Жұма намаз

(30.88 Kb, 355x236)

Кейбір адамдар күнде 5 уақыт намаз оқымаса да жұма намазына мешітке не үшін баратынын түсінбеймін. Сендер барасыңдар ма? Баяғыда бір танысым Қадыр түнін мешітте қарсы аламын деп жалаң аяқ қайтыпты үйіне.
осындай жерде аяқ киім, ұялы телефон, ақша жоғалтып көрдіңдер ме?
Бөлісу:

11 пікір

TERISKEI
«Кейбір адамдар күнде 5 уақыт намаз оқымаса да жұма намазына мешітке не үшін баратынын түсінбеймін» — …
sammita
ондай жағдайлар өте көп, мешіттерде бейнекамера орнатылған болса да табылмай кетеді жоғалған заттар. Сөзім жоқ, небір ниетті адамдар бар ия.
konvict
Мен ештеңе жоғалтпаппын.
patick
Мешітке жақында барып, көңілім қалды. Ешқандай сервис жоқ. Іздеген имамым баспалдаққа отырып алып, ақша санап отыр. Тағы біреуіне жолығып едім, дұрыстап жауап бермейді. Құрысын дедім сосын. Алматының орталық мешіті сондай болса, өңірдегі мешіттерді айтып қажет жоқ шығар.
satibaldi
Іздеген имамым баспалдаққа отырып алып, ақша санап отыр.
Әдетте ғұсыл бөлмеде санайтын еді ғой???
patick
Айтпағым, кішкене ұят деген болуы керек қой. Көзден таса жерде, ешкім кірмейтін оңашада санауға болатын еді.
Мынау имамым «ит тіккен қалмақша» ыржалақтап, шытыр-шытыр етіп бір уыс ақшаны санап отыр. Ұят сияқты. Мен үшін ерсі көрінді.
sammita
Газеттен:
«Кешегі аптада Бәйдібек ауданындағы «Нақыпбекұлы Әуен» мешітінің бас имамы Ергешәлі Әбдіразақұлы қызметінен кетті.
Аталмыш мешіттің бас имамының орынбасары мешіттің садақа жәшігіне ұрлыққа түсіп, 3700 теңгені жымқырып, ол ақ­шаға арақ ішкен деген хабар таяуда бүкіл республикаға тарап, жамағаттың жағасын ұстатқан болатын.
«Нақыпбекұлы Әуен» меші­тін­де соңғы екі жылдың ішінде бас имам төрт рет ауыстырылған көрінеді. Осы төрт имамның тұсында да әлгі ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған Мырзахан Қоңыратбаев діни бас­қарманың бұйрығымен арнайы тағайындалмаса да мешіт қыз­меткері болып жүрген. Сондай-ақ Е.Әбдіразақ­ұлына М.Қоңыратбаевтың қолының сұғанақтығы бар екені, бұған дейін де екі рет осындай ұятты тірлікке бар­ғандығы жөнінде ескертілген екен. Дегенмен ол М.Қоңыратбаевтың тәртібін өзі қадағалайтынын айтып, оған сенім білдірген.»
Abilakim
Қарағандылық ақын, жазушылар одағының мүшесі Руслан Нұрбайдың өлеңі:
ЖҰМАДАҒЫ ОЙ
Жұма бүгін, миымызға маза жоқ.
Жақсы жанның көбі кеткен қаза боп.
Соны ойласаң солқылдайды сезімің,
Жалынымен шарпып жанды азалы от.

Жұма бүгін, көз жұмулы, жұма екен.
Жұмыс орны бүгін менсіз, тұл етем.
Дұға орнына жыр оқимын жай ғана,
Жұматай бар, Тұрсын Жұмаш, Жұмекем…

Жұма бүгін, жанды неге кірлетем,
Бәрімізге баратұғын бір мекен.
Жұмағали Саин аға кеш бізді,
Жәләп жандар көшеңізде жүр мекен.

Жұма-жұма, алақаным қарысты,
Ойларымды жеткізсем деп бар ішкі.
Жұман байдың жайлауында тұрамыз,
Жұма сайын төлеп тиын-табысты.

Жұма бүгін, сол күн маған бөлекте,
Жаманхандай әкем кеткен елеске.
Жұманхан деп жазып қойған бір жылы,
Термен келген сол әскери билетке.

Жұма бүгін, миымызда маза жоқ.
Мешіт бос тұр, лапылдайды базар-от.
Қос күн боспын, қайда барсам...?
Е, қойшы,
Кім ол жаққа кетті дейсің таза боп.
meirzhan
Ондай адамдар бір парызды болсын орындай берейін дейтін шығар. Сонымен қоса, басында жұма намаздарға барып жүріп, кейін бес уақыт намазға көшкендері бар емес пе. Көш үре түзеледі дегендей…
Gastarbaiter
Нудисттердің намаз оқығаны қалай болады екен.