Блогкемпке домбыраны не үшін апардым?
TOTY да қойыпты төтесінен сауалын. Домбыраны пәлен үшін тартамын, түгенді айтамын деп күнібұрын жоспар сайланбап едім, негізі. Әйтеуір, бас қосылса, бәлкім, ортақтаса Шәмшінің әндерін айтармыз, басқа бір кәдеге жарап қалар деп апарған едім расы. Домбыра апара салуда қиянат жоқ сияқты. Жейде үлестіріп жатқан кей блоггер әріптестерімнің шымши "Әдейі ерекшелену үшін әкелдіңіз ғой, иә?" деп қылжақтауы да ақыр соңында сол домбыраның шертілуі керегіне дәнекер еді. Зилола ханымның ұсына қойған көк түсті дәптері мен қаламы презентацияма бір сағаттай уақыт қала болған жағдай еді. Отыра кетіп бір нәрселерді шимайлай бастадым. Бұны Сатыбалды туралы толғаудың қалай шыққанымен бөлісу үшін жазып отырмын десем жарайтын шығар. Бірер сәттен соң мына бір екі шумақ туды:
Құрылтай көп блоггерді шақыра алды,
Өз тұғырын ҚазНет ақыры алды.
Интернетке телмірген жамағат көп
Майталман аз боп жатад натуралды.
Ей қазақ рухыңды ешкім сата алмас-ау
Мұнай, көмір, бидайды, сат уранды
Кекесінді сынымен қажайтұғын
Ағайын білесіңдер пақыр жанды.
Түгел сөздің түбі бір, блог атасы –
Не десеңдер, о деңдер, Сатыбалды.
Ғаламторда плюс жинап, ар жиғандар,
Төбесін көрсетем деп жан қиғандар.
Кәкір-шүкір ұсаққа құмар емес,
Танылған, мойындалған кардиналдар.
ҚазНетті өрге сүйрер деп сенейік
Багратионның ұлындай оригиналдар.
Кейін оны көптің талқысына ұсындық (видео Серікқазы ағамызға тиесілі сияқты):
Осы. Ешбір бөгде ой, «бұра тарту», ұра тарту болған жоқ. Әлгінде Айсұлтан айтып қап еді, қонақүйге бекер алып келмепсің деп. Несі бар, бұл келешек құрылтайымыз үшін құнды идея деп қабыл алайық.
Құрылтай көп блоггерді шақыра алды,
Өз тұғырын ҚазНет ақыры алды.
Интернетке телмірген жамағат көп
Майталман аз боп жатад натуралды.
Ей қазақ рухыңды ешкім сата алмас-ау
Мұнай, көмір, бидайды, сат уранды
Кекесінді сынымен қажайтұғын
Ағайын білесіңдер пақыр жанды.
Түгел сөздің түбі бір, блог атасы –
Не десеңдер, о деңдер, Сатыбалды.
Ғаламторда плюс жинап, ар жиғандар,
Төбесін көрсетем деп жан қиғандар.
Кәкір-шүкір ұсаққа құмар емес,
Танылған, мойындалған кардиналдар.
ҚазНетті өрге сүйрер деп сенейік
Багратионның ұлындай оригиналдар.
Кейін оны көптің талқысына ұсындық (видео Серікқазы ағамызға тиесілі сияқты):
Осы. Ешбір бөгде ой, «бұра тарту», ұра тарту болған жоқ. Әлгінде Айсұлтан айтып қап еді, қонақүйге бекер алып келмепсің деп. Несі бар, бұл келешек құрылтайымыз үшін құнды идея деп қабыл алайық.
тууу елки… барлық планды айтып қойыппын ғой :)
Патик сұмдық таймкипер.