Қазақ блоггерлері. Олар кімдер? - "Таразы" бағдарламасы ("Хабар" арнасы, 25.03.11-23:25)
ЕСКЕРТУ: САПАСЫ НАШАР.
Сөз соңында
Сапасы үшін кешірім сұраймын, қолда бар аналог-тюнермен, "әйтеуір жоқтан жақсы ғой" деген пәлсапамен жазуға тура келді. Радиотолқындардың коллизияларынан Өркен екеу, Еркімбай төртеу боп көрінуі мүмкін (ал бесеу немесе одан көп болса — Сізде «белая горячка» :) ) Бәлкім, ертең сапалы жазбасын шығарып қояр өздері. Оған дейін талғажу болсын деген ой да.
Жалпы, «Хабар» агенттігінің уеб-саясатын түсінбей жүрм. Стрим-серверлері мынау екен: rtmp://212.154.153.109:1935 Бірақ ол хост сөніп тұрған сияқты. Флэш-сервер үшін тек лицензиялық төлемдердің өзі жылына төрт-бес мың АҚШ доллары тұрады менің есебімше. Канал мен сервер алғандары тағы бар. Оған да пәленбай мыңды тағы қосыңыз. Менің есебім бойынша, стрим-серверді басқару сияқты тозақтың жұмысына ешкім 800 доллардан кем ақыға келіспейді. Очм, осыншама ресурсқа соншама ақша шашып, ештеңесіз қалған жаман екен де. Қашан біз «каналдың сайтынан қарап алармын» деп, сеніп жүре беретін жайбарақат өмірге жетер екенбіз осы?

Өркеннің баласы:)
jazgan bireu bold ma eken tagy da:)
Көзіме елестетіп көрейін.
«Алло, Вава? Сен қазір құлайсың! Тез телевизорыңды қос! Қаз мені көрсетеді! Әне әне мен! Қой, көрмей қалдымы нес! Анау теңселіп кетіп бара жатқан сұлу қыз ше? Теріс қарап тұрған ия. Сол мен ғой. Қазір тұра тұр, тамақ жеп тұрған жерімді тағы көрсетеді. Әне-әне-әне!»
Мұрат Әбенов пен Өркенегро шенеуніктердің «блогтары» туралы жақсы айтты. жалпы күшті шықты, грамотно сөйлейді ғой біздің жігіттер және Гүлшат.
дүйсенбі күні түнгі 02:00де қайталайды.
зы: интернет және гугл бар болған рахат, иә? :)
Алдында мамам айтып отыр (телевизорда бір арнадан тағы Өркен сөйлеп жатыр екен) «Осы Өркен Кенжебек деген бала соңғы кезде көп шығатын болыпты, керім сөйлейді» деп. «Кеше сол Өркенмен бір столда отырып шәй іштім» десем мамам
шелекмәз болатын шығар дә?)))тәәк инетке шығатын кезде тағы бір көрермін енді
алғашқыда ерлан мен мұрат биліктің тапсырмасымен кевотыр ма деп қалғаным рас:)
Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі
Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы ©:))