Қазақ медицинасының атасы...

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік саяси өміріне жүйрік тарихшысы, «Шипагерлік баян» атты толымды емшілік-этнографиялық еңбектің авторы, өз тұсында Жәнібек хан, Жиренше шешен сияқты тарихи тұлғалармен бастас болып, ел қамы, халық тағдырына қатысты келелі істерге араласқан қоғам қайраткері. Өтейбойдақтың өмір дерегі, туған, өлген жылдары негізінен «Шипагерлік баян» кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі.
Автор «Шипагерлік баян» кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де дерек бар.
Демек, Тілеуқабылұлы Өтейбойдақты 1388 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы қайтыс болды деп жобалауға болады. Өтейбойдақ «Шипагерлік баян» кітабында өзі туралы былай дейді: «Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата тегім? Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім? Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым? иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрын, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын». Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата-тегінен жұғысты болды. Ата-баба әулетінің жинақтаған мол тәжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медицинасын ғылыми жүйеге келтірді. Сөйтіп, шипагерліктің өз заманындағы биік деңгейіне көтеріле білді. Бұл жолда ол әл-Фараби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас құрап, үйлі-баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бәрін тәрік етіп, бүткіл өмірін шипагерліктің қыр-сырын игеруге сарп етті. «Шипагерлік баян» бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын ұрпақтары арқылы жетті. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейілінше көлемді мұраның төрттен бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиді. Қалған бөлігі Қытайдағы атышулы «мәдени төңкеріс» кезінде «хуңуейбиндер» тарапынан өртелді. Нұсқаның 1968 жылы өртенгеннен кейін қалған бөлігін жетінші рет Нұртай Түсенбайұлы көшірді. Бұдан кейін 1994 жылы араб әрпімен Үрімшіде, 1996 жылы Алматыда «Жалын» баспасында қазақ тілінде басылып шықты. Қытай үкіметі кітаптың құндылығын бағалап, 1997 жылы «Мемлекеттік бірінші кітап» деген сыйлықпен марапаттады. Қытайда Өтейбойдақтың мұрасын зерттеу үшін 2 мемлекеттік медицина орталығы құрылды. Өтейбойдақтың «Шипагерлік баян» кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейілінше мол мағұлмат береді. Бұл ретте автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғұлама ғалым болғанын пайымдатады. «Шипагерлік баян» кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 318 түрлі, металл-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы, 500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бұл еңбектің тарихи-этнографиялық мән-маңызының ерекше екенін білдіреді. Сонымен қатар кітапта шешек ауруына қарсы вакцина егуді ағылшын ғалымы Э.Женнерден (1796) 350 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет. Теңдесі жоқ «Шипагерлік баян» – ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі. «Шипагерлік баян» кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тек қана ғұлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүниетанымына, рухани мәдениетіне мейілінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды тұлғасы болғаны айқын аңғарылады. 2002 жылы Қазақстан халық емшілер қауымдастығы Өтейбойдақтың жерленген жері Алматы облысы Райымбек ауданының Шәлкөде жайлауындағы Айқайтас бөктеріне арнайы құлпытас орнатты. Алматы қаласындағы бір көшеге аты берілді.
Дереккөзі: Қазақстан ұлттық эниклопедиясы, 7 том «Тарихи тұлғалар» кітабы
Бөлісу:

19 пікір

KILYZAMAN
konvict
Kilyzaman сенің сілтеме жасаған мақалаңды оқып шықтып. Бірақ, бір сөзбен көре алмаушының жазғаны дер едім.
KILYZAMAN
Оқып отырып, менде қайран қалдым. Басқаға шамасы жетпеседе өзімізге дегендегі пысықтардың пасықтығына… :-(
Janasil
мынауыңыз керемет жаңалық екен!!! Бұрын естімеппін. Қызығы медицинада 5 курста оқитын таныстарымның өзі бұл ақпараттардан мүлдем хабарсыз екен.
boztorgai
ұлттық медицинамыздың дами алмауы — ол да жатыр мынау елдің ішінде…
KILYZAMAN
Біз — алтынды шыққан жерінен қазуға жалқаумызғой… Астағифуралла көпшілікке топырақ шашудан аулақпын. Дей түрғанмен, неге осы көбеймеміз деген ойда жоқ емес…
ken
«Tup-tuqiyannan ozime sheiin» degen sekildi dunie emes pe eken??
Meninshe, solai siyaqty.
KILYZAMAN
Өзіңе шейінгілерді кереметтей зерттеп тастағансыңба? Жоқ аталмыш жазбадан басқа мықты дәйектемең барма еді?…
ken
Demek, osy jazba arkyly Jirenshe sheshennin' (birinshi) Janibekhan Ozbekhanulynyn' tusynda omir surgeni anyk boldy. Aitpese Jirensheni ekinshi Janibektin' (algashky kazak hany) tusynda omir surgen degen de boljamdar bar edi. Myna jazba bul maselege nukte koidy
KILYZAMAN
Жазушылар көп емес, айтушылар көп. Оқушы(сын айтушы, мінеуші) пенденің сүзгісінің көзі(санасы, көкірек көзі) тым тар болса — саф алтынды іздеп жүріп, оның құраушысы құм алтынды елемей қалмасына кім кепіл???
Erlan
Осы кісінің кітабы болды, кателеспесем содан оқыған болармын. Бір байдың баласы, өте толықтықпен аурады екен, соны емдеп бер деп акесі, жаңағы емшіге келеді.Содан жаңағы емші айтады, таң ата әтеш қырқыншы рет шақырғанда өмірден өтесіндеп жігітке, содан күндер өтеді, 41 куні, жігіт жаңағы дәрігерге келген екен, бірақ арықтап тек сүйегі қалған. -Дәрігер сіз әтеш қырқыншы рет шақырғанда, өмірден өтесін деп едіңіз ғой дегенде, -Дәрігер: сенің дүниеден қашан өтетініңді мен білмимін, ол тек бір ғана аллахқа аян деген екен, сонда уайым арқылы жаңағы жігітті жүдеткен екен! Сондықтанда қиын кездерде болсын тағы басқа сәттерде, сары уайымға салынбайық, онмен сіз өз-өзіңізді әлсіретесіз!
KILYZAMAN
Кітапты қайдан таптың? Қолыма түспей жүр :-(
Erlan
Шипагерлік баян деген сияқты кітаптың аты, кішкене күнімде қолыма түскен, акем дәрігер болған.
KILYZAMAN
@satibaldi — елге берген уәдең қайда?
satibaldi
Рахмет, шынымен ұмытып барады екем, осы жерде орындайын: @KILYZAMAN — Интернетке бас жіпсіз жіберілген хайуан!
KILYZAMAN
Хам дегенгеде жарамайтын Хамелеон…