Күлгің келеді-ақ...

бірақ, күлуге ыңғайсыз ба? “ Алдау күні мен Сайлау күні бір-біріне қандай жақын және ұқсас?!” деп Сәкен ағам (Сыбанбай) айтқандай, мына ұсынып тұрған әнектер екеуі туралы. Тимур Коман жіберіпті.


***

Егер айналанның бәрі Назарбаевтың суретіне толып кетсе, сайлауды күте бер!
***
Президенттікке үміткердің біріне өзіміз сияқты тілші сұрақ қойыпты:
— Сайлауға түсудегі мақсатыңыз не осы?
— Енді өзіңіз бағамдаңыз, билік жемқорлыққа былығып, ұрлық-қарлықтан аянбай жатыр, халықты қанап жатыр.
— Сонда сіз осы кеселдің бәрімен күрескіңіз келе ме?
— И жоға, – депті үміткер, – осының бәрінің бел ортасында жүріп, араласқым келеді
***
АҚШ президенті психиатрдың қабылдауына келіпті.
— Хай! Доғдыр, абайсызда “ тұлғалық құбылу” ауруын жұқтырдым-ау: сөйлегенім басқа, ойлағаным мүлде басқа, ал жасайтыным ващше басқа…
— Ой, шұрқ етпеңіз, бұл сіздің өз қызметіңізге толық сәйкес екеніңізді дәлелдейді
***
— Әке-әке, осы ертегінің бәрі “ Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде” деп бастала ма?
— Жоға, қазіргінің ертегісі “ Егер сіз маған сайлауда дауыс берсеңіз…” деген сөздерден басталады.
***
Үшінші сәуірде коммунист Ахметбеков үш дауыс алыпты дейді. Әйелі оған:
— Ал, кәне шыныңды айт! Сенің көңілдестерің бар ма???!
***
Астанадағы Ұлттық кітапханада:
— Ғылыми фантастика, ертегі, жарнама, депутаттың сайлауалды бағдарламасы. Міне, жанрларды ақпаратының сенімділігіне қарай осылай реттестіреді.
***
— Мен өз отбасымның шежіресін біле алмай жүр едім. Неден бастасам болады екен, а?
— Сайлауға өз кандидатураңды ұсынып көр.

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/04/01/%d0%ba%d2%af%d0%bb%d0%b3%d1%96%d2%a3-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d0%b4%d1%96-%d0%b0%d2%9b/
Бөлісу:

3 пікір

Daniar-Alan
демалыс күнге түсіп қалған ауу ) 1-ші пікір…
ken
жұма күнге түсіпті. бірақ сағат кешкі 6ға 2 минут қалыпты. көбінің жұмыс уақы аяқталған кез))
ken
беттің оқылу саны төрт жүзден асып кеткен бірақ