Әлмырза Реформатский. Абзацыңа бұтақ қойдым!

«Он жерден ақылды, он жерден көрікті болсын, жазуы ақсаңдап тұрса — мен <ұшын құны көк тиын» ©Alisha
«Далбайоп емес, долбоеб деп жазылады» ©Asaubota

Әлмырза ағамыздың лекциясын тыңдауға сонау Хьюстон, Принстон, Альберта, Гарвард университеттерінен студенттер ағылып жатады. Әлмырза ағамыз тек Дәр тілінің мұғалімі ғана емес, Пәтақтың Сарысы атындағы Мазари Шаймерден Гуманитарлық Университетінде "Әлем тілдері" кафедрасының доценті, татақты гректанушы екені де біраз адамға жасырын.

Осындай лекцияларының біріне тегін қатысуға рұқсат алған соң, «Дәр Таңының» тілшісі ретінде өзім баруға келістім. Кірген бетте аудиторияның есігіндегі жазбаға көзім түсті. "ҚұрмеТ ленгібист блогерлер, абзАцтарыңа бұтаҚ қойдым!" -деп тұр екен.
Есікті ашып едім, қарсы алдымнан еңгезердей екі оққағары күтіп алды, бұты-қолымды сипалам жарылғыш, атылғыш заттар жоқ екеніне көзін жеткізген соң, алдыңғы партаға жайғастырды.

Біраздан соң у-шу басылып, Әлмырза Реформатский бірден лекциясын бастады.

— Тілдің ең бірінші қызметі қатынасу! -деді. Аудиторияда күбір-гүбір көбейіп кетті. Әлмырза есіне әлдене түсіп кеткендей, қабағын түйіп:
— Жыныстық қатынас емес, сигналдық қарым-қатынас ептібаймайдтар!- деді.

«Алайда осыдан жүздеген жыл бұрын, сөзді қате жазған адамға қырық дүре соғылып, оны кірпіге теріс мінгізіп елден қуып шығатын. Бүгінде цензураның жоқтығының арқасында, Дәруішөлген ел болды. -деді шешең сөздің мэтрі Әлмырза. Шапалақтар енді естіле бергенде, Әлмырза қолымен тыйып тастады.
— Дегенмен, ұмыт болған цензураны қайта жаңғыртпақ болған сукамалдар әлі да бар екен арамызда. Олар біздің бостандығымызға қауіп төндіред,» -деді. Мен доценттің әрбір сөзін жазып алуға тырысып бақтым.

«Олар кез-келген тілдің тас қамалы ұзақ тұрмайтынын түсінбид. Тілдер дамып, сөздер жаңа пішінге, жаңа мәнге ие болатынын ұқпайд. „Нақ“ деген сөз осыдан пәлен жыл бұрын ғана „нахуй“ деп жазылғаны, ал „лібә“ деген сөз кезінде „блядь“ болғаны бүгінде ешкімді таңқалдырмайды.» — деді. Жиналған қауым «Рас-рас» деп бастарын изесті.

"Әжесс, бірақ сол сөздердің қателігін дәлелдеймін деп уақытында қанша адам шайқасып, ақыры өзін өзі атып марқұм болды? Муқақақақа! — Лингвист ағай айтқанын көзіне елестетіні бар.
«Ережешілдердің көздегені не екенін білесің бе? Олардың барлығының көздегені — бір. Билік!» — деп трибунаны жұдырығымен ұрып қалды. Аудиториядан "Қойнақ!" -деген дауыс шықты.
Доцент галтсугын жөндеп, әшкиін түзеп: — Кыхы-ыхым… Кешірерсіздер, арқам қозып кетіпті. —деді де қасындағы бөтелкеден әлденені ұртап-ұрттап жіберді.
"...іштен сауаттты боп туған пяншіктер әлі де бар. Олар біреу бір әріптен қате жіберсе түрлі сөздіктерден үзінді келтіреді. Аса асқынғандары «sozdik.kz» сайтына сілтеуі мүмкін," -деді.

«Тіпті сіздің байқаусызда жіберген қатеңіз үшін,» — ағайымыз трибунадағы бір парақ қағазға бір сәт үңілді де, — «85 жасқа келген академик Рәбиға Сәтіғалиқызы Құттықожина-Сыз… — Әлмырза әлгі бөтелкеден тағы да ұрттап жіберді —… Сыздық апайды ұйқысынан оятып, консультация сұрап, ҚР ҰҒА -ның қазақ тілі бөліміне хабарласып, этимологиялық анализ талап еткендері де болды, уақақақа» — Әлекең тағы да эмоцияға ерік берді. Бір кезде езуін жиды.

«Ал бізде абзац түгіл үтірге де әбизок жоқ. еркіндік біләт, аузыңа келгенді отта, қалай жазсаң олай жаЗ. Осының бәрі, менің жаңа ленгвистикалық концепциямның арқасында!?!.. — деп мақтанды Реформатский аға.

Доценттің сөзі ақырына жеткенін сезген мен қолымды көтердім. „Рұқсат!“ деген ишаратты көрген соң, мазалаған сұрағымды қойдым.

»Қате жазғанның соншалықты не сұмдығы бар, неліктен кейбір адамдар бізді піштіруге дайын?"

— Өйткені қателер оқу жылдамдығын тежеп, топаздардың қатесі бар текстіні түсінуге көп уақыт кетеді-мыс. Сөйте тұра, бұл ит-шошқалар менің бір секунд кідірмей жіберген қатемді сынауға екі-парақ реферат жазуға тонналап уақыт жұмсайды… Уақақақа, шешессай, бұттан кетті — Доцент тағы да өзін өзі ұстай алмай қалды.

— Әлмырза аға, бірақ олардың да айтқандарында бір шындық бар сияқты. Қалай ойлайсыз, әркім әр сөзді өз ойлағанындай жаза берсе, бір бірімізді түсіну қиындап кетпей ме?

— Мінең оыйшма, адмарда слөйедмі әпіртеп оықймдаы, тұатсатй сөз қлыып оықид. Тек ағалқшы әпір мен сңоғы әіптрі өз онрыдна трұуы креек.
— Жарайды, келістік, тағы бір сұрағыма жауап беріңізші онда?
— Осы жауаппен талай адамның аузына құм құйғанмын, жоғалнақ, шпиөн, басқа дәлелім жоқ! — деп екі жендетіне белгі берді.
Бөлісу:

2 пікір

Daniar-Alan
қалай ғана жалғыз ақ пікір?? қалай еленбеген??