Қияр ұрлаған түн...

Түн.Ауыл сыртындағы құмға сіңіп жоқ болуға айналған жылға жақтан құрбақаның құрылы естіледі аңда-санда. Ара-тұра шегірткелер де шырылдап қояды.Ауыл тұрғындарының бәрі дерлік келін түсіп жатқан үй жақта. Тек осынау аз ғана топ өздерінің қара ниеттерін асыру мақсатында алға қарай жер бауырлап келе жатыр. Бір-бірімен үнсіз түсініседі. Межелі жерге де жеті ақыры. Қолдарындағы қысқашпен тікенек сымды пытырлата қия бастады. Өздеріне қажетті саңлауды жасап алған соң, жәйлап бақшаға кірді. Қолдарына түскен қияр, сәбіздердіфутболкаларынан жасап алған түйіншектеріне тоғытып, кірген желерімен ақырын сыртқа шығып кетті. Үй жақтан не жарық, не дыбыс білінбегендіктен бойларына сенім ұялады. Сол үйдің көршісінің құдығынан су алып қияр мен сәбіздерді шайып алды. Өздерінің бұл істеріне масаттанған шағын топ сәбіздері мен қиярларын қарш-қарш шайнап түн қойнына қайта енді…
Таңертең сабақта бас қосқан бұларды жақсы жаңалық күтіп тұрмапты. Кешегі бақшаның иесі мектеп директорына келіп, істің мән -жайын анықтауды өтінген және кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырған екен. Үнемі мұрыны шуылдап жүретін мектеп директорының сұсты түрі тіптен тұтығып кетіпті.Ауызынан арақ иісі мүңкіп тұр. Сірә, келін түскен үйде кең отырған секілді. Тақтаға аз ғана топтың мүшелерін толық шақырды. Бұлар қай жерден қателесті?!
Ой елегінен сол түнді қайта өткізді бұл. Жер бауырлап бақшаға кіргендері...Құдыққа барған кездері… Стоп! Міне, мәселе қайда жатыр! Бұлар жеген сәбіздері мен қиярларын жол бойына тастап отырмап па еді? Үй иесі сол арқылы бұлардың ізіне шыққан…
Қап, бәлем! Келесіде тауығыңды ұрлаймыз!
Бөлісу:

11 пікір

kaztarih
ұрлыққа бала кезден үйір болмау керек…
qisyq
ТҮСІНДІҢ БЕ, ӘБІЛӘКІМ!!!
Abilakim
Балалық қой. одан кейін 5-6 ұрлыққа қатыстым да қойып кеттім.
edige
Ең соңғысы Лондондағы банкке түстің. Содан кейін қойдың ба?
Abilakim
Бәйтеректі ұрлаймын деп қолға түскен соң қойдым ғой…
edige
Отпечатокты отпечатокпен ұстап қойдын онда
ken
Kiyar,sabiz urlagansha, akyry urlagasyn kauyn-karbyz urlau kerek koi)
sammita
сенің ауылыңда қарбыз да қауын да өспейді мысалы. Сонда қайдан ұрлайсың?
ken
menin auylymda oskesin urlap jurgen jokpyn ba?))