Науқастар: Рейтинг уқалаушылық синдромы
Кез келген рейтингілік блог жүйесінде ертелі кеш пайда болатын бұл індетті Рейтингуқалаушылық синдромы деуге болады.
Алғашқыда, сырқатты екеніңіз білінбеуі мүмкін. Бірақ тәжірибелі дәрігер оларды бірінші посттарынан-ақ таниды.
Науқасты мынадай симптомдарынан анықтауға болады.
1) Сайтқа әдемі шетелдік ник-есімімен тіркеліп алады. (Диагноз қоюға әлі ерте)
2) Беталды бәріне плюс қоя береді, тіпті жазбаны түсінбесе де. (Алғашқы сигнал)
3) Маған да плюс қойсын деген ниетпен, рейтингісі төмен қолданушыларға плюс қойып, астына «Мә, саған плюс қойдым!» деп жазудан тайынбайды. (Диагноз анықталу үстінде)
4) "Қарға мен түлкі" мысалының озық үлгісінде гипербола, эпитеттерін аямай, маған да сыр бұйырады деген ниетпен, орынды-орынсыз біреудің мәртебесін сипалаудан жалықпайды. (Болжалды диагноз қоюға болады)
5) Әрбір қойылған минусқа кәдімгідей алаңдаушылық білдіреді. Науқас асқынған кезде, минус қойған адамдарға қасиетсіз «Интифад» ұйымдастыруы мүмкін. (Анық диагноз қойылып, бекітуге болады)
6) Өзінің рейтингуқалаушылық әрекетін жасырмай, «Брат, плюс қойдым, маған да қояды деп үміттенем!», немесе мой миріңе кіріп алып, суретің әдемі екен, менің суретіме мына жерде дауыс беріп жіберші! деп сурет сілтемесін таратады. (Амбулаториялы түрде емдеуге көнеді)
7) Қойылған минус үшін адамдарға жеке хат жазып қоқан-лоқы көрсетуге тырысады. (Дереу жан сақтау бөліміне, әлі құтқаруға шанс бар)
8) Қараптан қарап, ешқандай сайыссыз, ешқандай түрткі, себепсіз, оның көмегіне мүлде зар емес адамдарға қаржылық сыйлықтар таратады, единица, актив сыйлайды. Және онысын міндетті түрде жария түрде жасайды.
(Интернетте жақсы репутация жинау үшін, дәл осындай іс-шаралар жасайтындай жағдайға жеткен бір-ақ адамды білемін. Бұл жағдайда медицина әлсіз көрінед.)
Мына науқас қай стадиясында екен:
sirix.yvision.kz/blog/105879.html
Ювиженде мың данасы бар екен ондайлардың:
tlp2010.yvision.kz/blog/65434.html
МИнус-Плюс туралы әңгіменің көбейюі сайт контентін мұңайған боққа айналдырып, бар жақсысын әжетханаға ағызып жіберетінін ұмытпаған дұрыс. Сайып келгенде сенің әлемің бір сайт шеңберімен шектелмейді ғой.

Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,
Сен кеткен соң артыңнан күлiп қалар,
Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Ақылсыз өзiн мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кiм көрмейдi,
Өз бағаңды өзiңнен кiм сұрайды?! — деген екен Абай атамыз
маған да плюсавать етесалш
в назиданиедемесе.