17 наурыз. Дерби. Ақтөбе - тобыл

17 наурыз күні суперлиганың 3-ші турында Ақтөбе өз алаңында тобылды қабылдайды. Ақтөбеліктер бұл күнді асыға күтеді. Осы дербиге байланысты фанаттар дайындаған превьюді ұсынамын:



Ал мынау былтырғы, Қостанайда өткен 5-2'лік соңғы ойын:

Бөлісу:

37 пікір

asaubota
Испандардың беделді спорт газеті Марка шетелде ойнап жүрген отандастары туралы апталық шолу жасап тұрады екен. Ақтөбедегі Безарес туралы да жазыпты, тіпті суретін де қойыпты: www.marca.com/2011/03/14/futbol/futbol_internacional/espanoles_mundo/1300109356.html?a=9c53f7a18d0fd96da64dac745f03af88&t=1300114718
patick
Безарес биыл келді ма біздің чемпионатқа?
asaubota
аха, биыл алды. міне биыл келгендер:

gunner
Ақтөбеде Тобыл деген футбол клубы ашылған ба не?
Nurgisa
))))))) қалың бес )))))
saken
менде осы сұрақпен келіп едім :))
asaubota
неге дерби дейсің бе? дерби деп қазір тек бір қаланың командаларының ойындарын ғана айтпайды ғой.
gunner
Солай айтады, манчестерский дерби — МЮ-Манчестер Сити, лондонский дерби — Арсенал-Челси, Арсенал-Тоттенхэм, Челси-Тоттенхэм. Мысалы Ливерпуль мен Арсенал ойнағанда дерби деп айтқанын естіген жоқпын
Nurgisa
Енді Аршатқа өкпелеуіміз орынсыз шығар, қанша дегенмен футбол федерациясының жаңа супер үлгідегі сайтын зерттеп жүр ғой. Бірақ Ақтөбе мен Тобыл арасындағы ойын, меніңше, былтырлардағыдай қызық болмайды. Биыл Тобыл үштікке де ілінбейтін сияқты.
asaubota
рахмет, білім базама жазып алдым. бұдан кейін спорт тарихындағы басқа дербиларды қалалары бойынша іріктеп алып, басқа қалалық «дербиларды» білім базамнан сызып тастаймын.
saken
Ақтөбе — Тобыл дербиін қалай аталады? Казахский дерби? Суперклассико Казахстана?

Уикиге жазып қояйын :)
Nurgisa
Ел классико болуы заңды, меніңше :)
gunner
Негізі классикоға да жатпайды ғой дим, классикоға көбіне көп жылдар бойы чемпиондыққа таласатын екі клуб арасында болады, меніңше. Бізде ондай клубтар жоқ, кімге ақша көп бөлінеді, солар біраз чемпион болады да сосын қайтадан жоқ болып кетеді. Елім ай, Тараз, Қайрат деген клубтар сияқты.
gunner
Бізге ондай ат қоюдың керегі жоқ, алып бара жатқан футбол жоқ қой, Ақтөбе — Тобыл матчы бола берсінші? )) Онсыз да елдегі біріншіліктің аты СУПЕРлига )). Толған пафос.
aktobe88
Дерби деп тек бір қаланың екі командасы арасындағы матчты айтпайды ғо, күші тең екі қарсылас арасында да дерби болады емес па? Ел дербиі. Мысалы, Барса мен Реал бір қаладан емес, бірақ олардың арасындағы бәсекеге де дерби делінеді емес пе?
gunner
Барса мен Реал ойыны классико, Шахтер мен Динамо ойынын да классико дейді.
aktobe88
Ол енді испанша ғо Эль-классико, классико күші тең командалардың арасындағы бәкеге деген сөз, дербидің дегізгі мағынасы бір қаладан шыққан екі команда болғанымен қазір екі мықтының арасындағы текетіреске де солай делінеді. Дерби сөзінің мағынасы кеңейген яғни. (Филологияда сөз мағынасының кеңеюі деген бар, Берікбай Сағындықұлы "Қазақ тілінің лексикологиясы" кітабынан толық мағлұмат аласыз)
Түркияда да соңғы кездері тек Фенер — Галатасарай, Галатасарай — Бешікташ командаларының арасындағы бәсекеге емес, Трабзонспор-Фенер, Трабзонспор-Бешікташ немесе Галатасарай матчтарына да дерби делінеді. Трабзонспор да басқа қаланың командасы мәселен. Тек, салмағы үш дәумен теңесетін болғасын солай атайды.
asaubota
Суперклассико Казахстана деп жазып қойсаң болады. Елімізде басқа мұндай ойын жоқ.

негізі ше Гастарбайтер футболдан қағатын болса былай дер еді:

бұл лузерлік комплексі. тобыл халық командасы, ал Ақтөбе күшті және бай болғандықтан лузерлердің әлсізге жақтасуы заңды. сондықтан посттағы провакацияға олар да өздерінше провакациямен жауап беруде.
Nurgisa
Гастаның футболдан қақпайтыны өкінішті. Әйтпесе осылай дер ме еді…
asaubota
дер еді, дер еді…
Gastarbaiter
Футбол емес жалпы спорттың сыртынан қарап, талқылап отыру жөнінде хабарым аз.
Gastarbaiter
Неге нагло өтірікті соғып жібересің Арчи? Өтірік соқпауға тырысып жүрмін дегенің қайда?
aktobe88
+1 Админ ағай!
Gastarbaiter
айтақ айтақ деп қойсай))))
aktobe88
керосин болғанды жәратпайм өз басым, ол жерде айтақтағам жоқ. бірақ мықты айтты админ ағай. сіздің орныңызда болсам мен қуанатын едім. мен туралы біреу сүйдесе.
Gastarbaiter
Гастарбайтер айтар еді деп отырған фантазия пікірлерді кезінде телефонмен өз атынан айтқан, мен қарсы шыққам, қазір соны маған жабыстырып жатқан соң "өтірік соқпа" деп ұятқа шақырған түрім ғой)))
Тарихы бар әңгіме ғой, өзі түсінді деп ойлаймын.
huanysh
мм. ертен болады деп жүрсем, арғы күні екен ғой
asaubota
sorry Gasta, futboldan kagar bolsa osylai der edi dep fantasy istep edim. koldai salmadyn ba ia solai dep :)
Nurgisa
мәмбет болдың сен ©
Gastarbaiter
Футболды какпаймын, бірақ мен былай дер едім қағар болсам:

Әлсіздер мықтыларға жақтасады, өйткені олар ұтылудан қорқады. Мықтылар да мықтыларға жақтасады, өйткені олар әлсіздерді сыйламайды.
Ал әлсіздерге кім жақтасады сонда?
Тек ескі фанаттары мен туысқандары ғана.
asaubota
қағатын болсаң олай демес ең. ана сөздер қағатын адамның сөздері емес :)

негізі бұл пост арқылы мақсатыма жеттім ау деймін. Ақтөбе мен тобыл арасындағы өртті үдете түсу еді :)
Gastarbaiter
Болельщиктердің төбелестеріне қатысасың ба әлі?
asaubota
есейдік :)

дәл қазір аудио трансляция болып жатыр kiwi.kz/broadcast/tandem755/
Gastarbaiter
Бұдан бұрын қатыстып деген қорытынды жасауға бола ма?
asaubota
фанаттарда забивон деген түсінік бар, екі жақ келісіп, нақты мөлшерде адам шығарып, тек қана қолмен «фейрплей» төбелес болады. біздің ұсыныстарымызды ешкім қабылдамады. бірақ төбелес емес стычкаларда болдым, тек фанаттармен емес акабтармен де (A.C.A.B — all cops are bastards деген сөздің аббревиатурасы)
Gastarbaiter
біздің ұсыныстарымызды ешкім қабылдамады.
мықты
asaubota
Самат Смаков жарақат алып қалды, жермалтысы күнгі Германия матчына қатыспайды.