Блогкамп, блогкамп және блогкамп
Тойдың болғаннан боладысы қызық деген бұл да өтті. Барғанда арманда, бармағанда арманда. Мен тіркелмедім… бірақ ниетіммен ынтамның күштілігінен болар кешігіп жетсемде сол жерден табылдым. Сол күні жолға билет те табыла кетті пойызға. Баруы екі, келуі екі күндік жол болса да шаршап шалдығып жеткеніме тұрарлық болды. Қуаныштымын барғаныма, жақсы әсер қалдырды. Аршат айтпақшы виртуалдан реалға жеткеніме разымын. Бара алмағанда отырар ма едік тамсанып :) Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Таразды асып Алматыға, Алматыдан Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорданы артқа тастап өзімнің Ақтөбеме де жеттімау :) Бір қазақ болсақ та неше түрлі адамдар жолда қызық, бір жерден мініп бір жерден түсіп жатырды. Тіліміздің де өзгешелігі аңғарылады екен кәдімгідей. Жолда да неше түрлі қызықтар кезікті, тек әттең асығып жүріп соткамның зарядкасын ұмытып кетіппін суретке түсіре алмадым. Әйтпесе сайтта бөлісуге болар еді.Ал енді құрылтайға келетін болсақ сөз жоқ ұйымдастырушыларға мың алғыс!!! Керекшілерді тірілей көрудің өзі бір бақыт емес пе?!..
3 пікір