Тағыда сол БИОГАЗ жайлы

Биогаз қондырғысына қатысты тағы бір аударманы ұсынбақшымын.
Бұрынырақ ең қарапайым түрі жайлы сөз болған. мына жерде
Биогаз негізінде — «тозақтың» қойыртпағы. Оның негізгі құраушылары: метан (55-70%) және көмірқышқылгазы (28-43%); аздағанмөлшерде бұл жерде басқалары да бар, сондай-ақ химиялық агрессивті түрлері де табылады. Мысалы, күкірттісутегі(сероводород). Биогаз алу үшін бұларды ескермесе болмайды. Орташа есеппен 1 кг органикалық заттан 70% тік биологиялық шіру процесі кезінде 0,18 кг метан, 0,32 кг көмірқышқылы, 0,2 кг су және 0,3 кг ыдрамайтын қалдықтар алынады.
Органикалық қалдықтардың ыдырауы(шіруі) биогаз бөліну арқылы жүреді. Ол әрине белгілі бір топтағы бактериялардың қатысуымен болады да, әрекеттің тезірек жүруіне қоршаған ортаның әсері мол болмақ. Таратып айтсақ — температура. Жылырақ болса, органикалық шикізаттың ферменттелу дәрежесі мен жылдамдығы артады.

Барлық жердегі орта Ташкенттегі немесе Шымқаладағыдай болмағандықтан – осы жағына көңіл бөліну керек, яғни ыдыратуға(шірітуге) жиылған органикалық қалдықтардың ыдырауына себекер орта жасауға тырысуымыз керек. Қидың ыдырау кезінде бөлінетін жылуды дұрыс қолдансақ бұл мәселе оңай шешілмек. «Газ шығаратын орталық» қондырғыны – былайша айтқанда «метантанкті» жасауда сол қидың маңызы зор болмақ. Ал оны екі қайтара, алдымен электрдәнекерлегішпен екінші рет(сенімділік үшін) газдық дәнекрлегішпен қалыңдығы 2...5-мм лік «тоттанбайтын» темірден жасалады. Биогаз қондырғысын шикізатпен толықтырып отыратын орын және ыдырамай қалған қалдықтарды алатын орын ойластырылуы керек

Ұсынылған сызбада жасалу әдісін ретін қарастырамыз.


1 – аэробндық ферменттеуші ( коррозияға төзімді – мысалы, ағаш – қорап түріндегі конструкция артқы және алдыңғы қабырғалары ашылатындай боуы керек), 2 –Беті ағаш тақтайлармен жабылады, 3 – Құюға арналған метантенктің ауызы (дәнекерленген конструкция 2,5-мм «нержавейкадан»), 4 — метантенк (сыйымдылығы сіз ойлағандай химиялық тыңайтқыштар сақтайтын ыдысболмаса қалыңдығы 2,5...5-мм «нержавейкадан» )дәнекерлеу арқылы жасалады, 5 – механикалық қотарыстырғыш(бұлда «нержавейкада»н дәнекерлегштің көмегімен жасалмақ, 6 – биогазды бөліп алатын түтік(труба), 7 – жылылықты сақтау мақсатында жасалатын қабат( керамзита немесе пенопласт), 8 – решёткаланып жасалған еденл ( 100x100 мм- лік ағаш брустар), 9 –ағызғыш түтік, 10 — технологиялық канал, 11 –кірпіштен жасалатын төсеніш, 12 — тығын – жылы ауа бағыттағыш дәнекерлеу арқылы жасалған ( 100-мм қалдық трубадан 32x5, «нержавейкадан»), 13 –Жылы(ыстық) ауаны айдағыш)

Биогаз шығатын жолдан конденсатты бөліп алуға арналған құрал:

1 — биогазжібергіш, 2 — V- түріндегі трубка («X» тің ұзындығына назар аударыңыз), 3 — конденсат.

Металдан жасалған цилиндрге ұқсайтын ыдыс — метантенк – құюға арналған көмейі бар, төгуге арналған кран, механическалық қотарсытырғыш және биогаз бөлінетін түтік бәрі бір ыңғайлы конструкция рет інде құрастырылады (Суретті қара). Құрастыруға ең ыңғайлы ыдыс – сізге қажет көлемдегі химиялық тыңайтқыштардың босаған ыдысы келеді, қолданылатын қосымша тетіктерімен құрамдары тотбаспайтын материалдана жасалғаны абзал. Ескеретін нәрсе — «газшығаратын орталық» аэробондық ферменттегіштің ішіне орналасатыны, ал оны төрбұрыш етіп жасауға да болады(яғни тақтайлар қолдансақта болады).

Ферменттеушінің екі бүйірлік қабырғалары ашылатын болуы керек – ыдырап болған қалдықтарды алуды жеңілдетеді. Едені решеткаланып жасалады. Оның астында орналасқан технологиялық канал арқылы ыстық ауа айдалады. Оның әдістері көп.

Ферменттеушінің үсті тақтай қалқанмен жабылады. Жылу сақтау мақсатында қабырғаларымен едендеріне керамзит сияқты материалдар қолданылады.

Метантенкке көмейі арқылы алдын ала іріқараның сідігіне езіліп жасалған қи құйылады. «Технологиялық шикізаттың» ылғалдылығы 88-92% мөлшерінде болуы керек. Ал енді бұл қойыртпақтың деңгейі құюға арналған көмейдің төменгі бөлігі шамасында болуы керек Аэробондық ферменттеушіні жоғарғы ашылатын бөлігінен қатқыл қимен немесе сол қиды қашекпен, қалдық шөптермен араласқан түрімен толтырылады.Ылғалдығы 65-69%.

Ауаның әсерінен ферменттеушідегі қалдықтар органикаға ыдырап жылу бөліне бастайды. Бұл жылу метантенкті қыздыруға әбден жеткілікті, оның ішіндегілер араластырылып отырады (Конструкцияда ол ойластырылып қойылған, сондайақ физикалық құбылыс – конвекцияныңда әсері мол). Осылайша биогаз бөліне бастайды. Ол газ метантенктің жоғарғы бөлігіне жиналады. Арнайы қойлған түтікше арқылы биогазды «магистральға» бағыттаймыз да әрі қарай қолдана береміз.

Ал енді осындай биогаздық қондырғыны қолданыс барысында биохимиялық тепетеңдікті сақтауға көңіл бөлінуі керек. Кейбір жағдайларда аэробондық ферменттелу процесі кезіндегі қышқыл түзуге қатысатын бактериялардың жылдамдығы сол қышқылды әрі қарай қорытатын басқа топтағы бактериялардың жылдамдығынан жоғары болуы мүмкін ғой. Мұндай жағдайда қойыртпақтың қышқылдығы артады да биогаздың бөліну мөлшері азайып кетеді. Мәселе күнделікті қосылатын шикізаттың көлемін азайту арқылы немесе оның еру қабілетін күшейту(мүмкіндігінше ыстық су құю ) арқылы шешіледі. Тағы бір әдісі езілген әк немесе ас содасын қосып қышқылдықты азайту.
Биогаздың өнімділігі көміртекпен азоттың пропорциясы бұзылғанда да байқалады. Ондай жағдайда метантенкке құрамында азоты бар – мал сідігі немесе аз мөлшерде аммоний тұзы(химиялық тыңайтқыш (50-100 г бір текшеметр шикізатқа).

Сондай ақ ылғалдылықтың артық болмауын және күкірттісутектің(сероводород)(ол биогазда 0,5% ) мөлшерден артық болғаны қондырғының металл бөліктерінің шіруіне себеп болатынын ұмытпау керек. Яғни тиянақтылықпен қадағалап отыруымыз қажет. Кейбір кінәраттарды мұқият сырлауымыз керек (ең жақсысы құрамында қорғасыны бар сурик – екі қайтара сырлап, артынан кез келген майлы сырмен тағы екі рет жабу керек).

Опубликовано:
МК А. Ковалев
Бөлісу:

14 пікір

edige
Қолданылатын «тыңайтқыштар» жайлы айта кетсеңіз. Ұяттау болып тұрғаны. Кәдігі әжетханадан да алуға болады деген еді біреу.
KILYZAMAN
… Оның несі ұят? Дамыған елдерде баяғыдан, қолданыста бұл әдіс.
… Мысалы, Әбекеңнің «ашытқының күші» жайлы әңгімесіндегі қария сол толып кеткен дәретханаға тастайтын басқа бір химикатты білгенінде оның ішіндегілерден оңай еш асенизаторсыз ақ құтылғандай еді :-)
satibaldi
«Кассам» зымырандары сияқты ебедейсіз әрі қорқынышты қондырғы екен.
gunner
))) Қоймайды екенсің )), шал болсаң нағыз қырт шал болайын деп тұрсың ))
KILYZAMAN
Мына жерден осы технологияның елімізде қалай қолданылып жатқаны жайлы оқи аласыздар…
KILYZAMAN
Ұлттық өнертпақыштарымыз қашан ғаламторда мынадай сипатпен отырар екен ә???
Форум — БИОУСТАНОВКИ для получения биогаза
← Вернуться к сообщениям форума
Олг Владимирович сказал:
14.05.2009 — 12:50
Освоили производство установок для биогаза, переработки биологических отходов от живодных. Хотим перевести все сельское хозяйство на автономное питание, т.е. биогаз, электричество, тепло, и т.д. готовы ли люди закупату нас эти установки если мы будем предоставлять комплексные решени поставку, установку, монтаж, наладку, запуск. и т.д.
Алексей ответил:
28.08.2009 — 13:17
конечно готовы. скиньте предложение
алынған жері
Erlan
рас өтірігін білмедім, сосын сурап жатқаным ) спичкагы жағып тұрып, адам ішіндегі желін, жанып тұрған сіріңкеге бағыттаса, лап етіп жанады екен, сонда олда биогазба?
KILYZAMAN
Қиды үйге жақын жердегі мал базарынан жинап береді екен өздері… Жылу насосы немесе Биогаз — Бигаз немесе Жылу насосы… Бір шешімге келермін түбінде
KILYZAMAN
… Адамзат биогазды қолдануды бұрынна білген екен. Қазіргі Германияның көне тарихында қарапайым қондырғыларды тұрмыста қолданған деген дерек бар. Эльбаның батпақты жерлерінде қоныстанған Алемандықтарға батпақтағы қураған(шіріген) ағаштардан(коряганы осылай аудардым) айдахарлар елестейтін. Батпақты жердің шұқырларында жиналған газдың жануын олар Аждаханың от шашуы деп түсінген. Айдахарды тыныштандыру үшін олар ондай шұңқырларға тамақ қалдықтарын тастап отырған екен. Олар айдахардың түн ішінде келеді және оның жалынды тынысы шұқырларда қалып қалады деп түсінді. Тумысынан зерек Алемандықтар терілерден үлкен алаша тігіп онымен сол шұңқырларды жауып, сол терілерден жасалған жеңмен(трубалармен) отты үйлеріне жеткізудің амалын тапқан. Әрине, батпақты жерде құрғақ ағаш табу қыйындық туғызғандықтан зерек халықтың батпақ газын(биогазды) күнделікті тұрмыста қолдануына себеп тудырды.
XVII ғасырда Ян Баптист Ван Гельмонт шіри бастаған биомассаның жанатын газ шығаратынын байқады. Алессандро Вольта 1776 жылы биогаздың мөлшері шіріндінің көлеміне байланысты екенін байқапты… (  Ал 1808 жылы сэр Хэмфри Дэви биогаздағы метанды анықтады.

Алғашқы құжатталған биогаздық қондырғы 1859 жылы Бомбейде тұрғызылыпты.
В 1895 жылы биогаз Ұлыбританияның көшелерін жарықтандыруға өолдана бастады.
1930 жылдан бастап микробиологияның дамуына байланысты биогаз өндірісіне қатысатын бактерияларда анықталған…
forum.tvoymalysh.com.ua/index.php?showtopic=25909