БІздің БМП-лар ескірген...

Блогқұрылтай-2011 де кім болмады десеңізші. Мәжілістің депутаттары да, атағынан ат үркетін ақын ағаларымыз да жүрді. Солардың ішінен көзіме бірден түскені Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлов еді. Бұрындары әскери салада қызмет еткендікі ме ағамызбен шамалы сұхбаттасқан едім. сол сұхбаттан үзінді.

-Біздің әскери техникаларымызға көңіліңіз толады ма?
— Кезінде қыруар қаржы жұмсап алған «Семсер», «Найза» сынды техникаларымыз жарамсыз болып тұрғаны белгілі. Мен өзім соғыс көрген адаммын. Бізге жаңа әскери техникалар керек. Аталған техникалар бір орында тұрып атуға жарамсыз әрине.Терезелері сынып кеткен кездері болды. Машинаның рамасы соққы күшіне есептелінбеген.Ол машиналардың башмақтары болуы керек еді. Ондай жағдайда атқан кездегі күш машинаның рамасына емес башмағына табандарына түсетіні де мәлім. Осылайша бір жерге құрып атып-атып, тағы басқа жерге барып атуға жарамды. Бірақ бізге осы техникаларды игеру керек. Бір техниканың жанында шабылып жүретін ондаған адамдардың санын жаңа техникалар арқылы қысқарта аламыз
-Бір жылдық әскерге көңіліңіз тола ма?
-Жауынгердің бір жылы оң-солын енді танып жатқан кезі. Өркениетті елдерде солай деп жатыр ғой. Дұрыста шығар. Бір жылдық әскерге мен келісер едім, егер алғашқы әскери даярлық сабағында автоматты ату, шашып-құрастыру, граната лақтыру, алғашқы мәскери көмек салаларын тереңдетіп оқыта алсақ.Ал, қазіргі таңда бір айы ант қабылдауға дайындықпен, үш айы андай дайындық, бес айы мындай дайындық деп енді піскен кезінде әскер аяқталыпта қалады.
-Келісім-шарт қызметкерлерін көбейтіп, мерзімді әскери қызметін өтеушілер санын азайтуға көзқарасыңыз қалай?
— Мерзімді уақытын өтеушілерді азайтуымызды керек деп ойламаймын. Келісім-шарт негізіндегілер маман, сақадай сай тұратын әскерилер болуы шарт. оларды іріктей білу керек.
-Әскердегі әлімжеттіктің көбеюуінің бір шеті ұялы байланыс телефондарында жатыр. Осы жағына не айтасыз?
-Әскердегі жауынгерлерге оның қажеті шамалы.Мен үзілді-кесілді қарсымын.Қалтасынан мүшеқап шыққан жауынгерлер бар. Олар қызға баруға немесе біреулермен телефон арқылы сөйлесуге келген жоқ. ата-ана сөйлескісі келе ме командиріне хабарласып баласының жағдайын біліп отырсын.
-Мүмкін бұл жерде кіші командирлердің де өзіндік қателіктері бар шығар. Бір жауынгерге «сотка» ұстауға рұқсат береді де келесісіне шектеу қояды…

-Әрине, олардың тарапынан бұл үлкен қателік.
-Біздің жауынгерлердің қолы тым бос емес пе? Жүз пайыз дайындықтан өтіп жатқандары шамалы. Қысы қар күреумен, жазы шөп жұлумен өтетін жауынгерлер де бар...
-Дұрыс айтып отырсың. Осындай кездерде өзара әлімжеттіктер көп кездесіп жатады. Бұл жайлы маған да телефон шалып айтып жатады. Тіпті біреуі «Мен шөпті ауылда да жұла алатын едім ғой,қолымызға қару ұстайтын күн бола ма?» деді.Бұндай жағдайларға не айтасың?! Бұл дұрыс емес.Жауынгердің бос уақытын жаттығулар мен дайындықтар арқылы толтыру керек.Саяси сабақтар, ата-бабаларымыздың әскери жолдарын жеткізе білуіміз керек.
-Қазақ тілі әскери салаға қашан енеді? Біздің тіліміз әскери пәрмен беруге дәрменсіз бе? Қорғаныс министріміз Жақсыбеков әскери салада қаншалықты саутты?
-Қазақ тілін әскерге енгізтудің еш қиындығы жоқ. "Құп болады" деудің несі қиын?! Ал, бізде анттың өзін орысша қабылдап жатамыз. Ант деген ешқашан басқа тілде берілмеуі керек. Мысалы Астанада өткен әскери шеруде БМП-ларды (Боевая машина пехоты)машинаның үстіне қойып қойды. Өздері үстінде қолын шекесіне қойып тұр. БМП-лардың табанына киілетін резинка башмақтар болады, оны Жақсыбеков білмеуі мүмкін, бірақ, айналасындағылар айтуы керек еді.
-Әскердегі асханада қазір жекеменшік фирмалар қызмет етеді. Еденді жуатын, тазалықты сақтайтын қызметкерлер бар.Осыған не дейсіз?
-Мен де көрдім ол жағдайды. Барлығы ресторандағыдай. Ертең соғыс болса не боламыз, ресторанымыз қасымызда жүрмейді. Жауынгер картошка аршуы керек, пол жууы керек. Әскер не үшін?! Онда шешелерін әкеліп жатқызайық қастарына?! Жауынгер қиындықты көру керек. Картоптың қабығын жейтін кездер болады.
-БМП жайлы сөз қозғадық. Ресейде БМП-1 түгілі БМП-2 нің өзін әскери саптан шығарып жатыр, біз не дейміз?
-БМП-1лер Ауған соғысында-ақ ескірген.Біздегі техникалар тек сан есебінде тұрмауы керек. Тек оталдырумен шектелмеу керек.Бұлар жаңартылуы керек.Жау ертең «Сенің техникаң ескірген екен» деп аяп тұрмайды. Техника тұрып емес, жаттығуларда ескірілуі керек. Қару-жарақ, техникадан ақша аямау керек.Ертең бізді кім қорғайды?!
Бөлісу:

10 пікір

gunner
Жау ертең «Сенің техникаң ескірген екен» деп аяп тұрмайды

Жау келем десе бүгін ақ Ливияға кірген сияқты кіре салады, Каддафиден билікті алып «халыққа» береміз деген сияқты сылтаумен. Басшы болса Каддафидей ақ болсыншы, нағыз ел байлығын елге беріп отырған санаулы басшылардың бірі. Медбикенің өзі мың долларға дейін алады, Африканың жартысы, Азияның біраз халқы сол Ливияда жұмыс істеп гастарбайтер болып жүрген. Оларға қандай демократия керек тағы? Ертең бізге де демократия орнатуға келсе ешқандай БМП-лар көмектеспейді, меніңше.
Gastarbaiter
гюнер, сонда каддафидің балаларды қарапайым адамдарды рәсуа қыла салуы дұрыс саясат па? Бірің өліп бірің қал деп қарап отыруы керек пе?
patick
журналистік қасиетің бар екенін білмеппін, алқаш атаңанә
Abilakim
Мені алып жүрген сол қабілет қана. Әйтпесе сырттай оқып алған журналист деген дипломымның қызығын көрмеппін.
asaubota
мдааа… жағдай онша мәз емес екен ғой әскерде. мындай сұхбаттарды газетке шығарпайтын шығар, а?

айтпақшы менің Вася деген досым Ақтауда армияда присяганы қазақша оқыдым, өйткені орысша оқу түгіл дұрыс сөйлей алмайтын едім дейді.
patick
Талай адамнан естідім армияға барып келген: Келгеннен кейін «ойбай бармаңдар, өліп қаласың» деп зар қақсайды. Бұрын олай айтпайтын. Негізі, армияның халі жыл сайын төмендеп баратыр дейді білгіштер.
omarbirat
Опшым, қылыштасу, садақ атуды үйрену керек. Жүгіруді үйренген де артықтық етпейді: мәшинеге бензин табу оңай емес, жылқылар шетінен сойылып кетіп жатыр, әсіресе соғым мен мектептегі оқу бітетін кездерде.
patick
БМП-лардың табанына киілетін резинка башмақтар болады, оны Жақсыбеков білмеуі мүмкін, бірақ, айналасындағылар айтуы керек еді.

Бақайдан қағатын жігіт екен :)
satibaldi
БМП-лардың табанына киілетін резинка башмақтар болады, оны Жақсыбеков білмеуі мүмкін, бірақ, айналасындағылар айтуы керек еді.
— Кешірерсіз, мылтықпен ату үшін, алдымен оқ салу керек.
-КетЧ?)))
-Шын айтам!
-КетЧ)))
konvict
ШШШШШШШШШШШШШШШШШ, бірақ тема екен Әбеке!!!