Төрт шумақ өлең


Тағы да түн…
Қара түнді ұнатамын, ұғамын…
Мылқау түннен жауап таппай мазамды алған сұрағым
Темекінің түтініне еріп, мені тастап барады…
Ал сен болсаң… ал сен болсаң… телефоннан жыладың.
 
Тағы да сол. Көздің жасы. Көңіліңнің кірі, мұңдасым.
Біздік көңіл бір бүтіннен, екі жартыдан болғасын.
Сенің сонша тығылып айтқан, тұтығып айтқан әр сөзің –
Жүрегіме салмақ, жаныма қанжар, көңіліме құйған қорғасын.
 
Қара түн тастап сезіміңді, кете де барды-ау тау асып.
Ұйқылы-ояу бас көтерді бізді таныстырған қалашық.
Айтарға сөз жоқ, ал көңілімізде ой менен ой менен арбасып,
Есте жоқ ескі оқиғалар жатты бір-бірімен таласып.
 
Темекі менің осы бір сәтте досыма айналып кеткен бе,
Менің күлкім күлкі емес – тарттырып алған бетпердем.
Шарбы бұлт жапқан аспаннан сені іздеймін келіп үңіліп.
Көк ала түтін бейнеңді орайды көңіліме келген көктемде…

Мақала сілтемесі: http://qisyq.wordpress.com/2011/03/24/%d1%82%d3%a9%d1%80%d1%82-%d1%88%d1%83%d0%bc%d0%b0%d2%9b-%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d2%a3/
Бөлісу:

13 пікір

asaubota
түнгі темекіні ұнатушыларданмын. мысалы бүгін түнгі бесте оянып кетіп, ұйықтай алмай жаттым да коридорға шығып темекі тартып қайттым. қараңғы, жалғыздық, тып-тыныш, өзіңмен өзің қаласың, ойларыңмен…
qisyq
Өте таныс жағдай.
sammita
оқымаппын. Архивті ақтарғанның пайдасы міне. Күшті!!!
qisyq
Көп нәрсе оқымадың ғой…
Nurgisa
:) Қатты ренжідің ғой саммита апаңа. VKM болса бір сірә, «жас қой, әлі-ақ түзеліп кетеді» дейтін… ;) Ерлан Оспандыкіндей сенікін сақтамайтын боп тұр ғой, шамасы. Шаң басқан архивінен табылыпты бірақ.
qisyq
Енді… ертегідей сеніп жүрген апамыз… жерге қаратса… елге қалай қараймыз?
sammita
сен осы қоя салшы, нұрғиса атай.
Nurgisa
Кешірші, саммита. Ренжіп қалдың ба?
sammita
ұлы жұмбақ шешкендей алақайлап жеке басқа қатысты әңгімені қыстыруды қояйықшы осы. Болды.
Шаң басқан архивінен
бейсенбі бүгін. Менің жеке архивім емес.
Nurgisa
:) Иә, дұрыс айтасың!!!
Zako — ҚазНеттің Шерлогы.