Қолының сұғы бар мысық

Калифорния штатында Дасти атты клептоманмен ауыратын мысықтың тұратындығы анықталды. Клептоман- дегеніміз қазақшаласақ қолының сұғы бар адам.Адамның еркінен тыс болатын құбылыс па бірдеңе менің түсінігімше.Бұндай аурудың бар екенін біреуміз бұрыннан білсек, біріміз түрік сериалындағы Пелин арқылы білдік.Әңгімемізге қайта оралсақ.

Дасти көрші маңайдан 600-ге жуық зат ұрлаған екен. Алдында ұрыны адамнан келген деп күдіктеніп жүргендер, камераға түскен мысықты көргенде қандай күйде болды екен. Мысық қажетті де қажетсіз де заттарды үйіне таси береді екен. Көзілдіріктен бастап іш киімге дейін, тіпті бір сыңары жоқ нәски де алып келіп отырған.
Animal Planet арнасының тілшісі мысық тұрған аулаға камера қою арқылы Дастиді бір-ақ күнде жұлдыз етіп шығарыпты.

Қарағандыда шығатын «Криминальное чтиво» журналын оқып отырып осындай кездейсоқ мақалаға көзім түсті. Ғаламтор арқылы іздестіріп едім, көптеген мәліметтер тауып сіздерге де қызықты болар деп ойладым.

Мақала мына жерден қысқартылып алынды.
Бөлісу:

41 пікір

sammita
әдетте қарғалар ұры болады дейді ия.
edige
Сауысқан.
sammita
иә сауысқан балапан, жұмыртқа ұрлайтынын білем. Ал қарғалар жылтырға, сақина сияқты заттарға құмар болады-мыс, естуім.
KILYZAMAN
Сауысқаннан көргенмін көресені. Тауығыңның жұмыртқасын түк қалдырмайды пәлелерің
Onlasyn
Иә, жазда қарбыздан-қарбыз қоймай бәрін шұқып кетеді.:)
Атам сосын шығып біреуін атады да іліп қояды, сосын тынышталады (пәтшәғарлар)
edige
тынышталады (пәтшәғарлар)
Бір біріне: -тыныш отыр ей ептыбай, ананы көрдің ба?..
sammita
ақылы бар екен да, біздің балдарға қарағанда:))
Onlasyn
олардың да біреуін атып қоп-қою керек-та :))))
sammita
соны меңзеп отырмын ғо
kaztarih
ұры ит болушы еді, енді міні ұры мысық дегенді есіттік. О тоба!
Abilakim
айтпақшы, ұры тіс деген де бар
KILYZAMAN
Тазылардың сұғанақтығы бар…
konvict
Менің ұры кәнденім болған. Ылғи тауық, қой ұрлап жеуші еді.
Abilakim
қой дегенің енді өтіріктеу-ау шамасы…
konvict
Иә, аздап қосып жібердім. Бірақ, бір-екі қойды тамақтап кеткен етін. Ақыры тағы бір жортуылы кезінде бір қойшы атып өлтіріпті. Әбден ауылдастар арасында ұятты болып едім
Gastarbaiter
Иә, аздап қосып жібердім
Сөйтпесең қазақ боласың ба?))))
Abilakim
Төбетпен қанденнің махаббатының нәтижесінде қанденнен туған қандтөбетім бар еді. Басы төбеттікіндей дәу, денесі нәзіктеу еді. анау-мынау итіңді алып ұратын жаңағы…
edige
Менің көршім зайып алып бітті. Сұрана береді. Алғанын қайтармайд тағы.
Gastarbaiter
Мына жерде сондай тіленген көршіге қалай жауап беру туралы эпизод бар.
patick
Бұрынғы итіміз де сөйтетін. Түнде босатып жібергенде міндетті түрде (кем дегенде) бір қойдың терісін сүйретіп алып келеді. Бір рет мектеп оқушысының портфелін алып келді. Ішінде кітап-құралдар бар.
Gastarbaiter
Ертеңіне оқушы іс түссіз жоқ болып кетті деген хабар ауылды жағалап кеткен жоқ па?
patick
Қойыңдар нақ, даладан тауып алған ғой :))))))))
Қойдың терісі де ауыл сыртындағы свалкіден :)
sammita
ит иесіне тартады негізі.
edige
Ауылда Ерғали деген ағайынның баласы бар. Ептыбай… /ақым бар боқтауға/ тегі киім сатып алған емес. Отырысқа барады, ертерек қайтады. «Біреуін мініп біреуін жетектеп келеді» дей ма қазақта. Ауру болып қалған уже оған
sammita
сіздің жақта отырыста шешініп тастай ма қонақтар:)
Оған әлгі мысықты сыйлау керек екен.
edige
Маселе аяк киімде. Ал усінгі киімді тартып та алады ол
Abilakim
әбден қорлық көрген екенсің…
edige
Тәрбие бере алмай шаршадым. Акырында алып келгенін есік алдында суйрететін болдым
Erkekyz
Ауылдағы ит-мысықтардың барлығы клептоман. :)) Біреуі сүйреп бірдеме әкелсе, басқа біреуі біздің үйден бірдеме әкетеді.))
Ottegin
Ауылда үлкен төбет болатын, мына аптырдың мысығы клептоман болса, сол төбет рекэтир болатын, көрші әйелдің сиыр суғаннан кейін қарсы алып, айбат шегіп, сүтін тартып ішіп кететін. Кешке қарай әдейі аңдып тұратын. Учасковый ментпен болған қақтығыста мерт болды, бірақ не керек, сол менттің өсіндісін шайнап тастапты дит:-)
patick
… көрші әйелдің сиыр суғаннан кейін қарсы алып, айбат шегіп, сүтін тартып ішіп кететін.

Тсигін, соған басы жетіп тұр ғо ә :)
Abilakim
Сиырды еміп кететін итті көріп ем, сауылған сүтті аңдып ішетінді бірінші рет естідім…
patick
қойш нақ, ол нағылған вундеркинд ит нақ )))))))))))))))))))))
Ottegin
Ол ит пропесір болған, бұзаулармен бірге айырылған сүт(обрат) ішетін, соны ішу үшін бұзауларды үйге өзі айдап әкелетін
gunner
Менің итім де кітап оқып, маған мазмұнын айтып беретін сабаққа барардың алдында ))
edige
Ия, менің итім айтқан сіздің итіңіз қате-қате оқиды деп
sammita
«Сиырды еміп кететін итті көріп ем»
ешкіемерді білуші ем, сиыремер ит біртүрлі екен:)))
asaubota
адамофил иттер де болады :)