Джеки Чан өзінің 100-ші фильмінің тұсауын кеспек


Жақында ғана оның өлімі жайлы Интернет біраз шулап еді, қытай жұлдызы, шүкір, аман-сау, тіпті өзі түскен 100-ші фильмінің тұсауын кеспекші екен, оның көбінде өзі басты рөлдерде ойнаған. Фильм 70-ке жуық танымал кино-жұлдыздардың басын қосып, «1911» деген атпен әлемге ұсынылады.

Джеки Чан, бұл фильмде тарихпен қоса, соғыс, экшн, романтика қосындысы болады деп жобасымен бөлісіпті. Оның негізіне Қытайдың феодалдар әулетінің құлдырауына әкелген Синьхай Көтерілісі (1911) жатпақ. Фильмде ойнаған атақты жұлдыздардың ішінде Джоан Чень, Ли Бин Бин, Уинстон Чао, Джейсиді (Джеки Чанның ұлы) атап өтуге болады. Қытай киноэкрандарына 26 қыркүйекте шығады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар АҚШ-та да көрсетілім жасалуы мүмкін дейді, өйткені Well Go USA дистрибьютерлері Солтүстік Америкада көрсетілу құқығын қазірден сатып алып қойған екен.
Бөлісу:

51 пікір

omarbirat
Осыдан 2-3 жыл бұрын жүзінші фильмі шығады деп шулап жүр еді. Енді шығатын болған ба? :))
Zere
Білмеймін. Мында тіпті постерына да жазып қойыпты. :))
Abilakim
олар ол кезде 100-ді қоя тұрып 101ді түсіріпті
omarbirat
Бұл Шикіжан бырат фильмдерінің санынан өзі де жаңылысып қалған болса керек қой :))
Nurgisa
Енді, мысалы, Час пигінің әрқайсысы бес киноға татыса…
Abilakim
Иә, бұл кино танымалдар мен малдардың басын бір қоспақшы… 70 ке жуығы көп екен негізі…
Zere
Қытайдың санын ескерсек, танымал жұлдыздар саны да біраз баршылық екені сөзсіз. Әйтеуір өзім Джеки Чанды ғана танимын.
Nurgisa
Ана суретте Досхан Жолжақсыновқа ұқсап кетіпті :))))
Abilakim
/Досхан Жолжақсыновқа ұқсап кетіпті/

Ойлап қоям Досхан аты Жолжақсынов памелиесі емес пе деп… Джеки туралы екен ғой әңгіме)))
omarbirat
Джоан Чень
Твин Пикс?
Ли Бин Бин, Уинстон Чао, Джейсиді (Джеки Чанның ұлы)
Джеки Чанның ұлынан басқасын білмейді екенмін :)
satibaldi
Қой, онда 97-ақ фильм ғой.
Zere
Сіз Джеки Чаннан көп білесіз ғой. 97 болса — 97 болар… ))
omarbirat
«Armor of God 3: Chinese Zodiac» фильмін түсірмек болып жүрген еді. Сонысы не боп кетті екен… Біраз бөлігін Қазақстанда түсірмекші болған еді.
Zere
Интернеттен мәліметтер іздеп көріп едім, түсірілім болатыны жайлы хабар бар да, біткені жайлы жоқ. Соған қарағанда аяқталмаған, не басталмаған болып тұр ғой.
edige
Біздің теле индустрияға берген жаңалығы: Кадрға енбей қалған жерлерді көрсетіп өту.
konvict
Бүгін керек дұрыс жұмыс істемей тұр. Почтаға да хабарлама келмейді. Пікірлер де ауыспайды. Неге?
Zere
Білмеймін, менде бәрі норм. істеп тұр. Бәлкім көп жазып, оқып үлгермей жатқан шығарсыз. ))))
edige
жеке байланыс орын не үшін? хабарласып көр. бізде норма
kaztarih
Джеки Чан әбден байып алған соң Голливудтықтардың өздерін киноға түсуге шақырып мақтанып отыр..Өзі бір кездері голливудта күлкі мазаққа қалған емес пе еді…
patick
Ол қай жерде (мейлі АҚШ, мейлі Азия) киноға түссе де, құр жүрмей өз ұлтының мәдениетін насихаттаушы, ұлттық құндылықтардың жанашыры рольдерін сомдап жүреді. Сол үшін де ырысбек оған.
Erkekyz
Дұрыс қой, жасы болса келді, енді баяғыдай трюктар жасап ойнау қайда, енді сапалы фильм түсіргені абзал сияқты.
Өмірімде сол кісінің бір қолын алып қайту керек еді деп ойлап қоямын, ойымда бар, нақтырақ айтсам арманымда шығар.
konvict
Өмірімде сол кісінің бір қолын алып қайту керек еді деп ойлап қоямын, ойымда бар, нақтырақ айтсам арманымда шығар.
Ол меніңде арманымда бар
patick
Фильм 70-ке жуық танымал кино-жұлдыздардың басын қосып, «1911» деген атпен әлемге ұсынылады.

Бірақ ішінде Джет Ли мен Чоу Юн Фат неге жоқ?
omarbirat
Саммо Хунг пен Юень Бяоны қоспағаны тіптен ұят болған екен :)
patick
Саммо Хунг екеуі қайда жүрсе де бірге таяқ жеп жүретін еді. Расымен де ұят болған.
Саммо Хунгтың фонында Булу Янг «мені наққа шақырмадыңдар» десе артықтау болар еді.
Gastarbaiter
Байғұс Болоның Яңның аты мен фамильясын қорламаған адам қалмады.
patick
Үнемі «банды» болып ойнайтын еді ғой. «Біздікі» бірақ ең соңында әрең дегенде жеңеді :)
Gastarbaiter
Соңғы фильмдерінде жақсы адам болып ойнайтын. Коготь Тигра, Сильнейший удар
omarbirat
Жағымды рольде ойнайтын «Полицейский 2000 года» дегені де бар еді. «Коготь тиграда» банды болып ойнайды.
Gastarbaiter
Бірақ жынды ойнайды ғой, тылсым маляр маньак:)
omarbirat
Википедияда сол фильмнің сюжетін біреу әбден мазақ қылып кетіпті:

Обезумевший мастер кунг-фу из Университета Международного Бизнеса, изучающий стиль тигра, начинает развивать микро-переломы на кончиках пальцев, а затем уничтожать других мастеров единоборств стилей кулака Вин Чуна и Джит-Кун-До. На поиски маньяка отправляют двух студентов, владеющих стилем тигра — Ернара и Катю. Ернар изумительно владеет стилем борьбы «коготь тигра». Он убивает зазнавшихся чемпионов — мастеров восточных единоборств, прихватывая с собой их награды и оставляя на лице особую отметину — царапины, напоминающие когти тигра. Изначально отстраненному полицейскому Тереку и детективу Линде поручают это дело, к ним на помощь поспевает Катя со своим коронным разящим ударом с разворота, которая в свою очередь когда-то отправила Джеки Чана в нокаут.
Әлде ол фильмде қазақ жігіт пен орыс қыз бар ма еді? :))))
patick
Сол киноға қатысқанымды қаншама жасырсам да, адамдар біліп қалады.
Nurgisa
:))))) Катяң кім? :) Сен оны жеңдің бе? :)))
patick
3 күн, 3 түн алыстық, алма-кезек біреуміз жеңіп, беруміз жеңіліп отырдық.
Nurgisa
:) бұл ретте өтірік беріліп отырғандығыңды атап өтпесек Аид патшалығы ма еді, басқа ханзадалық па еді, әйтеуір Дәруішөлгеннің ар жақ, бер жағындағы екімыңболғырлар кешірмес :))))
Abilakim
Боло — менің сүйікті актерлерімнің бірі еді. Жолбарыстыңтырнағынсс…
Gastarbaiter
Ия, оның қасында Жан Клод Вандам педиктеу көрінетін.
Nurgisa
Брюс ли мен Джеки Чан төбелессе кім жеңеді деуші едік. немесе «Шаолинь» мен Жан Кылот Ван Дамм айқасса…
Gastarbaiter
Мен Шварцнеггер мен Брюс Лидің төбелесінің нәтижесін қызық көретінмін.
Abilakim
Мені Брюс Лиді тасынан тепсе ауырады ма кен деген ой ұйықтатпаушы еді…
Gastarbaiter
Және кім жеңетінін талқылап, түрлі қияли аргументтерді келтіріп қырылғанымызды көрсе, «Азаматтың» дебатерлары ішіп кетер еді.
Abilakim
Д'Артаньян жайлы да қиялдап кететінмін кей кезедрі
Abilakim
Мишель қатын бұл жақтікәі емес пе?
patick
о кім?
Abilakim
«Крадущийся тигр, затаившийся дракон»-да ойнайды Мишель Йео
Erkekyz
Чжан Цзыише?
patick
естіген жоқсың ба не?
Erkekyz
нені?
patick
Ол кісі оқыстан дүние салып… Жақсы адам еді, жарықтық
omarbirat
Мишельді қайдам, қытай фильмдеріндегі мына Розамунд Кван деген актрисаға шатырым кететін:


:)))