АБАЙ.КЗ ға дат!!!



Абай.кз порталынан мына суретті көріп қалдым. Бір екі ауыз айтар сөзім бар! Абайлықтарға дат!
Сәуірдегі сайлауға ел болып кірісіп, дауыс бермекпіз! Cонда Абай порталы Қазақтандықтардың барлығын(дауыс берушілерді) қойға теңегендіктері ме? Елбасын сайлаушылардың барлығы учаскеге кірсе, мал бола ма? Ойларына келгенін жасауды қою керек қой. Немесе Абайлықтар умныйлар(орыстар үшін) ма? Жоооқ, сендер қателесесіңдер, опазиция болсаңдар өздеріңе. Қазақ халқын малға теңеуші болмаңдар!!! ҚАЗАҚТАР АТЫНАН!
АЛДАСПАННЫҢ ЖАРҚЫЛЫ!
Бөлісу:

10 пікір

Abilakim
Сол Абайыңызға кірмегелі көп болды… Жалықтырып жібереді.
aza
Айтпааа, Әбеке! Кілең абыз отырған! Қазақты тек солар жақсы көреді, әйтеуір)))
VKM
Нағыз антипатриоттық сурет екен...өздерінше ақылды болып жасағандары(
konvict
Көпке топырақ шашуға болмас!
Janasil
Мынауы тіпті артық кетіпті.!!!
Gastarbaiter
Негізі сайлау учаскесінің сол жағын ғана қой қылып қойыпты. Мен екі жағын да қой қылып салып қояр едім. Бірақ мұныма қой байғұстар ренжи ма деп отырмын. Сендер қазақты малға теңеді деп жаза аласыңдар, ал қоңыркөз қойлар тіпті көкейін тескен ойды ауызбен де жеткізе алмайды.
Khan
Мен сайлауға бармай дұрыс істеген екенмін. :)
serjan
бұл жерде абайлықтар шындықты айтқаны үшін кіналі емес, шындық қашанда солай ашшы болады. Халықты осындай дәрежеге жеткізіп отырған қоғам кіналі. шынымен де барлығы алдын ала дайындалған ценарий бойынша жүріп жатқан жоқ па? сайлауға түсіп отырған табиғаттанушы мен патриот екеуі де биліктің тапсырмасымен түсіп отыр.
kaztarih
мен барған жоқпын, барғандар қызметі мен жұмысы жөнінен мәжбүр болғандықтан барды
Elirgen
Суретті өлтіріп салған екен. Бәрі дұрыс. Алып-қосары жоқ, бірақ, бақташысын қойдың өзі сайлапты дегенді естімеп едім, жәй ғана еш сайлаусыз қойды сала салса болар еді.