Көкжалдар мекені. Палестина. (трейлер және толық версиясы)

Трейлер:


Бұл фильмнің шыққанына 2 ай болды. Негізі өткен жылдың күзінде шығуы керек еді. Бірақ техникалық себептер бұған кедергі болды. Фильм Палестинадағы еврейлер істеп отырған зорлық-зомбылық туралы. Оқиға өткен жылы шабуыл жасалған, гуманитарлық көмек апара жатқан Мармара кемесінен басталады. Істегендердің жазасын беруге Полат Алемдар және командасы барады.
Мынау фильмнің қарақшы версиясы:

Бөлісу:

19 пікір

omarbirat
Базар жоқ! Осы фильмді күтіп жүр едім.
konvict
Torrenti бар ма бұл фильмніңю Жалпы көкжалдар мекені толықтай кімде бар?
zafar
Ырзамын осы фильмді түсіргендерге! және осында шығарғандарға:)
batyr
бiр күнi жaксылaп отырып aрнaй осы көкжaлдaр мекенi тұрaлы шaзгым кеп тур бырaк қaзaқшaмды елдер толық түсiне aлaмa ол жaғынaн күменiм бaр :))
zafar
Жазарыңызды жазыңыз. Егер біреу-міреу түсінбей жатса гугл транслэйтер бар гой:) Қысқаша айтқанда барлығы түсінеді. Жаза беріңіз))
omarbirat
Жаза бер. Бірдеңе қылып түсініп аламыз. Сөйтіп жүріп өзің де жазып үйреніп кетесің ;)
urimtal
өзі көп сериялы ғой деймін. Әлде алдыңғылары көп сериялы болып па еді?

Batyr, жаза берсеңші. Бұл фильмге қатысты сенің кез келген пікірің құнды :)
omarbirat
Асхат, бұл — фильм. Сериалдан бөлек түсірілген.
kazprose
106-бөлімінен кейінгі серияларын көре алмай арманда жүрмін.
batyr
тұрiкшесiнiн бaрлык серiaлдaры бaр. керек болгaн aдaмгa бере aлaмын :))
Dinara
папам жақсы көретін еді бастапқы сериалды, одан кейінгілерін де көрсінші деген едім, қазақша нұсқасы ешкімде жоқ па???
bagaline
Мұнда ресми фан группа ашса да болады екен ғой.
Ұнатпайтындар көп бола ма деп кiрiп қалсам, өзiмiздің месныйлар барын көріп үдибләтсә етiботырм кәдiмгiдей )))
asaubota
бұрын fulldizi.com сайтынан қарайтын едім. қазір сериалды жасаушылар интернеттегі қарақшылармен күресіп, біраз жерден алғызып тастады. фильм жасаушы Панафильм ақыры өздері салып қоятын болды. мына жерден қарауларыңызға болады: www.dailymotion.com/user/panafilm/1
asaubota
Panafilm өздерінің жаңалықтар порталы Yazete.com астынан сериалдарына арналған жеке сайт ашыпты, бөлімдерді сол жерден қарауларыңызға болады: diziizle.yazete.com/
asaubota
қай тілде екенін анық білмеймін, астындағы каменттерге сенсек орыс тілінде дейді, бүгін шығарыпты DVD-rip. түсіріп жатырмын, үлгеріңдер www.softzone.kz/tv-movies/movies/1020-ruryerrrrrs-rrryerrsrrrrssrerr.html
Altygradus
көшіріп бастадым рахмет көп-көп. Аздан ғана жібереді екен бірақ. Жоқтан гөрі жоғары:)
Aizhantabyn
намбада да бар екен, онлайн көрем дейтіндерге)))
asaubota
орысшаға аударылған екен, аудармасы да бейненің сапасы да жақсы. түсіріп алыңдар.
Altygradus
ана ақырындағанға шыдамай, орыстардың торрентінен алғам ақыры. Екі тілде екен аудиосы, бір қызығы орысшасының даусы жақсырақ естіледі екен.
Ал жалпы фильм туралы дым ұнамады.
Куртлар вадиси дегенге көп күтіп қойыппын шыны керек 
Жалпы идеясы Израильдің жауыз мемлекет екенін көрсетуге тырысқандығы болмаса, былайынша сценарийі өте өте өте нашар, дым ұнамады. Прям өз атымен Полат Алемдар боп барып алғаны вааще күлкілі. Ана американдық еврей қыз не к селу не к городу, сол қыз болмай ақ қойса да болар ед, аяғындағы қызыл көйлекпен әрі-бері жүгіріп жүргені вааще
Сосын Израильде жүр өздері, ана амерканка қызды да, ана палестиндік жанұя тіпті жауыз Мошеге дейін түрікше сөйлетіп қойған  Бопты фильмның жартысы шет тілде, асты субтитрге толып кетсе де арап, иврит сосын ағылшынмен сөйлеткенде шынайылық болар ед.
3-4уі ғана барып Израиль армиясының арсеналын тонап кететіндей, ана бұрын бір топас сериал бар ед суға салса батпайтын, отқа жанбайтын Юсуф Мироғлының деңгейіндегі сценарий болды мен үшін.