Қалай ғана 4,7 млн доллардан қағылдым?
Иә, қалай ғана десей… Қайбір күні Фэйсбукке фэйсімді қаратып отырғам. Barr.Martins Burah деген азаматтан хат келе қалды. Қайдағы бір
М.С.Кенжебек деген көкеміз жүбайымен, жалғыз қызымен бірген көлік апатына ұшырапты. Шіркін-ай, қайда десеңізші, Қара құрылықтың Того деген туу қияндағы тупигінде. Тогоның астанаы Ломе қаласында өмір сүргенімен, құрғыр біздің азамат-мыс. Аман қалған ешкім жоқ (Құдай сақтасын). Ал, мынау Мартинс деген соның 2007 жылдың 26 желтоқсанынан бері жеке адвокаты әм заңгері екен… Артында тігерге тұяқ қалмаса да, Кенжебек көкемнің жеке қорында 4,7 млн көк қағаз қалыпты. Енді оны кәмпескелеп, я басқа қылмай тұрғанда, бөлісіп алайық дейді Мартинс. Несін жасырайын, бір сәтке көз алдыма доллардан үйшік салып, Феррари FXX-пен жүрген… очм, тәтті қиялдың тұманы басты да қалды. Тырмалап ашсам да, тез кете қоймады (ақшаның буын айтсайш ) Оның үстіне ол “Я не знаю вас, но я чувствую, вы будете человеческого достаточно, чтобы быть честным со мной по крайней мере для чего вы в дело способны что-то выборка“ деп адамгершілігіме тиісіп тұрса ше? Туған-туысқан дегеннен ешкім болмаған соң, енді фамилиялас деп маған шыққанын, “ марқұм” Кенжебектің туысы қылып көрсетіп, жеке салым ашып беретін жазыпты. Сәл болмағанда, сызып көрсеткен телефонына хабарласып, “ Того, қайдасың” деп тартып тұрайын дегем “ Бәрін құртқан” – Мұхтар Жанұзақ ағам. “ Ой қарағым, аптығыңды бас, бұл қарапайым ғана алдау. Ол ақшаны адал еңбегіңмен де табасың. Бір қызығы, дәл осындай алдауларға көптеген білімді деген, ақылды деген адамдар түсіп қалады” деп қояды.
Рас қой, Тогода қаңғырып жүрген туысқаным жоқ сияқты еді Анша-мұнша емес, 5 лимоны бар иеще
Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/14/%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b9-%d2%93%d0%b0%d0%bd%d0%b0-47-%d0%bc%d0%bb%d0%bd-%d0%b4%d0%be%d0%bb%d0%bb%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d2%93%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%bc/
Эмси Кенжебек деген репірді бірінші рет естуім.
бомаған соң, орыстар* лондонда деген форум арқылы балдарға шығып, әлгінің машеник екенін білдім. хотя маған оның келіп кетері жоқ. Проста көп адамдар агенст. деп, поделка докиге сенеді.
Әлгі форумнын балдарына мыңда бір алғыс. ерінбей адрес арқылы барып. тел. зовондап. :)