Зейнетақы қорындағылар "бітімгершілікке" шақырып жатыр

Зейнетақы қорындағы ақшаңыздың болашағы жайлы ойланып көрдіңіз бе? Әлде босқа сандырақтап жүрміз бе? Өткен сенбіде студенттерімді Республика Зейнетақы қорының семинарына апарып, біраз көзім ашылғаны бар.

Содан ақшамды инвестициялап жатқан компанияның сайтына кірсем… Құдай сақтасын, қазақша бір әріп жоқ!!! Содан олай-бұлай ақтарып, жазатын жеріне ой-пікірмді жазып кеткенмін. Бір сағаттан соң қалтафоныма хабарласып тұр.

Шағымыңыз орынды, анау-мынау деп… қаным басыма шапты. Ай сайын халықтың маңдай термен тапқан айлығының 10%-ын қоныштарыңа басып отырсыңдар да, оларға ләм-мим деп қазақша ақпарат та бермейсіңдер! «Біздің сайт тұрған платформамыз қазақша әріп қолдамайды» деп сылтаурата бастап еді, «ертегі айтпа» деп аузына құм құюға тура келді. Ниеттері әу баста орысша болғаны аян болып тұр ғой.

Сол жігіттен жаңа ғана хат келді. Қаласаңдар, қазақ тілінде Зейнетақы қорына байланысты арнайы семинар өткізіп берейік. Қандай сұрақтардың жауабын білгіңіз келеді деп жатыр.

Алматылық блогшылар, сенбі сайын жиналушы едік қой. Алдағы аптада немесе осы апта соңында сол жақта жиналсақ, қалай қарайсыңдар? Басқа да журналистер немесе қарапайым салымшылар болса, хабар берерсіңдер. Ниеттерің болса, семинарларына барып қайтайық!

Өз ақшамызды өзіміз қадағалап отырмасақ, құтырып барады екен :)

Сурет мына жерден алынды
Бөлісу:

61 пікір

qisyq
Орынды. Мен дайынмын. Рахмет, Өрімтал.
urimtal
Медианеттегілерге де айтып көрші. Мүмкін тағы да барғысы келетіндер табылар.
qisyq
Жақсы, айтайын.
asaubota
мен Капиталдан Грантумға өттім. Грантумнан келген апай айтты, фондтардың айлық рейтингі шығып тұрады екен, соны қарап отыру керек. сосын жылына 1-2 рет болса да фонд ауыстырып тұру керек. өйткені мысал үшін фонд банкрот бола бастаса жиналған ақшаңның үстінен саған түсетін табыс берілмейді тек салынған ақшаңды ғана қайтарады екен. сондықтан үстінен түскен табыспен бірге басқа фондқа аударып отыру керек екен. сонда өсім болады.

сосын жақында маған Грантумнан мынандай хат келді, ипотека, үй тақырыптарын жақсы білетіндер пікірін айтса екен:

(114.36 Kb, 445x438)
Abilakim
Кезінде мен де осы Грантумда болған едім. Жақсы фонд. ақшамның да өскенін байқағанмын. 13.99 дегенің 14 қой))) Ниеттеніп көруге болады. Жилстройбанктен үмітімді үзіп осы 14 пайызбен мен де алғанмын ипотека. Тек айтарым 15-20 жылға емес,10 жылға ал.Мен сөйттім.
sammita
осылай өздеріне адам тартуға келген «апайлардың» қолында міндетті түрде өз зейнетақы қоры алғашқы сапта тұрған қағазы болады. Бізге де осылай келіп тұрады түрлі банктен. Бәрінің сөзіне қарасаң барлығы алда тұрады… Мен Капиталдамын. Ұнайды. Поштама жиі жіберіп тұрады салым туралы ақпаратты, туған күн, мереке сайын құттықтап алдап қояды. И жалпы еш проблема жоқ әзірге.
ПыСы: Жоғары айлық алатын мекемелерге жиі келгіштейді бұлар.
sammita
Альянстың қоры екен ғой. Жылдық мөлшерлемесі тиімді екен. Басқа банктерде 18 пайыздан басталады. Басқа да қосымша шарттары болуы мүмкін, өйткені мынадай шарты тым жұмсақ екен. Менің білуімше толық ақпар емес.
Abilakim
әрине, қосымша шарттарсыз бола ма? Бұл енді микрокредит емес қой…
sammita
ана Аршат жариялаған қағазды ғана көрсетіп жұрттың басын қатырады ғой сөйтіп дегенім ғой.
urimtal
Негізі рейтинг дегендерді қолдан жасай салуға болады. Көп ретте қарапайым жұртты осы рейтингтермен алдайды ғой. Экономист болмаған соң қандай критермен жасалғанын, әрі кім әзірлегенін түсіне бермейміз.

Меніңше, қор таңдайтын болсақ, оның басқарушы компаниясының тәуекелі мен тапқан табысының арасындағы ара қатынасына қарау керек сияқты. Табысы көп болуы мүмкін. Бірақ тәуекелі де көп болса, ол мен үшін қауіпті сияқты. Грантумның соңғы сандарын қарап көрсем, кірісі өткен айда жақсы болыпты( 2-орында), тәуекелдері де онша жоғары емес екен. Сосын инфляция мен тапқан табыс арасындағы сандарға да қарау керек. Тәуекелі де, табысы да орташасын дұрыс көремін.

Альянс банк аяғына енді тұрып келе жатыр ғой. Ипотека бере бастағаны күдік ұялатып отыр. Бекжан жақсырақ тарқатып айтып берер, инш!
Erbol
Альянстың атын естісем құсыжібере жаздаймын. Атаңа нәлеттерден көрмегенім қалмады.Есі дұрыс адамды есалаң жасайды.Жоламаңдар.
gunner
Годовая эффективная ставка 14 процент деген өте жоғары, меніңше. За организацию кредита 1% от суммы деген эффективная ставканың ішіне кіре ме жоқ па оны да біліп алу керек.
ЖилСтройСберБанкта жақсы условиелер бар, жақсылап қарап, жақсы бір тарифная программа таңдап алса 4 проценттен 12 процентке дейін алуға болады. Үш жарым жыл күтпей ақ алатын тарифтік бағдарламасы да бар. Өткендегі президенттің жолдауынан кейін тағы да жеңіл тарифтік программа жасалып жатыр деп естідім. Сондықтан барлық варианттарды қарастыру керек, өйткені ипотека деген геморрой ғой )
sammita
Жилсройсбербанкпен шарт жасауға болады. Егер қолыңда 50 пайыз ақша бар болса, міндетті түрде минимум 6 айға шартқа отырып ақша саласың счетқа. 6 айдан соң өз ақшаңа (50 пайыз) банк ақша қосып ипотека алу мүмкіндігі бар. 4 пайыздың сыры осында.
asaubota
Грантум Альянсбанк емес Казкомдікі, тек ана акцияны бірге істеп отыр.

Жилстройда депозитім бар және солармен келісімшартым да бар. соған жинай беретін шығармын, әзірше тегін тұрып жатқан жерім бар ғой. ана ұсыныс та жақсы сияқты, тек пайызы көп сияқты болып көрінді.
VKM
Бір анекдот бар ғой, жақсы милиционерлерді жақсы табытта, жаман милиционерлерді жамааан табытта көргім келеді деген… сол сияқты жақсы деген банктың өзі сені түк қалтырмай тонайды. Сенбеңдер… оқып жүрміз ғой соның оқуын…
sammita
мына жерде бітіріп қойғандар бар есичо.
VKM
айтсай онда,қалай алдайтындарын)))
sammita
өзімді айтпадым. Жалпы сол салада тәжірибесі бар не ипотека алып қойғандарды айтам.
konvict
Банктер, зейнетақы қорлары тағы не бар еді, бәрі ауадан ақша жасап отыр. Қайсына ақшаңды салсаң да үтыласың. Біріншіден жылдық мөлшерлеме 14 пайыз болған күннің өзінде жыл сайынғы инфлияция деңгейі бар. Осының өзі 14 пайызды кемітіп тастары анық. Екінші сол депозитке салынған ақша өзге бір жанға(байқұсқа) ай сайынғы 20 пайыздан кредит болып беріледі. Бұл жерде ең дұрысы ақшаны құнын жоймайтын алтынмен немесе ауылға барып мал сатып алған дұрыс. ДАғдарыста дағдармайтын жол осы ғана.
sammita
дұрыс. Дегенмен несие, ипотека алу, депозит салуды банктің жыртығын жамау үшін емес, өзіңе қажеттіліктен жасайсың ғой. Қысылғанда ақша қажет болса барасың да аласың. Үйсіз жүрсең, оны алудың басқа жолы болмаса тағы банкке барасың. Үстеме пайызы қанша екенін білсең де. Сол сияқты менің депозитімді кімге және қалай береді, ол өз шаруасы, маған керегі ақшамды кемітпей сақтаса, жылдық тиын пайызын қосса болды. Ал банктің құйтырқы әрекетінде шаруам жоқ. Ұнамай ма жолама и все.
sammita
Бұл жерде ең дұрысы ақшаны құнын жоймайтын алтынмен немесе ауылға барып мал сатып алған дұрыс. ДАғдарыста дағдармайтын жол осы ғана.
Қолымда бар ақшаға алтын я мал алдым делік. Қатты ақша керек болып қалса ол алтынды қайда сатам? Алушылар жарты ақшасына ғана алар. Ал малды өсіріп бағу үшін де қыруар күш, ақша керек. Оны да тез арада сата қойып, өкінбейтіндей өз сомамды шығарып алу оңай емес. Мен үшін оңтайлы вариант не банкте, не банкіде сақтау.
konvict
Саммита ханым сіз айтқан екі жолда дұрыс емес. Жаһанды жалмаған дағдарысқа не себеп болды? Соның өзі ақшаны қайда сақтау керек екенін ашып ақ көрсетпей ме? Дағдарысқа бой бермеген бір ақ организация бар. Ол — Ислам банкі. Оның қандай екенін менен жақсы білесіз. Енді, алтынның пайдалы екендігі неде? Өздеріңіз білгендей өткен ғасырдың ортасында АҚШ доллардың алтынға шаққандағы құнын алып тастады. Содан бері олар да фиат ақша болып қалды. Ертең Федеральді Резерв тағы бір құйтырқы ойлап табар болса банкке сақтаған ақша да, банкіге сақтаған ақша да құнсыз болып қалады. Мысалға, тәуелсіздік алған тұсты алсақ та болады.
edige
Алтынды тағуға емес сатуға не залогқа аламыз казір
konvict
Мен құйма алтындар туралы сөз қозғап отырмын
edige
Алтын күміс тас екен
Арпа бидай ас екен — деген қазақ атамыздың ұрпағымыз. білмедім.
Салмағы үлкені жаңғақ шағуға өте ыңғайлы болса керек
edige
Біздің ауылдағылар Японияның машиналары арзан келіп жатыр екен деп қуанып жуып жүр. «Радияциясы ештене етпейді, поляға мінуге» деп
konvict
Хе, көрер едім бір құйма алтын тауып алсаң жаңғақ шағып отырғаныңды
Bekjan
14 пайыздық табысты тек үлестік қорлар (ПИФ) ғана бере алар, банктердің депозиттері 10 пайызы береді… Зейнетақы қорлары одан да аз… Себебі олардың салатын құнды қағаздарының рейтінгі болуы керек, ал рейтинг бар кұнды қағаздардың толейтін пайыздары 8-9 пайызды құрайды… Ол табыстың бір пайызын зейнетақы қорын басқарып отырған басқарушы компания алады...:)

Негізі бізде зейнетақы қорларының көбісі соңғы екі үш жылда әжептеуір шығынға түсті… Бірақ оны нақты көрсетпеген болулары керек…

Бұны айтуымның себебі ішкі нарықты соңғы үш жылда дефолтқа ұшыраған құнды қағаз сомасы доллармен алғанда 4 миллиардты құрап отыр…

Негізі, зейнетақы қорлары туралы көп басты қатырмай-ақ қою керек… ұзақ мерзімге салынған ақшалар ғой, бүгінгі нарықтың ахуалы нашарлағанда шығынға ұшырар, жақсарғанда түзелер…

Тек айтар кеңесім, жылына бір рет ауыстырып отырыңыздар қорларыңызды… Бір қорда жата беретін болса, сіздің ақшаңынздан түскен табыстар бөлек шотта, негізгі ақшаңыз бөлек шотта жатады… сондықтан, сіздің жинақталған табыстарыңызға инвестициялық табыс есептелмейді…

Мысалға 100 000 тенге жиналды дейік сізде… Оны инвестициялау арқылы 10 000 тенге түсті… Бұл екеуі екі бөлек шотта жатады… Ал егер сіз басқа қорға көшетін болсаңыз, сіздің негізгі ақшаңызға табысыңызды қосып аударады… Сонда шотыңызға 110 000 тенге түседі… Келесі қор осы ақшаны инвестициялай бастайды… Уоот… түсіндіре алдым ғой дим..:)))
sammita
5 абзацқа ойланып қалдым. Енді қайда ауыстырсам екен деп. Түсінгенім, менен ай сайын түсіп тұратын 10 пайызым бір бөлек, банк маған беретін сыйлық пайыз бір бөлек жатады. Ал басқа қорға ауыссам, екеуін маған қосып аударады да, пайыз тиын көбірек түседі екен ғой.
gunner
Бұл таза өтірік, менің білуімше)). Басқа фондқа ауысқанда ешқандай да капитализация болмайды. Барібір сол баяғыдай үстінен түскен ақша бөлек жиналады. Бұл агенттердің қулығы, оларға әр адамнан проценттік бонус түседі
kaztarih
ойланып қалдым, сонда жыл сайын тынымсыз ауыстыра берейік ме? ал олардың ішінде алаяқ бірі қулықты біліп қалып ақшамның көп бөлігін ккризис болды деп ұстап қалса ше
asaubota
уот уот сол ғо менің айтпағым, соңғы 2 абзацты айтамын.
gunner
Ауыл шаруашылымен айналысқан ешқашан тиімді болмаған. Дамыған АҚШ, Европа елдерінің өзі мемлекет тарапынан көмек арқылы ғана ауыл шаруашылығын қолдап отырады. Өйткені күніне бір долларға жұмыс істеуге дайын қытай, африка елдерінің еңбегімен алынған өнімдерді сатып ала салған оңай әрі тиімді.Сондықтан біздің рынокта қытай еті, жеміс-жидегі толып жүр
konvict
Гүннер күнде не жейсің өзің? Қытайдың пластмассасы ма? Әлде, жапонның құлтемірін мүжисің бе?
kaztarih
гуннер дұрыс айтады экономикалық табыстылығы жағынан темір мен мұнай өндірген ауыл шаруашылығына қарағанда пайдалырақ.
edige
Болса жақсы ғой әрине темір мен мұнай.
П.С.: Қытай балгарскиін пластмасса ойыншыққа ұқсатамын. Отандық өндірілгенге не жетсін
konvict
Бір ғана Австралия қойларымен күн көріп отыр. Басқалар туралы жұмған аузымды ашпадым
gunner
Егер ауыл шаруашылығынан түсетін пайда көп болатын болса неге бизнесмендер ақша салмайды? Әдетте тез пайда табылатын бизнеске мемлекет салықты көбейтеді, ал ауыл шаруашылығына мемлекет субсидия бөледі, неге? Өйткені ауыл шаруашылығына ақша салу тиімді емес.
Алтын туралы кеңесің вообще абсурд қой, алтынның да бағасы төмендеп жоғарылап тұрады мұнай сияқты.
edige
Лібә дегеннен басқа ештеңе жоқ. Кешке тағы қытайски лапша ма?
gunner
Лібә дегеннен басқа ештеңе айта алмайтыныңды жазған коменттеріңнен, посттарыңнан біледі елдің бәрі. Соны барлық жерге жазып спам жасай бермесең дұрыс болар еді.
edige
Қазақ өндірісіне менің зияным тиіп тұрған жоқ. мен де үйден скважина ашсам деп жүрмін
konvict
Алтынның бағасы арзандаса ары кетсе, бес-он теңгеге арзандайды.
"Өйткені ауыл шаруашылығына ақша салу тиімді емес."

Өйткені ауыл шаруашылығы бізде кенже қалған. Мұнайдың жоғарылап, түсіп тұратын себебі алтын секілді шыдамды емес.
gunner
www.kitco.com/LFgif/au0365nyb.gif

Міне бір жылда алтынның үш жүз долларға өзгерген, мұнайдың өзі бұлай өзгере бермейді.

Өйткені ауыл шаруашылығы бізде кенже қалған

Озып кеткен, сен айтқан Австралияның өзі субсидиямен өмір сүреді.
konvict
Байқасаң алтынның бағасы әрқашан көтеріліп отырған
gunner
Саған дауа жоқ екен, жаңа ғана бес он теңге деп отыр едің, енді өсіп отыр дейсің ))
konvict
Ық-ық!!! Қалай дегенде алтынның аты алтын.
gunner
Бағаналы бері басқа аргумент (ық ықтан басқа,әрине)жоқ деп айтпадың ба енді, түсінетін едік қой))
konvict
Money Masters-ді қарауды ұсынар едім.
Abilakim
Ауыл шаруашылығы дегенде егіншілік пен мал шаруашылығы келеді ойға бірден. Біздің егістік жерлер қатты шаршаған. Сонау тың игеру жылдарынан бері тынымсыз жыртылып келе жатыр сол егістіктер.оларды екі-үш жыл дамылдатып алу керек. Осы аралықта егіншілікпен айналысатындарды мемлекет қолдауы керек.
edige
Оған бюджеттен ақша бөліну керек, сосын…
Өткенде қаракөл қой шаруашылығын көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Шапалақ ұрып қуанып қалдым. Жақсы бастамалар
sammita
Шапалақ ұрып қуанып қалдым.
мамандығың қойшы мед?
edige
Әкем өмір бойы сол салада жұмыс жасаған. Ертеректе қайтыс болып кетті. Білмеймін бүйрегім бұрып сала береді сол салаға
kaztarih
Бұл Зейнетақы қорлары халықтың ақшасын сорып жатқаны өтірік емес, ол ақшаны алып пайдалана да алмайсың...Қордағы ақшаңды 2 жағдайда ғана береді.
1. Өзің өліп қалсаң мұрагер жақындарыңа
2. Азаматтығыңды ауыстырып шетел асып кетіп жатсаң
urimtal
3. Келіншегің бес бала тауып, бесінші бала 8 жасқа толса, әрі оның анасы 53 жасқа келсе, ай сайын алып тұрса болады.
kaztarih
әрі оның анасы 53 жасқа келсе,

ол қандай ана 45 жаста туып жүретін, ондайлар 1000-нан біреу кезеседі бұл заманда. бұл да абсурд заң
urimtal
53 пе, 56 ма ұмытып тұрғаным. Бірақ 58 емес екені анық.
sammita
неге 45 жаста тууы керек? Бастысы ең кіші бала 8 жастан үлкен болуы керек. Мысалы 5 баласы бар делік ананың.
1-ші баласы 30-да
2-шісі 27-де
3-шісі 24-те
4-ші -20-да
5-ші бала 18-де дегендей.
sammita
солай шығар. Анамыз биыл зейнетке шықты 53 жасында. 5 баламен. Кішісі 24-те.
satibaldi
1. Өзің өліп қалсаң мұрагер жақындарыңа
Бұл жерде мұрагеріңіз жоқ болған жағдайда, зейнетақы реформасы Сіз үшін айтарлықтай қайғылы аяқталатынын тілге тиек ете кетпеске болмайды…