Атышулы жиналыстар. «Ұлы құрғақшылық»
Ойбай, мәлімет іздеп келген аграрийлер болса, кешірім сұраймын: әңгіме жаңбыр әлде су тапшылығы туралы емес.
Әлқисса, 1929 жыл, АҚШ, Атлантик сити (Нью Джерси). Жергілікті казинолардың біріне машиналар келіп тоқтауда. Ішінен шляпалы һәм ұзын етек күрте киген джентльмендер түсіп, жан-жағына күдіктене бір көз тастап, казиноға қойып кетуде. Жақыннан көрген адамға жан қалталарында қос-қостан тапаншалары барын көру қиын емес. Ал, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, мәшинелердің ішінде атақты «Томмиганнан» тап қазір сақылдатып ата жөнелетін бірде шопыр, бірде оққағар рөліндегі жігіттер және отыр…
Барлығы сонау жиырмасыншы жылы басталды. Не түлен түрткенін кім біліпті, әйтеуір тап сол жылы Конгресс … ішімдіктің көзін құртпақ болды. Сірә сенаторларды ішімдік ішпейтін, шылым шекпейтін үлгілі американдықтың жарқын образы көптен мазалап жүрсе керек. Не десек те, бір күннің ішінде елде виски өндірісі сап тиылды.
Сол-ақ екен: ақша қазынадан – бергенді сатып, бермегенді тартып алатын ұрдажық жанкештілердің қалталарына қарай ақты. Тұтас бір ел заңсыз өндірілетін ішімдіктің клиентурасы болып шыға келді! Виски жем сарайларда, жертөлелерде, құдайым-ау, бір жылнамашы тіпті – әйелдер әжетханасында құйылған дейді! Ал енді өзіңше боп тыжырынып, «өй, мен достарыма таза арақ қоям!» деп бәлсінсең, әнебір шамы жылтыраған үйшікке барып, «Санни!» деп айқайла. Кеше ғана Кубадан әкелінген виски бар. Рас: бағасы сексен доллар. «Баяғыда жиырма доллар еді ғой мынау, сайтан алғырлар!» деп сөкпе енді. Түсінесің бе, айлақ жалдаймыз, кеме жалдаймыз, полицияның да араны ашылып кетті осы күні… Сізді сапалы ішімдікпен қамтамасыз ету үшін арасында кісі өлтіруге де тура келеді, Құдай Анасы Мария, өзің кешіргей…
Жеңіл ақша қай заманда да болмаған ғой, ендеше қылмыс та – өзінше ауыр жұмыс. Ағаларынан үлгі көрген інілер, балалар, тіпті зауыттың кешегі үлгілі жұмысшысына дейін екеу-үшеуден топ болып, «біз рэкетпіз, мапиямыз!» деуді шығарды. Бүгін таңертең айлақтағы келесі партия ішімдікті кемеден сәтті түсіріп алған Тэдті түсте Джонни өлтіріп, оны өз қоймасына апара жатқан жерінен Кэн әлімжеттік жасап тартып алып, әйтеуір түнде, қалай болғаны белгісіз – Джуллианидің жертөлесінде самсап тұратын. Мұндай берекетсіздік қылмыс әлемінің серілерін титықтатып бітті. Олар енді тек өзара келісім мен түсіністік арқылы ғана өмір сүре алатындарын түсінді. Ол үшін бандиттерді ірі-ірі бірлестіктерге жұмылдыру керек. Көптен толғағы келіп жүрген мәселе тоғыз жылдың жүзі дегенде шешімі табылатын сияқты: казинодағы бүгін болып жатқан … Бүкіламерикандық Гангстерлер Жиналысында әйтеуір бір оң шешім шығып қалар…
Әрі қарай барлығын кино саласы нақышына жеткізе көрсеткен шығар: италян, түрік мафиялары, Аль Капоне, ескерту ретінде шіріген балықтың басын жіберу, ескертуге құлақ аспағандарға «сицилия галстугын жасау»1, дон Корлеонаға ант қабылдау. Ендеше бізге тек сабақ алу қалып тұрған сияқты.
«Сицилия галстугы»1 – сатқынның тамақ тұсын тесіп, тілін шығарып кету.
Мақала сілтемесі: http://xattama.wordpress.com/2011/03/13/1929/

3 пікір