Блогкемп бітпей жатыр, бітпейтін сияқты

Елдің бәрі блогкемп бітті, өткені-ай, кеткені-ай десіп жатыр. Бірақ Алматылықтар үшін әлі бітпей жатыр. Блогкемптің алдында сенбі сайын жиналу әдетке айналып кетті ма, жоқ Керместің «магниті» бар ма әйтеуір автоматты түрде сенбі, жексенбіде Кермеске жиналып алатынды шығардық. Кеше 7-ге таман Қарасақал, Сағын, Жалғас, Жанна (Алтыградус), Патик, Батыр мен Саттар бар түріктердің времянкасыыы ой Керместің әрең піскен тамағынан дәм татып, шайын сораптап, біраз әңгіме соғып қайттық. Күн тәртібінде басты мәселе – блогкемптегі старт-апта Патик “100 мың теңгені берсеңіздер неғыламыз, бермесеңіздер де неғыламыз, шамаммен аты «Киностан» болады”,- деп таныстырған Қисық & Патик компанияларының жобасын талқылау. Жатып жабылып «талқылап», шешкеніміз Садық жөн-жобасын неғыла беретін болды, бәріміз де үлес қосып неғылатын болдық. Айтпақшы Киностанды неғыламыз деп барып, Керместің тамағы тез піспеген соң тағы бір-екі сайтты неғыламыз деген жаман ой келді. Тамақ тез келмеген соң, даяшы қыздар жөнді жауап бермеген соң Қарасақалдың сақалы тікірейіп, осындай кемшілктерді тізіп отыратын сайт жасайық деп ұсыныс тастады. Общм әлгі сайттың аты Лағнет.кз болатын болды. (Патик мәз менің блогымның лағнет бұрышы сайтқа айналатын болды деп) Садық тоқтай алмай «Не істеу керек» деген тағы бір сайт ашайық деп, барбаросса жоспарының шетін қылтитты. Общм не керек қазақ интернетінің «алтын ғасырының» исі мүңкіп кетті. Ресми түрде айтсақ соны серпіліс жасадық ауызбен әрине.
ПыСы: Айтпақшы Алматыдағы мини блогкемптерді тоқтатпаймыз деп шештік. Жақында бұл туралы жақсы хабар айтып қалармыз. Тоссыңыз.
Тағы бір ПыСы: Айтпақшы Әшөк Патиктің күрегін қайтаршы. Кеше күрегін ойлап тамақ ішпеді.
ПыСы: Айтпақшы Жанна екі-үш күнде Жапонияға қайтам деді. Жолың болсын Жанна. Абайлап жүрші. Бүгін тағы жер сілкініп, цунами болды десіп жатыр БАҚ. (Блогымның атын айтпақшы деп өзгертем-ау деймін)

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/03/28/%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3%d0%ba%d0%b5%d0%bc%d0%bf-%d0%b1%d1%96%d1%82%d0%bf%d0%b5%d0%b9-%d0%b6%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80-%d0%b1%d1%96%d1%82%d0%bf%d0%b5%d0%b9%d1%82%d1%96%d0%bd-%d1%81%d0%b8%d1%8f%d2%9b/
Бөлісу:

3 пікір

AsanQaigy
Сенб3 сайын жиналатыныңдар жақсы екен) лағнет.кз жасасын!!!
janarbek
Жақсы бастама, Осыдан соң ойлаймын беиресми әр жерде сондай топ болса бірігіп іс қыймыл жасауға(жазуға ) керемет болар еді.
VKM
Алматылық блогшыларға респект.Көппен көтерген жүк жеңіл дегендей… жақсы идеялар көп болсын!