60 жылдық есеп-қисап

Таңерең ұйқыдан тұру, жуыну, сабаққа бару. Тамақ ішу, ұйықтау. Күнделікті біздің орындайтын іс-әрекетіміз осы. Болмашы ғана көңіл бөлетін нәрселер жиынтығы да біраз уақытымызды алады екен. Мысалға, таң ертеңгі жуынуға – 15 минут, түсте – 5 минут, кешке – 10 минут уақыт кетсе, күнде жарты сағат уақытымыз жуынумен кетеді. Айына 900 минут (15 сағат), жылына 10950 минут (182,5 сағат). Демек, жылына жуынуға 7,6 күніміз кетеді. Егер адам орта есеппен 60 жыл өмір сүреді десек, 456,25 күніміз жуынумен кетеді. Ғалымдардың дәлелі бойынша адамның жеткілікті тынығуы үшін күнделікті 6-8 сағат ұйқы керек екен. Күнделікті сегіз сағат ұйықтар болсақ, бір күннің үштен бірін ұйқымен өткіземіз. 60 жыл өмір сүретін болсақ, 20 жылымыз тәтті түстің құшағында өтеді. Сексен жылдық өміріңіз болса 27 жыл ұйықтайсыз. Ал, Шоқан Уәлиханов 24 жасында «Қашқария» сапарын аяқтаған. Мектепте – 11 жыл, ЖОО-да 4 жыл оқимыз. Ал, шынында біз қанша уақыт білім аламыз. Кәдімгі мектептерде күнделікті алты сағат сабақ болады. Әр сабақ 45 минут. Бір күнде 45x6=270 минут. Күніне 4,5 сағат болатын болса, жылына 33,75 күн мектепке барамыз. 11 жылда 375,25 күн болады. Жоғары оқу орнында 90 минуттан төрт пар болады (90x4=360). Орта есеппен жылына бір білімгер оқуға 210 күн барады десек, бір жылда 52,5 күн, төрт жылда 210 күн болады. Мектеп пен университетті қосқанда – 585,25 күн. Сонда бір адам 15 жылда небәрі бір жыл, жеті ай ғана білім алады.
Қазіргі кезде жастардың арасында «агент» көп тараған. Күніне кемінде бір сағат агентке кірер болса, жылына 365 сағат (15 күн) алтын уақыты агенттің құрбанына айналады. Алпыс жылдық өмірі бар адам 900 күн агентте отырады. Яғни, екі жыл, бес ай, жиырма күн. Өмірімізде бір жыл, жеті ай ғана білім аламыз, агентте екі жыл, бес ай, жиырма күн отырамыз.

Таңғы асқа жарты сағат, түскі асқа жарты сағат және кешкі асқа бір сағат (қазақтар тамақты кешке жегенді ұнатады ғой) уақыт кетеді. Екі сағат ас ішіп, аяқ босатамыз. Жылына отыз күн, он сағат тамақ ішеміз. Жасымыз алпысқа жеткенде бес жыл бойы тамақ ішкендей болады екенбіз. Сол бес жылда 45 тонна тамақ, 35 мың литр су ішеміз. (Не деген мешкейміз?!) Соншама тамақтың 19 мың литрін тер арқылы, 45 мың литрін түкірік арқылы шығарамыз. Шашты айына, тырнақты аптасына алса, ер адамдар сақалын күнде қырады. Егер ешқайсысын қырықпай, өсіретін болсақ тырнақ 5 метр 10 см, сақал 12 метр 50 см, шаш 11 метр 50 см-ге дейін жетеді екен.
Одан басқа адам баласы:
• Адам 17 жыл аяғынан тік тұрады.
• 2200 ат күшіндей энергия жұмсайды (Үлкен бір ұшақ моторының күшіндей).
• 300 мың метр жоғарыға шығады.
• 125 мың шақырым жол жүреді (Жер жүзін үш рет айналғандай).
• 101 күн суда болады.
• 80 миллион сөз сөйлейді.
• 288 тонна нәрсе көтереді.
• Темекі шегетіндер 116 мың дана темекі тартады. Егер бұл темекіні бір-біріне жалғар болса, 11 шақырымға дейін жетеді. Міне, ептеп-септеп есептеп үлгергеніміз осы. Біз үшін күнделікті байқалмайтын уақыт сынаптай сырғып жатыр. Жоғарыда келтірілген – 60 жылдық өмірі бар адамға арналған қарапайым мысалдар.
Оқыңыз, ойланыңыз, есептеңіз. Сіз қанша уақыт ұйықтап, қанша уақыт тамақ ішесіз? Келтірілген мысалдардың рас-өтірігіне көз жеткізіңіз!

Мақала «Нұр Астана» газетінде жарық көрген.

Пы.Сы. Сатып Алдының өтініші бойынша әжетханаға кеткен уақытты да есептеп тастайық. Сонымен,әжетханаға адам күнде қанша уақыт барады екен. Жарты сағатты бөлер болсақ, 60 жылда 456 күндей барады екен. Енді қалып кеткендері болса өздерің есептерсіңдер.
Бөлісу:

11 пікір

konvict
КерекИнфода отырғандарды есептеу керек екен.
satibaldi
Өте нашар, аналитикалық әлсіз мақала. Мысалы, әжетханадағы уақытты ұмыт қалдырғанының өзі неге тұрады, оның өзі адамның он жылын сарп еткізетін болар!
konvict
Ендігі жетпегені әжетханада қалай және қанша уақыт отыратынымызды жазу еді.Ал, жуынуға кеткен уақыт ше? Оны әжетханаға жатқызуға болатын шығар. Әлде сен туәлетте отырып газет оқисың ба? Он жылыңды арнайтындай
satibaldi
Лібә, бітеу адам құсап сөйлемеш. Бір молда айтып еді, жұмақта адамдар дәретке бармайд, жегендері таза болғасын деп. Жұмағыңның түрін.
Gastarbaiter
Қайдам, интернетші-блогерлердің көбейюі бұл статистиканы танымастай өзгертетін секілді. Аяқпен тік тұру ұзақтығынан бастаса да.
satibaldi
Редакцияға, есеп-қисабы бар жазбаға Тауық жылы туылған Таразыны қоюды ұсынамын, мынау Тауешкі барлығын бүлдіріпті.
konvict
Кетч нАқ! Не б темү сөйлемей.
TERISKEI
… жылына 33,75 күн мектепке барамыз. — бұл мектеп қай жерде?:)))))
Abilakim
/ 80 миллион сөз сөйлейді./

Мен бұл санды баяғыда басып өткенмін
konvict
Елдің бәрі соны айтып жатыр
araika
125 мың шақырым жол жүреді (Жер жүзін үш рет айналғандай).
қызық екен… егер бұл 60 жасқа дейінгі болса…