жиналып алып, жеке-жеке кассета алып, естелік үшін дыбыс жазатынбыз. Қазір қайда екенін білмей де қалдым.
«Естелік деген еске алу, болашаққа жол салу, Қыздығой, оқуға түсуіңе тілектеспін, біз сені ұмытпаймыз....» деп жыларман халге түсіп… /Оқудан дәнеңе де жоқ, қазірде туудан алтын медаль алған дәу қатын болған Шұбарсуда тұрады/
Nurgisa
:))))))))))))))) Қыздығойдан көңілің қалған сыңайлы ма… Шұбарсу кезінде дачалы учаске еді, қазір оралмандар қоныс теуіп жатыр, дені.
sammita
:))))))))
естелікке дыбыс жазу дегенді алғаш естуім:))))
Қыздығой+Едіге=лубофф:))
edige
Біз өз заманымыздың продвинутилары едік, клубтан ұрлап шыққан гитаралармен топ құрып өзімізше. Естелікке дыбыска фон да берген едік гитарамен.
Барлық қыздарды кимай қоштасқанбыз просты. Либоп тут не причем. Сабақты жақсы оқитын қыздарға қызғанышпен қарайтынбыз, анау жүріп жур ау дейм мынаумен деп. Казіргідей «Давай» дей салу жоқ тұғын
Nurgisa
Иә, старшактар сыныптас озат қыздарға тұтқиылдан шап берсе, ішкі протестің керемет жойқын болатын. Бірақ физикалық тойтарыс бере алмағандықтан, әщки киген озат сыныптасың физиологиялық тұрғыда сенен дамыңқыраған жоғары сыныптың жігіттерін «басшылыққа» алады. Ал сенің елесіңде сол отличница…

Отличник жігіттерге де солай қараған ба екен қыздар, қызық…
edige
Сондай кезде Дядванның кұлыпта қойған "Үнді филміндегі" Джими батылдығы менде болса ғойййй деп армандап қоявересін
Gastarbaiter
Мынандай бобинник бар әлі біздің сарайда жатыр,
Мынау да жатыр сарайда:


Сосын мынаған ұқсас Медео деген радио-магнитола болатын. Мусорға кетті.

Жапонияға барып келген ағам Панасоник деген «двуққасетнік» алып келген.


Нағашы атамның үйінде мынадай БиБиСи — тыңдауға болатын супермегарадиоласы бар еді,
sammita
анау сарайда жатқандарды өзбектер алмады ма?
edige
Қайдағы бибиси? Қазақ радиосы мен орысты тыңдайтынбыз
Gastarbaiter
Школьник детектед. Ол на то и радиола, что шетелдік радионы да ұстайтын. Араб, француз, қытай тілінде сайрап жататын.
omarbirat
Былтыр күзде Тараздан әлі қолданыста жүрген «Медео» магнитофонын көріп едім :)
Gastarbaiter
ОЛ енді соңғы буын майтафоны ғой. 90-шы жылдары сабан ақшаның кезінде 80 мың сомнан сатқанбыз.
asaubota
ана біріншісімен жазылған менің запистерім бар. пахан жазып қойыпты менің орындауымдағы Учкудук, Миллион алых роздарды. соңғы радио да болды, жақсы ұстайтын.