Баяғыда...

Баяғыда осы уақытта қолымыз күс-күс болып асық ойнауды бастап кететінбіз.Екі метр жер қарайса жетуші еді бізге. Қолымыз жарылып, тілім-тілім болып қаны шығып тұрушы еді. Оны жусаң ашиды. Өтірік -өтірік жуа саласың. Кешкісін қаймақ жағып бір жұмсартып аласың. Бүдір-бүдір қолмен мектепке де бара беруші едік))))
Дәл осы уақытта әріректе етектері желп-желп етіп қыздар «мак» ойнап жататын… Олардың қолы жарыла ма жарылмайма білмейм енді.
Бөлісу:

6 пікір

asaubota
біз апрельдерде тақыр іздеп жүруші едік сол асық ойнауға
sammita
аха, есіме түсіп кетті:))))
patick
біздер… біздер…
есімде жоқ сәуірде не істейтініміз.
Abilakim
Сәуірде елбасын сайлайтынбыз дей салсаңшы…
edige
Сайланғанды сайлаймыз
bagaline
жерге пышақ, бәкі, біз, атвертке қадағанға мәз болатын едік ))) «ауру қалса да, әдет қалмайды» деушімет көктем шықса, бұтақ болса да қадаймыз. табиғат өздігін алмай қоймайды ))