Науша Наурыз Маңғыстауда!
Науша Наурыз Маңғыстауда!
Шадыман шаттығын жетелеп тағы бір Көктем келді Маңғыстауға. Алла нәсіп етіп, тағы бір Амал айымен, тағы бір Көктеммен, алыс жақындағы ағайынмен тағы бір қауышуға жазды. Жұмыр Жерден Жыл айналғанда, жан біткенді жадыратып, көкірек біткенге самал құйып, көңіл біткенді көк дөненге мінгізіп, табиғатқа әр, тіршілікке нәр беретін Науша Наурыз жетті Маңғыстауға.
Сөз арасында айта кеткен орынды, Маңғыстау халқы Наурыз мерекесін тойлауды 14 — наурыздан бастап кетеді. «Амал күні», «Көрісу күні» аталып кеткн бұл мереке Қазақстанның батыс аймақтарында ерекше мәнге ие. Григориан күнтізбесіндегі әр айдың 14 жұлдызы араб күнтізбесі бойынша айдың басталуы. Наурыз айының 14 і күні Хамал, Амал айы келеді, бұл бұрынғы қазақтар үшін Көктемнің басы, Көктем келген күн! Қысқы қыспақтан аман есен шыққанына, тәубә деген жұрт, жаңа түскен келіндей боп босағадан сызыла аттаған Гүл Көктеммен бірін бірі құттықтасады. Табиғаттың өзі жасарып, жаңарып жатырғанда саналы Адам есімімізге ауыр болар деген оймен, Ескі жылдағы өкпе, реніш, ашудың бәрін жиып қойып, солл күні арқа-жарқа амандасады, құшақтасып көріседі, қол алысып, есендік біліседі. Осы мерекелік аура 22 наурызға ұласады. 14-наурыз тек батыстық мереке ретінде сипатталса, 22-наурыз ел болып тойлайтын аса ұлық мейрам!
Жылдағыдан ерекше, биыл Маңғыстаудың қысы қатты болды, көп жылдар болмаған қалың қар түсті, күн ерекше суытқан кездерді жұрт әлі ұмытқан жоқ. Сол қаһарлы қыстан соң сағындырып келген Гүл Көктемді Ақтау ерекше ықыласпен қарсы алды. Каспий теңізі жағалауына бірінен бірі сән-салтанат асырған 40 ақшаңқан киіз үй сап түзеді.
Әр шаңырақта шалқыған ән-күй, ас та төк дастархан, шадыман көңіл мен есіктен кірген бейтаныс мейманның өзіне деген ықылас пен пейіл шалқып жатты. Ақсақалдардың, ағалардың, жеңгелердің, қарындастардың бір киер қазақы киімдері дәл осы күні өзінің бояуын одан әрі әрлендіріп, жарқырады.
Қазақтың өткен тарихынан сыр қозғайтын көріністер көрсетілді, Бабаның бойындағы бүлкілдеген Асыл Қанның Бала бойына да сіңіуін, Баба бойындағы қасиеттің Бала бойына да аруын көксейтін тамаша аура Қарт Каспий жағалауын кернеп ақ тұрды.
Орталыққа құрылған үлкен сахнада Маңғыстаудың өзінен қанат байлап ұшып, қазір Алатау бөктеріндегі өнер ордасында жарқырап жүрген қазақ эстрадасының жұлдыздары Ақылбек Жеменей, Айгүл Қосанова, Ғаділбек Жаңай және «Телқоңыр» топтары өнер шашуын шашып жатты.
Ғаділбек Жаңай, Азамат Азаматұлы
Ақылбек Жеменей, Азамат Азаматұлы
"«Телқоңыр», Динара Қалмұханова
Сол күні аспан бұлттанып, Наурыз емес күздің жаңбырлы күндерінің бірін еске салып тұрса да мерекеге жиналған халықтың Наурыз тойына деген ыстық ықыласы күннің бұл құбылысын елемеді.
Және де көпшіліктің ауызындағы пікір де «Наурыз жыл сайын өзінің жаңа қырын ашып, айшықтала түсуде» дегенге сайды. Расында да, былтырғыдан биыл әлдеқайда наурызырақ болды! Алла қаласа, келер жылы да осылай жазып отыратын болармыз!!!
Суреттерді түсірген Қадірбек Әбітов, Азамат Азаматұлы, «Телқоңырдағы» Марат Оразбаев)))
Наурыз құтты болсын!!!

Тааак, кім бүгін сатыпалды ағаның образында? хехе
«Стройный» («Красавчик») Наурыз?