Керектің тұрғындарына шолу.

Қисық — ақкөңіл жігіт екен. Бұған дейін оны еш елестете алмағанмын.Құрылтайдан оның ортаға бейімделгіш, көпшіл, қалжыңды қабылдай алатын, досты күте алатын жан екенін біліп қайттым. Қызыл сөздің майын ағызтады.
Патик — бұл кісінің суреттерін көргенбіз. Кездесу арқылы, Керекинфо арқылы танып жүргендіктен қыңыр сөзге шебер шығар деп ойладым. Бірақ, өзін ұстамды ұстайды екен. Сәл сылбырлау сөйлейді десем ренжи қоймас. Екеуара әңгімемізден ұқққаным қулық- сұмдықтан ада жан екен. Құлағының сыртынан күн көрінетін, аузын ашса артынан жол көрінетін жігіт.
Ақзере — Сатыбалдының оған не үшін ғашық екенін ұққандай болдым. ақкөңіл қара қыз.
Айкона — адаммен тіл табыса алады. Өз ісіне жауаптылықпен қарайтын қыз. Жалпы сол жерде жүрген алматылық қыздар мен жігіттердің жауаптылығына әңгімем жоқ!
Салтанат-Сары қыз дәрі қыз. Жан-жағын жандырып жүретін жан секілді.
Қалдықыз — ол жайлы жазып жатудың өзі артық. Бізге белгілі Қалдықыз- сол Қалдықыз. Ашық-жарқын жүрген қалпы. Тек қалын көрсетпеді…
Аршат -админ жайлы не айтуға болады)))) Жақсы жігіт екенін Қарағандыдағы кездесуде -ақ байқағанмын. Жан-жақты терең ойлай алады. Өзімен келіншегін былай қойып баласына дейін тобылды жек көру сезімімен өмір сүріп жүрген жандар)))
Ернұр-Асұлан — Ақтөбенің аңқылдаған жігіті. Сөз жоқ оған.
Омарбрат — брат деуге тұрарлық жан.
Жалғас Ертай — түрлі тақырыпта әңгімелесудің шебері. ЖАқсы жігіт. Тек дауласса тоқтамай қояды екен)))

Әзірге осы. Маған келсек… Блогшылардың арасындағы қызыл қырты мен секілдімін. Екі сөз айтсам үшеуіне күледі. Өзімді арзан КВН-щиктердей сезіндім))))
Бөлісу:

50 пікір

omarbirat
Сені, Жалғасты, Ернұрды реалда көріп, танысқаныма бір қуанып қалдым. Өркенегроны да көрдім ғой айтпақшы, иә. Аршатты қайтадан көргеніме де риза болып қалдым. Бірінші күні сілтеп қоймағанымда Қисекеңмен де танысып қалар ма едім. Блогкемпке қатыспасам да, сендермен бес сағат қоғам болып қауқылдасып отырғанымның өзі біраз мұратба… тойыс ғанибет болған екен, қарап отырсам :))
Abilakim
Өзіміз де сол… Ішпесек те ішкеннің образына кіріп дегендей… Өркенді еміс-еміс елестетіп отырсың-ау… Талай қызықтар болды ғой,қайсын айтарсың))))
omarbirat
өзін ұстамды ұстайды екен. Сәл сылбырлау сөйлейді десем ренжи қоймас. Екеуара әңгімемізден ұқққаным қулық- сұмдықтан ада жан екен. Құлағының сыртынан күн көрінетін, аузын ашса артынан жол көрінетін жігіт.

+1 дәл өзі :)
qisyq
Рахмет, Әбеке. Сенің қалжыңдарыңнан кеңкілдемеске шарамыз қалмады емес пе)
Abilakim
Сендерге де рахмет)))) Менің виртағыдан айырмам шамалы реалда)))) Адамдарды күлкі арқылы тегін емдеймін. Егер мен сол күні дамыған елдерде болған болсам, әр күлдіргеніме ақша алар едім. Сұрап емес, өздері берер еді… Так ышто, көп жасап жатсаңдар мені де еске алғайсыңдар
patick
Бәсе, жыбыр-жыбыр етіп, Қисық екеуміздің қасымыздан кетпеп едің. Тамадалығыңа тиын-тебен дәме етіп тұрға екенсің ғо :)
Gastarbaiter
жіберіп қойдым)))
ErNur
Гаста сәлем! Құтты болсын жеңісің! Сені көре алмағанымыз өкінішті! Мен алып кетіп жолдан табыстасамба деп ойлап едім сыйлығыңды:) Онымен бермеді ғо
Gastarbaiter
Рахмет, сыйлықты бүгін алдым. Бәрібір көре алмайтын едің мені. Мен тассыз, талсыз тақырсыз далада жұмыста жүргенмін.
asaubota
бұйырса жазда Керекинфоның кэмпын өткізсек пе деп ойлап отырмын. Құрылтайда біздікілер көп болды немесе біздің сайтқа кіретіндер көп болды ма деймін. Әйгерім қарындасымның презентациясында залдан дабай-дабай, керекинфо-керекинфо деген дауыстар шығып жатты :)
Gastarbaiter
Вахтама сәкес келіп жүрмесін зайып болғанда)
asaubota
Әбіләкім Балқашта жиналайық деген ұсыныс айтып жатыр. Алматылықтарға да оңай болатын сияқты, машинамен келе қояды.
Abilakim
Балқаш жақта Шұбартүбек деген жер бар. Суы да ауыр емес. Денең шаршап емес, сергіп шығасың шын мәнінде…
omarbirat
Көршім де айтып жатыр. Жазда демалыс алсаң, Балқашқа барып қайтайық дейді :)))
Abilakim
Көршің срошны блог ашсын
ErNur
Рахмет Әбіл бауырым! Тек андайыңды қой. :) Алматыда біз түсінсекте ондай қалжыңды түсінбей қалатынын көрдің ғой? :))))
Abilakim
))) Ол татеде өзіміз жақта. ертеңіне барғанда риза кейіппен қарап қояды.Тура кешігідей бір жәшік пе деп қояд)))
e_zhalgas
Бәрі керемет болды. Иа, айтысқанда ішке артық кеткен соң, тежегіш өз міндеттерін атқарудан бастартып жататыны болып тұрады. Бәрін реалда көріп, танысып, пікір алмасқаныма өте қуаныштымын. )))))
Gastarbaiter
Нақұрыс -Нұрберген келмеді ме не?
Abilakim
Сен екеуіңді көруді армандап кеткен арулар қаншама…
asaubota
еще Оспан Ерланды.
Abilakim
Айтпа. Армандап келді, армандап кетті…
Bekjan
Ақзере — Сатыбалдының оған не үшін ғашық екенін ұққандай болдым. ақкөңіл қара қыз.

Қара қыз деші..:))) Мен көрген Ақзере аққұба еді..:))
Zere
Соны айтам да-ау ))) Бәлкім киген киімімді меңзесе керек )))
Bekjan
Шашың қара болғаны үшін солай айтқан болар дим..:)
ErNur
Сіздер Әбілді дұрыс түсінбедіңіздер ау дейім :) Мүмкін ол көз тимесін, не сөз тимесін деп, ия еркелеткені болар Ақзерені :)
Abilakim
Былай ғой, Аққұба қыз екен десем… Саған қатты көз салғаным болады және Сатекең екеуміздің арамыз ашылып кету қауіпі бар. Бір қыз үшін шайқасуға да болады ғой, бірақ осылай айналып кеткен тіпті жақсы.
Zere
Бәрі тегі шахматтың жүрісі сияқты екен Дачы ))) Молодец!
Zilola
… ол жайлы жазып жатудың өзі артық
Неге? ақыры бастадың ба жаз, аяйсың ба біреудің қызын?
Bekjan
Сосын Сатыбалдыдан таяқ жесін дейсін гой… Ол Сатекеннін музасы, не халям валям..:))
Zilola
Мен Сатекеңнің музасы емеспін ғо, или музасымын ба? өзім шатакаласып кеттім ғо :(
Bekjan
Мен Зере туралы жазған едім..:)

Қалдықыздың қазысын сағынып отырмын..:))
Abilakim
Қалдықыздың қазысын сипаған жоқпыз… Сен сағынсаң жөні бар шығар…
Zilola
Ол енді әке-шешемнің қазысы, мен тек қайнатып әкелгенім болмаса, еще оны мамам қайнатып, турап берді :)
madlen
men Nayryz kojeni sagynyp otyrm :(
Abilakim
Біреу Наурыз көжені, біреу наурыз көжені сағынған қызды…
Bekjan
хы хы… Санта Барбара боп кетіпті ғой мына жер :))
madlen
Santa barbara unamaidy :) Tureckii serial dei koiyakwy :))))
Bekjan
оларға алғыс..:)
ErNur
«Ыдысын көріп асын іш», «Шешесін көріп қызын ал» деген мақал есіме түсіп кетті :) Қазы өте дәмді болды. Шешеңіздің қолы дерт көрмесін!!!
Zilola
Құртты жасаған папамның қарындасы, оған да бір бата берсеңіз :)
Abilakim
Барлығы сен бақытты боп кетер ме деп жанталасқан тәрізді…
Abilakim
Қазының дәмі тіл үйіреді екен
Bekjan
сөйтшейщ былай..:)))
ErNur
Не дейміз?.. Сөзге кедейміз шырағым… деп кетіп бара жатырсаң :) ))))))
ErNur
Бұл жаңағы құртты жасаған Зилоланың папасының қарындасына айтып жатырғаным ғой :)
Zilola
мдааа, кездер-кездер…