Абас-шах Серіктен Махаббат мейрамы ұсынысы және 77 мың сыйақы



15 сәуірді Махаббат мейрамы деген атпен тойлайық деген ұсыныс бар.

Сол күні іңкәр жүректер арқырай ақтарылып жатса, үйде дастархан жайылып, алаңдарда концерттер, сарайларда кештер, телеарналарда думандар өтіп жатса. Сыйлыққа қазақша ашықхаттар, қазақы кәдесыйлар жолданып жатса шіркін, нағыз мейрам сонда болар ма еді деген балдай қиялымыз, анығында баладай мәпелеп, болашақтың бір күнінде оң әсеріне куә болсақ деген жоспарымыз бар.
15 сәуір Махаббат мейрамы болсын. Қош көрейік. Қолдайық. Жақынымызға мейірім сыйлайық сол күні.
Тағы бір ой… Махаббат мейрамындағы екі жанның арасын жалғаған ұяң сезімнің көрінісі мынадай болса:
1. Дәл осы күні әркім өз сүйіктісіне деген сезімін әдемі сөз, көрікті тілмен 1 минут бойы тоқтамай, ақтарыла жеткізсе.
2. Дәл осы күні әрбір адам өз сүйіктісіне бәйшешектің (немесе басқа гүлдің) бір шоғын сыйласа.
3. Дәл осы күні, әрбір адам өз сүйіктісіне жүрек сыры жазылған шағын ашықхат сыйласа. (Қандай белгіде болу керегін ойластырудамыз. Ақыл қосыңыз!)
4. Дәл осы күні, әрбір ер азамат өз сүйіктісінің құрметіне кем дегенде бір көшет отырғызса.
5. Дәл осы күні, жұртшылық қауым өздеріне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде (алаңдарда, ашық орындарда, стадиондарда) буын биі «Қара жорғаны» билеп, мерекеге жалпыхалықтық сипат берсе. Және қыз-жігіттеріміз иба сақтап, өз алдына жеке топ болып билегені дұрыс та шығар. Бұл әрі замандастар ортасындағы би жарысына да ұласар еді.

Сондай-ақ Абас-шах Серік неге 15 сәуір екенін тапқан алғашқы 2 адамға 77 мың теңге сыйлық беремін дейді.

Толығырақ мына жерде.
Бөлісу:

19 пікір

edige
Жақынымызға /сүйіктімізге/ жылдың 12 айында мейірім силасақ артықтық етпес бәлкім.
Бір күн ғана емес
edige
Басқа күні «Шешесссс...» дегендей ма
VKM
Ақырындап тойлау әдет болып кететін шығар)
omarbirat
16-сы болғанда ғой. Әйелімнің туған күні еді. :)
Janasil
Айтқан логині жұмыс істемейді.
omarbirat
Паролін бермеген шығар?
Zere
Неткен романтик еді мына Абас-шах? )))
Zilola
негізі Серік нөрмі ағай, идеясы бар әйтеуір не то что басқалар
asaubota
Валентинге альтернатив жасап, сол күннен құтылу ғой.
ken
Тiптi 15 сауiрде махаббат кунiн тойлау адетке айналып кеткен куннiн озiнде Валентин кунiн тойлау токтап калады дегенге сену киын. Сонда гашыктар кунi бiр жылда екi рет тойланады екен
satibaldi
Сондай-ақ Абас-шах Серік неге 15 сәуір екенін тапқан алғашқы 2 адамға 77 мың теңге сыйлық беремін дейді.

15 сәуір 1942 жыл — Гудерианның 12,43,59-шы моторланған әскерлері Украинаны Орша-Житомир-Степановка бағытында қоршауға алды.

P.S. Жүлдемді Vaxmann Bank-тегі SK800101DG есепшотына аударуын сұраймын.
omarbirat
Мақала жарияланған сайтта біреу 77 емес, 7 мың теңгеге-ақ айтып берем деп бағаны түсіріп тастапты ғой :))
satibaldi
Тамақ үшін жұмыс істейтін адамдар ғой.
manshukn
ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенттері бұл күнді насихаттауды былтыр бастап кеткен болатын. Қазақстанның жұлдыздары мен ҚазҰУ-дың жұлдыздары концерт жасап, сонда арнайы «Мәңгілік махаббат күні» деп жазылған открытканы әр келген адамға таратқан болатынбыз.
sammita
ия. Жалпы 2005 жылдан бастап тойланып келеді дейді көп жерде. «Баян сұлу-Қозы Көрпеш күні» болып.