Мен де ұсынайын 3 кітап
qisyq бастаған эстафетаны жалғастырайын.
1. Шибуми
Бұл романның авторы Треваниан. Қауіпсіздік қызметтері, терроризм, шантаж, үлкен оргазм арқылы адамды жазалау, қарапайым әдістер, құралдармен адам өлтіру, үңгірлерге түсу және тағы басқа қызық оқиғалар… Бас кейіпкер Николай Хел бірннеше тіл білетін, неше түрлі айла, әдіс білетін, бүкіл қауіпсіздік қызметтері қорқатын суперкиллер-философ. Бұл кітаптың бір ерекшелігі 1970-ші жылдары жазылған. Бірақ, болашақты керемет болжаған. Шибумиді түсіну үшін оқу керек. Сонда сіз де өз шибумиіңізге жетесіз.
Мына жерден түсіріп алуыңызға болады.
2. Өлгендер қайтып келмейді.
Бердібек Соқпақбаевтың ең үздік шығармасы деп ойлаймын. Бас кейіпкер Еркін Мамырбаевпен бірге соғыс жылдарындағы кезге сапар шегіп келесіз. Бұл шығармада бәрі бар, қуаныш та, күйзеліс те, қосылу да, айрылу да. Өзім бұл романның басты тақырыбы — махаббат деп ойлаймын. Еркін және бала махаббаты Ғалия туралы.
Кітаптың онлайн версиясын таба алмадым. Кітап дүкендерінен де табу қиын болатын шығар. Тек кітапханалар немесе таныстарыңыздың үйінен ұрлап кетпесеңіз.
3. Рита Хэйвортты жақсы көретін адам
Бұл шығарманың оригинал аты бұлай емес, мен оқыған түрікше аудармасы осылай болатын. Кейін осы кітап бойынша киносы да түсірілді. Менің ең сүйікті фильмдерімнің бірі. Сіз де бұл фильмді көрдіңіз деп ойлаймын. Стивен Кингтің қорқыныш, мистика тақырыбынан тыс жазған шығармаларынан бірі бұл. Мазмұны туралы ештеңе демей-ақ қояйын, онсыз да білесіз. Орысшасын мына жерден оқысаңыз болады, қатты ұзақ емес, бір демде бітіресіз. Кітаптың оригинал аты: «Рита Хейворт немесе Шоушенктен қашу»…
Эстафетаны Өркенегроға тапсырамын, Өркеннің қандай кітаптар оқитын білгім келеді. Көп кітап оқитын сияқты.
P.S жазбаларды Кітаптар әлемі қауымдастығына қосылып, сол қауымдастық астында жазып отырсақ жақсы болар еді.

Өз басыма «Шоушенктен қашу» фильмі қатты ұнады.
Сатыбалды өзінің жоғары бағасын беріп отырғасын, бұл шынымен керемет кітап деген сөз, оқыңдар нақты!