Сабынсулар.
Барлық қыздарда/әйелдерде сабынсу таңдау үлкен проблема. Басқасын қайдам, өзімде сабынсу таңдау үлкен проблема. Шашымның қалың,әдемі, жібектей төгілгенін қалаймын. Көп сабынсулармен жуып көрдім. Бірінен шашым кеуіп қалған құрғақ шөптей болса, ал енді біреуінен тура шашыма майды жағын қоя салған сияқты болады.
Schwarzkopf-бұл косметикалық фирмадан шыққан сабынсулардың ішінде Schauma (шаума)мен сосын Бонакур сериясындагылармен жудым, "құрысын" дедім. Бастарым қышып, қайызғақ әппақ боп басып кетті. Енді бұл фирмаға жоламаспын дедім. Сонда да біреу мақтаса соны көрмей, алмай қоймайтынымыз бар ғой. «Syoss керемет сабынсу» дегенді есітен соң оны да алайын, бірақ маған ол да жақпады.
«Head & Sholders», «Чистая линия» сияқтылардан да басым қышып кетті. Соңында бит басқаннан саумын ба деп тексертіп те көрдім, жоқ барі шампуньнен екен))). Сосын типі табиғи сабынсуларды көрейін дедім. Уже аттары да есімде жоқ, әйтеуір біреуінің құрамында «банан», «кокос», «абрикос» общым бәрі бар, бірақ пайдасы болмады, қайта майланып кетті ме, сондай болды.
Соңғы кездері Пантинмен жуып жүрмін, енді жақсы былай, шашым бұрынғыдай майланбайды, басымды қасымайтын болдым))), бірақ Пантинмен жуғалы шашым өсуін тоқтатты.((
Енді ертең тағы да шампунь қарау керек. Енді Хербал Эссенсес пен Шамтумен де жуып көру керек екен деп ойлап отырмын. Біреуін құшақтап қайтам ертен. :)
Сіздер осы проблеманы қалай шешім жүрсіздер?)))
ESTEL PROFESSIONAL, biomed (биомед), Constant Delight, Cutrin, Dikson (dickson, dixion, диксон), Emansi, Estel (professional, Эстель, Естель), Kanebo (канебо), Keune, Londa (professional, лонда профессионал), L`oreal prof. (loreal professional, Лореаль), Macadamia, Matrix (Матрикс), MoltoBene (Молтобене), Revlon prof. (professional, Ревлон), Satico (satiko, сатио), Schwarzkopf (shwarzkopf professional, шварцкопф, шварцкоп), Selective prof. (Selectiv professional, селектив), Senscience, Wella prof. (professional, велла).
Ана суреттегі Лореальдың Эльсивтері де жақсы, егер подделка болмаса. Қазір қытай осының барлығын шығарып жатыр. Пантин мен Head & Sholders-терді әсіресе.
Менде СИОССты қолданып келем,5 айдай болып қалды.Бальзамымен қосып қолдансам, шашты керемет қылады, қысқасы өкпем жоқ.
Оның алдында НЬювейстің ылғалдандырғаш комплексті, Шварцкопфтың Бонакуры болды.
Негізі, бір шампуньға үйренбеген дұрыс, ара-тұра басқаларын да байқап көру керек.
www.mr.ru/?action=card&cid=0&id=770&name=freederm+tar&brand=schering+plough осы жерден қарап танысып көріңіздер.