Баспен істеу керек, баспееен :)

Осындай бір ескі әнек бар еді. Сол сияқты мына видео да боян шығар, бәлкім. Бірақ Эрик Абидальдың мына қылығын жаңа көріп… бөліскім кеп кетті опшым (футболшының атын да жаңа біліп отырмын) :))


Табандылығын қайдам, басын істете білетін жігіт екен.
Бөлісу:

8 пікір

asaubota
ана шабуылшының басы істемейтіні көрініп тұр :)
omarbirat
«басы істемегеннің екі аяғына зор келеді» дейді ғой :))
Nurgisa
Мынауы басбол боп кеткен екен… Қазақстанда да бар. Басбол. Әдетте орынбасарлар ойнайды. Бастығы «Бас, бол!» дейді. Анау басады.
gunner
Абидальда рак табылыпты, операция жасалайын деп жатыр, ол үшін сезон бітіпті.
omarbirat
Жанталасып ойнап жүргені содан екен ғой.
edige
«Бас істету керек» әнегі еске тусті
asaubota


мына Питтбулл қазір Ақтөбеде ойнайды.
Abilakim
ақыры 4 аяқтың аты 4 аяқ қой…