Шкафтағы бақша...

ШКАФТАҒЫ БАҚША НЕМЕСЕ АС БӨЛМЕДЕГІ ГИДРОПОНИКА
Бұрынырақ – Үйішіндегі бақша жайлы идеяны көзім шалған еді. Ол жерде идея авторы — үйішінде көкөністі өсіріп баптауға ыңғайлы шкафты қалай өз қолымен жасап алғаны жайлы әңгіме жасап еді.(Отбасына керектісі қалады қалған көкөнсіті базарға шығарады)
Сол идеяның төңірегінде шкафты жасап алу үшін бел шешіп, еңбектеп жүргенімізде(Кейбіреулеріміз жай армандап), оңтүстік кореяның Hyundai Engineering & Construction атты компаниясы ол шкафты жасапта үлгеріпті.
Шкафтың сыртқы көрінісі мен дизайнында сөлекеттік жоқ. Керемет! Мұздатқыштың көлеміндей ғана. Қабырғалары әйнек.
Еш топрыақсыз ( ылғал мен керекті тыңайтқыштар ерітінділері) гидропоникалық әдіспен өсірілген көкөністер олардың тез өсіп жетілуіне қолайлы болады екен. Адам еңбегі аз қажет етіледі.
Сенсорлы басқарылады. Әр сөре өзінше керекті мөлшерде сыртқа жылжиды.
Тағы бір ерекшелігі — бұл жүйе диодттық жарықтануды, ал көкөністерді суғаруға раковинадағы қолданыста болып кеткен ылғалды қолданады. Яғни, электрэнергиясы мен суды үнемдеп жұмсайды:
Интернеттің еш бұрышынан бұл қондырғының сатылымда бар екені жайлы мәлімет кездестірмедім, нарықтық қатынасқа толық түсе қоймапты
Яғни, Сізде тура осындай шкафты Қазақстан (СНГ) үшін жасап ұсынуыңызға мүкіндік бар. Біздің қарапайым тұрмысымызға әзірше шкафтағы сенсорлық басқару жүйесіне басымызды қатырмасақта болады.
Бөлісу:

32 пікір

asaubota
Қилеке, суреттердің оң жақ жаны мен астындағы ақ жерлерді қиып тастап, тек суреттің өзін салсаңыз болмас па екен? генератордағыларды түзетіп қойып едім, мынаны өзіңіз істеп көрсеңіз :)
KILYZAMAN
Өркенің өссін дер едім жасай салсаң, айналайын…
satibaldi
көкөністерді суғаруға раковинадағы қолданыста болып кеткен ылғалды қолданады.
Бұл жерде мақала авторына «Fairy мен Comet-тен қалған сумен өскен өсімдік түнде ұлып мазаны алмай ма?» деген заңсыз сұрақ туындап отыр.
KILYZAMAN
Loc қолданудың ұтымды жері көп. Әрі тыңайтқыш, әрі тазалағыш… Ағзағада зияны жоқ, онымен жуылған ыдыстарда зиянды қоспалар қалмайды.
Gastarbaiter
Канадада туалеттен шыққан боқтарды бірден өртеп жіберетін құрылғылар кеңінен орнатылған дейді әріптесім.
KILYZAMAN
Биогаз қондырғысы ғой деймін айтайын дегенің… Ол, мына Украинада да жасалып жатыр деп естіп едім.
nazlygul
Жылдам өсуі үшін диодтық жарықтандыру кезінде суық көгілдір түсті пайдалану керек,- дейді жапондық ғалымдар. Бірақ, дәл осы жолмен өсірілген жемістер түк дәмсіз сияқты. Сөлі шырыны жоқ сияқты ма, бір түрлі. Өзіміздің бақшадағылар ең дәмді сияқты.
monti
ең төмегі жағына, оригинал ссылкасын қоя отсаңыз нұр үстіне нұр ;)
balgyrgan
алдында Технотв-дан жасанды ағаштар туралы бағдарлама болды(кәдімгідей ағаштың функцияларының біреуін ғана орындайды — СО2ні сіңіреді). жердің/кеңістіктің аздығынан сондай идеялар туындайды. мынау да соның ар жақ-бер жағы екен + әдемілік/декор үшін қолданылатын, еш пайдасы жоқ дүние сияқты :((
satibaldi
Алдыңғы күннен бері не деп ойбайлап отырмын мына мен? Сол ғой, сол! Сооол!!!
Zilola
зияны туралы айтатын болсам, үйіңізден үнемі зәктің иісі шығып тұрады (ылғал топырақ немесе көгерген заттың)
Zilola
олай болмау үшін ауа алмасуы жақсы болуы шарт бөлмеңіздің (кухняның)
Erlan
көктем келе жатыр, роза гулін егіп кору керек болып тур, қош исті шыгыратын гудер болама?
edige
Мен жылда жұмыртқанын түбіне егіп тереза алдына қияр, қызанақ көшетін өсіремін. Күн жылығанда сыртқа отырғызамын. Ерте дайын болады
sammita
«жұмыртқанын түбіне егіп»
тауық жұмыртқасының қабығы ішіне ме кәдімгідей?
ErNur
Қандай жұмыртқа түсінбей қалдық қо? :)
sammita
сол ғо сол… тауық, қаз, үйрек.
Erlan
Қиярдын данін, 1 кундей жылы жерде суга салып, калкып шыккан алып тастауга болады, сосын 1-2 кун суда турса қиярдын данінде оскін пайда бола бастайды, одно развый стакандар бар гой, сол стаканға, отыргызатын жердін топырагынан топырак салып, ыдыстын тубін тесу керек, сосын даннің устінен 1,5 см дай топырак жабатындай етіп, данді егізсе болады, 1-2 аптадан соң, оскесін, одноразовый стаканды конц. ножбен или алмаспен тіліп оңай отыргыза саласын жерге!
Erlan
Китайский огурцыйларлар, тез арі колемі улкен болады! Дәнінінің пачкасы 200 тенге! пачкасында 100 дей дан болады! Одноразвый стакандагы 1 тубін базардан сатып алар болсанаң озбек или орыс кемпірден 70 тенге. 100 тубін *70 тенгеден алсан=7000 тенгеге шыгады. Дәннің 1 пачкасын 200 тенге сатып алып озің отыргызган тиімді. 6800 тенге калтанда калады )), 10 пачкадан 68000 тенге акша сти аласың, коп куш кажет етпиді, орыс кемпірлердің басы стид )
edige
Сол қытай қияры тұқым бермейді екен. Қалай жасағанын нақтар десе
sammita
үнемшілист екенсің нағыз:))
edige
Қызыққа ғой. Улкейгенде созылып кете береді екен. Жергілікті қияр сияқты сарғаймайды екен
sammita
Улкейгенде созылып кете береді екен.
дұрыс қо енД:)
Zere
Ия, біздің де қиярлар солай өседі. Біртүрлі дәу. Бір жылдары керісінше ұзыыын қиярлар шығып кеткен еді.
Erlan
геометриямен мен алгебра сүйікті сабағым болған бас қатыратын қызықты ))
omarbirat
Кинолардағы әлгі теплицасына қара сора өсіретін хиппилер елестеп кетті, неге екенін… :))
KILYZAMAN
Едіге бауырым, жұмыртқаны тесіп соған өскіндер өсіруді қолға алса керек… Ойымша құнарлы топырақ қолданған шығар. Әлде, олай емеспе? Ал енді өскіндердің солып қалар деген қауіпіңе орын жоқпа деймін. Былтырғы жылы жалғыз тал қызанақтың өскінін бойы 1,5 метрдей болатын қорапқа отырғызып күзде кәдімгідей жеміс алып көрдім. Ол жердегі қоданған әдісім-өскін бой ала бастағаннан бастап сәл қисайитып балақ жапырақтарын жартылай қырқып қайталап топырақпен бастыра бердім. Солайша 1,5 мет топыраққа толды да кейін тимедім. Алынған жеміс айтарлықтай мол болды. Бұл жерде тамырына ауа барып тұратындай қылып тесікетр тастап кеткенімді айтпаптым(түтікшелер тастадым. Быйыл алла бұйырса сол әдісті қайталап жақсы сорттарымен көрмекшімін
Erlan
Сол помидор бір жарым метрге дейін өседі екен Алмұрт талына бойлап шыққан, кортошканы жаңағыдай егеді деп естігем, үстіне топырақ салып отырады, мол өнім бередіміс
KILYZAMAN
Картошканы ескі тоңазытқыштың сыртқы каркасына егіп көрдім… Кешірек ектімбе екен, жоқ топырағы дұрыс болмады ма, айтарлықтай нәтиже көре алмадым :-( Быйыл тағы көремін