"Х" тің құпиясы немесе Шымкент


Көңілге тиетін жайттар көп қарап тұрсам. Қылмыс бағдарламасында және жаңалықтар бағдарламасында- 90 пайызын рейтингтеп ұстап тұрмыз. Қайда қарасаң "Х" номірлі көлік қағып кетті, ұрып кетті, атып кетті, сатып кетті, қырып кетті, жұлып кетті, ұрлап кетті… таусылмайтын кетті. Ең сорақысы парақорды соттаған сот парамен сотталып, пара беріп шығып кетті.
Мен де өзім сол Шымкенттікпін. Стажировка бітіп жұмысқа тұрғаннан кейін бастығым менің құжаттарымды қарап отырып "ТЫ ТОЖЕ ЧИМКЕНТСКИЙ?" деді. Түркияның түрігі.
Қазірде бақандай 5 жыл өтті. Адамның барлығы бірдей емес. Жақсы да жаман да адамдар. Дауым жоқ. Бірақ бізді жоққа санағандықтан ау деген де ойға келдім сол «Х» ті...
Бөлісу:

38 пікір

sammita
Хорваттар алғааа!
edige
ииии бір, өзімнің жыным кеп отса
sammita
мен шын ниетпен жаздым ғо:))
(өздеріңіз осылай жарнамалап, повод бересіздер, бөлектеніп:))))
Nurgisa
Шын ниетпен жазғанда, не ғой… Астанадағы базарлардағы саудагерлер саған үнемі бағасын түсіріп берсе керек қой, иә? 100 теңгелікті сен 80-ге бер дейсің, ол 90-ға дейді. Сосын кетіп лавкіден ұзай бастаған сені кері шақырып, «Жарайды, апай, сізге де жоқ, маған да жоқ, 85-ке ала салыңызшы» дейді. Қуанып кеткен сен өзіңе керегінен екі есе көп мөлшерде аласың.

Келесі қатарда дәл сол тауар 80 теңгеден сатылып жатады.
sammita
Нұрғиссаааа! бері қайт:)))
Nurgisa
Сөйтіп бері қайтуға оқаталасың. Мына тұрған жерге тәксистер өз музасын тапқан Кинг Конгша «тәкси, тәкси» деп бреклоктарын қолында ұршықша иіріп отырады. «Бараеваға, қаншаға апарасыздар?» дейсің. «1000» дейді беттері былқ етпей. "Әй, Сәкөш, сенің кезегің ғой, зыт" дейді шімірікпестен. Сонда басқа бір клиентті жаңа ғана діттеген жеріне апарын енді келіп тұрған «Х» көлігінен тәксис күлімсірей алдыңнан шығып, қолыңдағы авоськаларыңды көтерісіп, «Апай, жүріңіз, төрт жүзе апарып тастайын» дейді. Жайланып, отырасың. Жол-жөнекей екі қосымша пассажир алад, әрқайсымен төрт жүзге келіседі…
sammita
:))))))))))))))))))))))))))))))))))
Артемдағы оқиғаң ба бастан кешкен:))))))))
gunner
Шымкентті толғымен Өзбекстанға беріп жіберудің еш сөлекеттігі жоқ ))). Жұқты ауру, Сатыбалдыдан )))
Nurgisa
Кезінде осылай ойнап сөйлеу тұтанып, ұлғайып, кесір боп тигенін көбісі білер. Юсупов деген фамилияны әлі ешкім ұмыта қоймаған шығар.
edige
Беріліп жатқан жер аз еді…
sammita
мен қойдым минусты.
gunner
Ол сайттағы шымкенттіктердің санын анықтау үшін жазылған пікір.
sammita
түсте тамақ іштің бе?
edige
Жамандап іздемейді адам жерлесін!
gunner
sammita, edige, Nurgisa жерге, елге бөлінбейтін ұлттық деңгейде ғана ойлайтын ғұлама бола қалмаңдаршы, қалжың ретінде жаздым. Минустан менің бір жерім минус болып қалмайды, қоя беріңдер.
Nurgisa
sammita? Ғұлама?! Сатекеңді аясаңдар етті, кететін барлық жерінен кеттіріп… :)))
gunner
Мына пікіріңді былай да аударуға болады: «Саммитаны ғұлама деп күлдірмеші, мені айтсаң бір сәрі» ))))
Nurgisa
түсте тамақ іштің бе?
sammita
қалжың ретінде жазғаның көрініп тұр.
patick
Х тәріздес бунақденелілер қай-қай облыстан да табылады.
Nurgisa
Сол ғой мәйегі.
edige
Бұдан былай саған 500 теңгеден жол жүру, білдің ба?… деп қойсаң дә
omarbirat
Бәріне «Х» қойып жүре берсеңші, бырат :)
edige
Талпага, брат, тас атпасай.
omarbirat
Онсыз да толпаның өзі саған тас атып жатқан жоқ па, быратан? Әйтпесе блогыңда мынадай пост жазылуы неғайбыл еді :)
Негізі, айтайын дегенім мынау еді да, просто — жұрт не десе, о десін, әйтеуір өзің дұрыс жігіт болсаң болды ғой, бастысы. Әйтпесе, сен жазған «кеттілерді» істейтіндер қай жерде жоқ дейсің. :)
edige
Рейдерді 3 рет көргендегі ой ғой.
Көпшілік мән бермесе керек номіріне, ал маған бәрібір болмады.
konvict
Шымкент Өзбекстанды қосып алып өздерінше ШҚШ болайын деп жү дейді ғой
edige
Ташкент тарихта біздікі болган негізі
konvict
Шымкентке бара қалсаң басқа бір республикаға барғандай боласың.
Janasil
Әр үйдің бір бұзығы болады емес пе!!!
Aitzhan_b
Сауалнама жүргізу қажет.
Шымкенттіктерді шындайында жақтырмайды ма н/е көре алмағандықтан жақтырмайды ма?))
Zere
Әр жердің өзіндік изюминкалары болатын сияқты. Мысалы, көршің базарда сатса, ол саудаласып, жақсы ақша тапқанын көресің. Кейін сен де сол сияқты саудаға жүйрік болғың келеді. Сөйтіп, сөйтіп бір-бірінен үйрене бастайды. Меніңше осы шымкенттіктерде өзбектердің саудадағы қулығына тән қасиеттері бар. Алайда, бұл барлығы сондай деген сөз емес. Әлбетте осы өмірде қулық, еті тірлілік керек, бірақ барынша адал болса дейсің.
sammita
:))) қателеспесем соңғы мәлімет бойынша ОҚО облысының халқы Қазақстан халқының 12 пайызын құрайды, яғни ең көп шоғырланған аймақ. Өндіріс орындары жоққа тән, жұмыс табу қиын. Сол күнкөрістің қамы барлығы. Жасай берсін, Шымкент ©:))
patick
Шымкенттің жігіті тастап кетсе, өйтіп сөйлер ме едің? ))))))
sammita
Жігіт туралы әңгіме айттық па, халықты айтам.