Блогкемптен кейінгі «айтыс»
Алматы абыз алқап Алатаулы,
Нысанаға алды жұрт ол отауды.
Ұлы күн қарсаңында дүбірлетті
Блогты тұмар қылған бала атаулы.
Ағылдық шартараптан лек-лек болып,
Құрылтай – өзгесінен бөлек жорық.
Бөз үйде ҚазНеттің жанұясы
Түтінін түтетті үш күн, «шелек» болып.
Үстем болмай жаманның қыңырлығы,
Блоггерлердің болды бұл бір ірілігі.
Презентация түр-түрі сап түзеді,
Стартаптардың түріліп шымылдығы.
ҚазНеттің кең екен-ау жағрапиясы,
Ортақ мүдде, миссия үшін жан қиясың.
Волейболдатып жатса бір шоғыры,
Басқа топ қылқындырды мафиясын.
Ыңырсып келтірмейміз күйді ескірген
Оптимист ой жан-жақтан жиі естілген.
Таймкипер, тіркеуші, көже құйған…
Баршасына мың алғыс үйлестірген!
Әр блоггер жалғыз емес, соны ұқтық біз,
Иманды ұл, наз қылықты көрікті қыз…
Ертеңнің электронды мұрағатын
Баршамыз қызғыштайын қорып жүрміз.
Көңіл, шіркін, шаттанып тасыған, ә?!
Асығың түсіп жатыр алшы жаңа.
Кейінгіге бағдарды кескіндейтін
Бұл блогкемп үлкен істің басы ғана.
Нысанаға алды жұрт ол отауды.
Ұлы күн қарсаңында дүбірлетті
Блогты тұмар қылған бала атаулы.
Ағылдық шартараптан лек-лек болып,
Құрылтай – өзгесінен бөлек жорық.
Бөз үйде ҚазНеттің жанұясы
Түтінін түтетті үш күн, «шелек» болып.
Үстем болмай жаманның қыңырлығы,
Блоггерлердің болды бұл бір ірілігі.
Презентация түр-түрі сап түзеді,
Стартаптардың түріліп шымылдығы.
ҚазНеттің кең екен-ау жағрапиясы,
Ортақ мүдде, миссия үшін жан қиясың.
Волейболдатып жатса бір шоғыры,
Басқа топ қылқындырды мафиясын.
Ыңырсып келтірмейміз күйді ескірген
Оптимист ой жан-жақтан жиі естілген.
Таймкипер, тіркеуші, көже құйған…
Баршасына мың алғыс үйлестірген!
Әр блоггер жалғыз емес, соны ұқтық біз,
Иманды ұл, наз қылықты көрікті қыз…
Ертеңнің электронды мұрағатын
Баршамыз қызғыштайын қорып жүрміз.
Көңіл, шіркін, шаттанып тасыған, ә?!
Асығың түсіп жатыр алшы жаңа.
Кейінгіге бағдарды кескіндейтін
Бұл блогкемп үлкен істің басы ғана.
Қыс бойы күтім жасап, баптай алдық.
Келермен арасынан неге екенін
sammita, omarbirat'ты таппай қалдық…
Талайлар не болар деп қауіптенді
"Қазнеттің болашағы жоқ" дегендердің
Блогшылар ауызын жауып келді
Тұғырын өзінше әркім тапқан шығар…
Әй, бірақ, сол жабылған ауыздар ше?!
Ауызашарда ашамыз деп жатқан шығар...?!
Қонақ үйге бір рет келмедің де
Біздерді ұмытып кеттіңіз бе
Қайын жұртқа күйеу боп келгеніңде?