Адамдар көп ауруды ниетінен табады

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Бақытсыздық, барлық ауру, кедейшілік, тағдырының құбылмалылығы адамдардың
мінез-құлқының жақсы, жамандығына, ой-өрісінің биік, таяздығына, таным – түсінігінің тар, кеңдігіне, ерік күшінің мықты, әлсіздігіне, рухани жан дүниесінің бай, жұтаңдығына да тығыз байланысты. Адамдардың мейірімділігі мен қатыгездігі де, ізгі, адамгершілікке жат істері де өзіне сондай жамандық, жақсылық әкеледі. Біреуге жасаған қиянаты күндердің күнінде зауалын тигізеді. Мұның бәрі денсаулыққа пайдалы, зиянды әсерге толы. Бұл – дәрігер, психолог, ғалымдардың ғылыми зерттеулерге негізделген пайымдаулары. Біз төменде медициналық, ғылыми басылымдар бойынша дайындалған болжамдарды ортаға салмақшымыз. Оған сену, сенбеу әркімнің өз ықтиярында.
Жақсы, жаман ойлар
Күнделікті тіршілікте адам-ның ойы да денсаулығына, көңіл-күйіне әсер етеді.
1. Бақытсыздық туралы көп ойлаған адам бақытсыздыққа тап болады.
2. Сырқат туралы көп ойлаған адамға түрлі ауру үйір келеді.
Сол себепті әркім дұрыс ойлауға, жақсылықтан үмітін үзбеуге тиісті. Адамның ақыл-ойы мен ішкі сезімі, рухани жан дүниесі өзара байланыста болғандықтан, олардың бірі өз міндетін дұрыс атқара алмаса (адам ойы бұзылса, ішкі сезімі бұзылса, көңілге алаңдаушылық, торығу енсе), оның басқасына зияны тиеді, денсаулықты әлсірете бастайды.Адам өзінің әлсіздігін, сырқатын ойлай бермеуі үшін бір жұмыспен айналысып, оны естен шығаруға тиісті. Адамды қажытатын нәрсе ең бірінші — ой. Ең бастысы, өмірдің қайғы мен қуаныштан, жамандық пен жақсылықтан тұратыны, бір қиындықтан кейін бір жеңілдік келетіні есіңде болсын.
3. Жақсы ой жаныңды жадыратады, жан-тәнің түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтеді. Жақсылық ойлайтын адамға жұқпалы аурулар да жоламайды.
4. Біреуден айласын асыруды ойлайтын пысықай, қу адамдар көбінесе асқазан жарасы мен асқазанның қабынуы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, оның өзге де дерттерімен ауырады.
5. Бүгінін, болашағын ойламайтындар, тек қана өткенді еске алып тамсанатындар, туған-туыс, ата-анаға көмектесуді ойла-майтындар негізінен, құяңға, тағы да басқа омыртқа кеселдеріне шалдығады.
6. Өзіңде жоқ нәрсені емес (байлық, мансап, атақ, дүние-мүлік, және т.б.), өзіңде бар нәрселер туралы ойлаңыз. Жоқ нәрселер туралы көп ойламайтындар сирек ауырады.
7. Сезімталдық – ақыл, ойды топтастыра алатын-дарға тән қасиет. Сезімталдықты дұрыс пайдалана алмасаң терің құрғай береді, табиғаттың еркек, әйел заңдылығы бұзылады.

Ақ, қара ниет.
Жамандықты ешкім де өзіне қаламайды. Жамандық ешкімге керек болмағандықтан, ол шыққан жеріне (жамандық жасаған, жамандық тілеген) қайтып барады, сол адамды қинап, қайғыртады.
1. Біреуге жамандық тілесең, ол өзіңді де бақытқа, еркіндікке, табысқа жеткізбейді.
2. Қара ниетті адамдарды Аллаһ Тағала жарылқамайды, аруақтар желеп-жебеп жүрмейді.
3. Адамның ниеті, мақсаты ақ болмаса, ондай жанға сана бітпейді, парасаттылық дарымайды.
4. Біреуге нені тілесең, Аллаһ Тағала саған да соны береді. Олай болса, ниетің қашанда ақ болсын.
5. Қара ниет иесін қара жылан болып шағып, жан дүниесін қарайтып, шірітеді. Ондай адам ұзақ өмір сүрмейді.
6. Ниетің ақ болса, жан дүниең ағарып, жамандық жуымайды, үнемі көңіл күйің сергек болады. Қара ниет жан-тәніңді ауыр жүк болып басады, еңсең түседі, ұйықтағанда бастырыла бересің.
7. Ақ ниетті адамдардың ынтымақ, ырысы мол болады. Өмір бойы сый-құрметке бөленеді. Аман-сау жүруіне сырттай да ақ тілектер көп айтылып, ол жанын, тәнін ауру-сырқау, түрлі жамандықтардан қорғайды.

Қуанышты, қайғылы көңіл күй.
Қуаныш, күлкі – адам жанының шипасы. Қайғымұң адамды ерте қартайтады, түрлі ауруларға ұшыратады.
1. Шексіз қатты қуану кейде жүрек талмасына да әкеліп соқтырады.
2. Үнемі қайғырып, аһлап-уһлеп жүру өкпені зақымдайды. Сары уайым, торығу ағзада қанды азайтады, темір құрамын кемітеді.
3. Жылауық адамның жүрек қабы қабынады, ол жүрек ауруын күшейтеді.
4. Үнемі үрейленіп, шошыну көңіл күйінде болатындарда өт жолы қабынады, қант диабетіне шалдығады.
5. Өз пікіріңді ашық айтудан, бойыңды билеген көңіл-күйді білдіруден қашпаңыз, ұялмаңыз. Сырттай сабыр сақтап, іштей қарсыласу – жаныңызды жегідей жеу, денсаулыққа зиянды жағдай.
6. Жиі қуанып, жиі күлуге тырысыңыз. Аздап жымисаңыз болғаны, миға «өмір тамаша!» деген рефлекстік дабыл жетеді. Мұны жүйке жүйесі ішкі ағзаларға – қалқанша безіне сездіреді, жан-тән жайланады.
7. Күндей күліп, жадырап жүрмесең ешкімді де жылыта алмайсың. Қабағыңнан қар жауып жүрсе, ешкім де саған жақындамайды. Қуанышты көңіл күй өзіңе де, басқаға да шипалы әсер етеді.
Мінез – құлық, қылықтар.
Ақыл – парасат иесі – адамдардың жаны, тәнін жайлаған дерттен емделуі, өзгелерді де сондай сырқаттан емдеуі өзін-өзі тура жолға салуынан, мінез-құлқын дұрыстаудан, жат қылықтар жасаудан, харамдықтан тиылудан бастау алады.

1. Қызғаныш
Барлық жамандықтың негізі, ататегі. Қызғану, күндеу адамға ажал шақырады. Қызғаншақ адамға ешкім де жоламайды. Қызғаншақтықтың, көре алмаушылықтың жалыны тозақтың отымен пара-пар. Тозаққа апаратын көлікке ешкімнің мінгісі келмейді, сол себепті дос, жолдас, тілектестерің көп болсын десең орынсыз қызған-шақтыққа салынба, көре алмаушылықтан құтыл. Қызғаншақтықтан құтылған жерде ұрыс-керіс болмайды.

Қызғаншақ, өзіне-өзі сенімсіз адамдар бүйрек ауруына ұшырайды. Қызғаншақтыққа көре алмаушылық қосылса, бауырды зақымдайды.

2. Өкпе, ашу, ыза.
Жамандық, жат қылық жасайды деп ойламаған адамға өкпелеуің – оны сондай іске қимағаның, түңілмегенің, жүрегіңде оған деген құрметтің өшпегені, әлі де сыйлағаның. Алайда не болса соған еш себепсіз өкпелеу, ашулану, ызалану адамгершілікке жатпайды, ол жан-тәніңе ауру шақырады. Өкпешіл адамдарда болатын ауру: лимфа түйіндерінің қабынуы.

Өкпелегіш, кешірімсіз адамдардың асқазан астының безі ауырады.
Отбасында, жұмыс орнын- да, ағайындар арасында олардың ашу-ызасын, ренішін басып, тыныштық орнатып отырмаса, татуласпаған ашуланшақтардың, ызақорлардың (сондай сезімде жүргендердің) көк бауыры – талағы ауырады. Аллергияға ұшырайтын-дар: ызақор, ашуланшақ адамдар.

3. Үрей, қорқыныш, сенімсіздік.
Адам жанын үрей, қорқыныш билесе, өзіне-өзі сенімсіздік танытса, өзгелердің сөзіне, ісіне күдікпен қараса жалғыздыққа тап болады. Жалғыз қалған адамнан жақсылық көре алмайсың. Ондай адамдардың бойында менмендік, тәкапарлық, басқаларды жек көру сезімі пайда болып, жаны-тәні қайғы-мұңға батады, олар күйрек келеді, алдау-арбауға көп түседі.Ызақор, ашуланшақ адамдардың бауыры ауырады.
Тұрмыс-тіршілігіне, маңайындағыларға қорқып-үркіп қарайтындарға бауыр дерті үйір. Өзінің көркіне, тартым-дылығына сенімсіз әйелдерге, өзінің бел қуатына күмәнді еркектерге тән аурулар: сусамыр мен ұйқы безінің сырқаттануы.Өмірім, тұрмыс-тіршілігім қалай болады, нанымды тауып жей аламын ба, деп үнемі үрей құшағында жүретіндерге ауыздың уылуы, тамағы мен кеңсірігінің зақымдануы жиіжиі болып тұратын жағымсыз жағдайлар. Өз-өзіне сенбейтіндердің сүйегі ауырады, тістері тез түседі.
Ешкімге де, тіпті Құдайға да сенбейтіндердің буын-буындары ауырады.
Өзіне-өзінің көңілі тол-майтындар жүрек-қан тамы- ры ауырынан зардап тартады.
Болашаққа сенімі жоқ адамның өкпесі ауырады, үміті үзілсе – туберкулез басталады.
Өзіне де, өзгелерге де сенімсіз адамдар – жан-жалшыл. Олар әйелдерге үстемдік жүргізуді қалайды, ешкімге, ешнәрсеге сен-бейтін әйелдердің әуелі ұяты қашады, сосын олар өтірік айтып, алдауға көшеді.
4. Мейірімділік, қатыгездік.
Адамдардың бойындағы асыл қасиеттердің бірі- мейірімділік. Адамдардың адамдарға мейірімділік жа-сауы, көмектесуі, жанашыр болуы-ең басты парызы. Өйткені біздің бәріміз де Адам (с.ғ.) пайғамбардың ұрпақтарымыз. Қатыгездік қатыгездікті туғызады, күнәға батырады, қарғысқа ұшыратады, Аллаһ Тағаланың мейірім шапағатынан айырады. Адамдар бір-біріне ғана емес, қоршаған ортасына, барлық тіршілік иелеріне – жан-жануарларға, өсімд-іктерге де қатыгездік жа-самауға, оған мейіріммен қарауға тиісті.
Қатыгездік иесін өлтірген-ше тыным тапайды. Кешірімсіз болу – асқазан асты безінің ауруына соқтырады. Қатыгез адамдардың бауырында, бүйрегінде тас көп жиналады.
Мейірімді, қайырымды болмасаң – бұлшық еттерің бос болады, әсіресе, ішкі құрылысыңның, жүрегіңнің бұлшық еттері босайды. Ашық, жайдары болмаған, қатал адамдардың бүйрегі сырқаттанады, ішек-қарыны, тоқ ішегі жаман жұмыс іс-тейді. Адамдарды жақсы көр-сең, оларға мейіріммен қарай білсең, жауыздыққа барудан тиыласың, қанға батып, біреудің күнәсін өз мойныңа асудан құтыласың, қатыгездік, зұлымдық, жамандықтан бостандық аласың.
Біреуге теріс бата берсең де – жамандық, жауыздық жасағаның. Мұндай адамдар Аллаһ Тағаланың қаһарына ұшырайды, ауру – сырқаудан көз ашпайды.
5. Сараңдық, дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік
Жомарт – жолы болғыш, сараң-сары уайымшыл жандар. Тірі кезінде адамның көзі дүниеге тоймайды, екі көзіне құм құйылғандарға ғана қабірлік жерінен басқа ешнәрсенің қажеті жоқ. Ешкім де дүние–мүлкін о дүниеге өзімен бірге алып кетпейді.
Сараң адамдардың ішінде жиналған улар, залалды қосылымдар сыртқа шықпай, ағзаны улайды. Сараң, дүниеқоңыз адамдарға тән аурулар: өт қабына тас байлану, холециститке ұшырау.
Іші тар, сараң, дүниеқоңыздың іші де қатады, зат алмасуы да бұзылады.
Көзі тоймайтын пайдакүнем, қанағатсыз адамдардың бұл қылықтары ағзасында қан қысымын жоғарылатады, жағдайсыздыққа душар етеді.
Асқазан – ішек, үрпі безі (простата), жатыр ауруына шалдығатын адамдардың көбісі – үсті – басын күтінбейтіндер, өз қажетіне ақшасын да, уақытын да қимайтындар.
Семіру – сараңдықтан да, текке керексіз зиянды қақтардың (шлактардың) сыртқа шығып кетпей, майға айналуынан. Бойында қанағат, рахымы бар, мақсаты адалдықпен Отанын қорғау болатын адамға жауларының қолы көтерілмейді, көтерілсе де дәрменсіз, олардан оқ та қашады.
Аурудың асқынуына ықпал жасайтын адамның бойындағы үш жаман әдет: ашкөздік, ызақорлық, на-дандық.

6. Жезөкшелік
Ол – қай халықтың да қайғы-қасіреті. Зінақорлық – шариғатта да ең ауыр күнәлардың бірі.
Қазір теледидардан, кино- театрлардан көрсетілетін эротикалық фильмдерді «тамашалау» да, басқа қыз- келіншекке нәпсіқұмарлықпен қарау да күнә болып саналады. Маскүнемдік, жезөкшелік қай халықтың да ұлттық дерті. Жезөкше, нәпсіқұмар адамдардың иісі сасық болады, олар жыныс ауруларына шалдығады.
Әйелдердің қорғаны — некедегі күйеуі. Егерде әйел көп еркекпен қарым-қатынаста болса, бұл қорғаныш күші соларға бөлінеді де азаяды. Қорғанының тоз-тозы шыққан жүргіш әйел көп қорлыққа тап болады, жезөкшелердің жиі өлтірілуі сол қорғанышының жоғалғанынан.
Еркектер қанша әйелдермен жыныстық қарым-қатынаста болса, солардың бәрі үшін де жауапты. Некедегі әйелінен айырылып кетсе де оның алдындағы жауапкершілігі мойнында қалады. Көп әйелдердің ал- дында жауапкершілігі кө-бейетін болғандықтан, он-дай еркектердің күш-қуаты да кемиді, ақыл-ойы да таязданады, жан дүниесінде құлдырау, көңілінде құлазу басталады. Мұндай адамдарға түрлі аурулар үйір болады.

Адамда ақыл-ойы мен жүрегі сезіне алатын шынайы махаббат бар болса, төменгі жақтың құмары – басқамен төсектес болу тиылады.
Егерде адамдар жан-жағына, жұбайына сүйіспеншіліксіз, жақсы көрмей қараса, ол кісіде көп ұзамай көз ауруы басталады.
«Жақындарымнан шаршадым, көзіме көрінбесе екен» дейтіндер көбінесе алыстан ғана жақсы көре алады, жақыннан дұрыс көре алмайды.

7. Мақсатсыздық, бұзықтық, әлімжеттік
Қиындығы да, қуаныш-қызығы да мол мына жарық дүние – қамшының сабындай қыпқысқа. Өмір көшінің қозғалысы жылдам. Сол себепті әрбір саналы азамат өзінің өмірін мәнді де мазмұнды өткізіп, соңына жарқын із, ұрпақ, жақсы сөз қалдырып кетуге, бір-бірінің бұл өмірде өздеріне қонақ екенін түсініп, сыйласуға тиісті. Адамдардың басының ау руы – көбінесе мақсатсыздығынан, Алласына жол таппауынан.
Ер-әйелдің шашы көп түссе — негізінен, олардың қиыншылықтан қорқуынан, мақсатына жетуге сенімсіздігінен. Қарапайым, момын емес, керісінше, бұзық адамдардың қалқанша бездерінің шеміршектері қозып, ағзаны ауруға ұшыратады.
Біреуге үстемдік құрғысы келгендерге де билеп төстегісі келетіндер көбейеді. Бәрі өз пиғылынан болғандықтан, оларды жеңе алмай қапаланады, жүйкесі тозады.
Зорлықшылдық, айлакерлік дүниеқоңыздықты туғызады. Соның салдарынан еркектер мен әйелдерде қулық, екіжүзділік пайда болады, оның соңы күншілдікке ұласады, еркектер шу шығарғыш, ұрысқақ болады, әйелдер өсек айтады, бастарынан бағы таяды. Әйелдердің дауысы дөрекіленеді, олар боғауыз айта бастайды, отбасы құлдырайды. Сыйласпаушылықтың ең шыңына шыққанда отағасы ауруға ұшырайды, отанасы ессіздікке тап болып, құлдырайды.
Бөлісу:

6 пікір

edige
«Ең бастысы, өмірдің қайғы мен қуаныштан, жамандық пен жақсылықтан тұратыны, бір қиындықтан кейін бір жеңілдік келетіні есіңде болсын.» +1
Австралияға кетіп бара жатқан ауруды өзіміз шақырып аламыз ғой. «Ой ауырайын деп жатырмын» деп
VKM
100 пайыз солай деуге болмайды(
sammita
ештеңеге ешқашан 100 пайыз кепілдік берілмейді.
sammita
Мақсұтбек аға астаналық «Инфо-Цес» газетінің қазақ бөлімінде жұмыс істейді. Өте пайдалы, мазмұнды дүниелерді жариялап тұрады. Орыс тілді газет болғандықтан, айқара екі беті ғана қазақшаға арналған. Әртүрлі тақырыптарды қозғайды.
Әр аурудың пайда болуының ықтимал себебі туралы М.Кемел ағаның «Ақыл қалта» кітабында да түсінікті жазылған.
Оқуға, сенуге тұрарлық екен.
satibaldi
Жезөкшелік ниетке емес, қызмет түріне жатады.
edige
Жұмыссыздықты жою соның арқасында шешіліп жатыр ғой. Миллионердің інісі Кузеевті тұтқындап бейнематериалдары іске аспай «Дәлелсіз» деп шығарып жіберген З.Кейкбасова қаншама адамдарға қол ұшын беріп отыр екен дә а. /Жұмыспен қамтамасыз етіп/