Блогкамптағы қызық кездесу

Аршат дұрыс айтты бұл кездесуді жазғаным дұрыс болар. Блогкампте болғандар Монғолиядан келген Жанарбек бауырымызды барлығыңыз көрдіңіздер ғой. Мен кешігіп жеткесін шығар, дұрыс толық танысуым асығыс болды ғой. Құрылтайда болғандармен толық таныса да алмадым. Тек осы бауырымды бір жерден көрген кездескен сияқты болып жүрдім іштей ойлап. Оның Монғолиядан келгенін білмей жүрдім. Тіпті волейболда бір команда да ойнап жүрдік қой.:) Сонғы құрылтайдың жабылуында сөйлемегенде білмей де кететін бе едім… Сонда бір ерекше ықыласпен, қимастықпен сөйледі ғой монғолиялық бауырымыз. Сол сөйлеп жатырғанда есіме сарт ете түсті. Қасымдағы Аршатқа мен мына жігітті танимын алпенист қой деппін ғо :) Содан тарап жұрт абыр-сабыр далаға шыққанында Жәкеңе жақындап оңаша сөйлесуін өтіндім. Сұрағым — сіз алпенист емессіз бе болды. Ия қайдан білесіз деп таңырқап қалды. Ол былай болған еді. Өткен жылғы газетімізде шетел қазақтарының наурызды тойлауы жайлы материал жазған болатын жұмыстас журналист қарындас. Сонда осы бауырымыз жауап берген болатын. Оның суреті газетке жарамай интернеттен іздеп таба алмай электрон жәшігі арқылы хабарласып суреттерін алғанмын. Соны осы құрылтайда көрем, кездесем деп кім ойлаған десейші…


Оңнан солға қарай Жанарбек, Ділдә,Өмірбек, Артқы қатарда Сунхар, Лашын, Нұрбек
Сурет Жанарбектің блогынан алынды
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
427-де альпинситік өмірі туралы қызық әңгімелер айтып берді. өмірі қызық нәсрелерге толы кісі екен, танысқаныма қуаныштымын. Блогкэмп осындай қызық кездесулерге де куә болды.
Zere
Осы кісінің «Моңғолияға кеткім келмей қалды» дегеніне реально жылағым келіп кетті (((
ErNur
Сол соңғы кетіп бара жатып сөйлескенімде қатты қимастығын көрдім. Қолымды қатты қысып жыламсырап тұрғанына біртүрлі болып кетед екенсің.Іштегі журналист қарындасқа айттым, мәз боп жатыр :)
umirbek
Иә дос жылатып айтады. Жәкең ағаның сөзі алыстағы ағайынның сөзі ғой.