Жұмбақ шешкен адамға 8756 теңге сыйлық!
Өткен ғасырдың басында шығып тұрған қазақтың бір басылымында Байбатыр Ержан деген авторы мынандай жұмбақ жасырған екен:
Бала көтеріп тұрған бір қатынға біреу:
— Бұл көтеріп тұрған бала өзіңізге қай жағынан жақын болады? — деп сұрағанда, қатын:
— Баламның баласы, байымның інісі деп жауап береді. Бұл қалай?
Ал енді, Ахтунг: Осы жұмбақты бүгін шешкен адамға 8756 теңге сыйлық беріледі. Ертең шешсе, мың теңгесі кем, солай кеми береді күн өткен сайын.
sekentai.wordpress.com
Сурет: oyu.kz
Бала көтеріп тұрған бір қатынға біреу:
— Бұл көтеріп тұрған бала өзіңізге қай жағынан жақын болады? — деп сұрағанда, қатын:
— Баламның баласы, байымның інісі деп жауап береді. Бұл қалай?
Ал енді, Ахтунг: Осы жұмбақты бүгін шешкен адамға 8756 теңге сыйлық беріледі. Ертең шешсе, мың теңгесі кем, солай кеми береді күн өткен сайын.
sekentai.wordpress.com
Сурет: oyu.kz
дегенге күңнің баласын азат қылып, өзі күңге тиеді деп түсініп қалған екенмін.
Қай жерге келіп алып кетейін? демей-ақ:))
(1 сәуір күніне орайластырылған емес пе деген күдік жеватыр мені чета:)
ер жігіт алдамас деп сенейік, Секендей серілерге 8 мың деген не тәйірі, демалыстарға қалдырмай бүгін-ақ есепшотыңызға аударады деп ойлаймын:))
Ал екінші сөйлеміңіз көңіліме жағып-ақ қалды, несін жасырайын, жалған-ай…
Пы.Сы. Ақшаны «тошно» көрмейтін сияқтымын мынадан кейін.
(тағы жұмбақ жасырасың ба?:))))
— Лібә, сайт қарап жата бергенше, ақша іздесейш, қожайын арғыкүні келем деватыр! Жиырма бес теңгең бар ма қалтаңда? Бар нақ, екі бульон алып кел, ептібайымайд, су қайнады!.. ©.
ПыСы: Қисық екеуіміздің семьямыз бөлек.
Секен сойле…
Теңгеге елу дейтін қалта сайлап
Уа, дариға, бұл өмір өтер ме екен…
Сегіз мың да жетіз жүз теңгені ойлап…
Әрине, Қисық бауырым, бұл 1 сәуір күнгі қалжың болатын. Берген жауабың өте дұрыс! 20 минут ішінде жауап бергенің тіптен тамаша! Сәл кештетіп Жүрек сөзі блогының иесі Салтан Сәкен де дұрыс жауап берді.
Осы мәселеге ат салысып, талқылаған барлықтарыңызға рахмет!
Қисықтың аға, 2 рет алдандым бүгін, шын ба деп хат жазғаны қатты әсер етті: оған жұбаныш сыйлығы ретінде «Хақ пен халық» кітабын сыйлаймын.
Алдады деп ренжімеңіздер! Ойын-күлкі витамин!!!