Сайт керек пе?

Джумлада орнатылған сайтты басқара білетін, сайтты тегін иемденгісі келетін юзерлерге:

Саған (күшік) сайт керек пе? Мен qalamger.idhost.kz/ сайтын беруге әзірмін. Өзімнің басқа жобаларды қолға алуыма байланысты, жеке бас мәселелерінің көбеюіне байланысты, бос уақыттың азаюына байланысты сайтты жауапты біреудің қолына тапсыруды жүн санап отырмын. Одмин болам деуші еріктіге бере саламын.

Талап: Ешқандай міндет-шарттар қоймаймын. Сайтты бір қалыпты басқарып, қолданушыларды-оқырмандарды көбейтуге жұрт қатарлы үлесін қосса жетеді.

Жауып тастайын десем обал болып тұр.
Бөлісу:

13 пікір

Gastarbaiter
Базасын көшіріп, өшіре сал. Кейін керегіңе жаратасың.
patick
Ербол Азанбеков жүргізуге дайынмын деген соң бере салдым.
Gastarbaiter
Дұрыс болған екен. домен атын қысқартып, тағы бір жарнамалап жіберу керек екен.
Erbol
Бере салған жоқ, бір бұзаулы сиырға сатып алдым десең бааа. 4 мың долларға алдым. Қымбат емес па?
Abilakim
Сонда сиыр қымбат па, бұзауы қымбат па?!
Zilola
неткен пайдакүнем едің Патик?!
Просты так берем деп алып, ақкөңіл Ерболды алдап түсіріпсің ғо :))
patick
Жазғыра көрме, ит асырау оңай емес.
Zilola
ааа са-йт емес са-ит екен-ау, кечроң :)
patick
Мойнақты айтам да, күніне 15 кг ет жейді.
blackbeard
www.google.kz сайтын тегін берем! Қалаған нәрселеріңді іздеп тауып ала бересіңдер! Игіліктеріңе қолданып қана қоймай, менің артымнан дұға етуді ұмытпағайсыңдар:))))
Erbol
Не деген мәрт едің Қарасақал.(Көзіне жас келіп тұрған смайлик)
Zilola
шұлығееееееееееееееееем :))))))))