Kazpodcast - Қазнетке жас көзқарас №1

Сәлем достар!
Қазнетке жас көзқарас подкастымның тақырыптары:
— Интернет сауаттылығын ашу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу
— Қазнеттегі қазақ тілі, неге ол дамымаған?
— Lit.kz — Әдебиет порталындағы қазақ тілі
— Азияда 2011 (өзімше көзқарас)

Скачать с podkazt.kz
Бөлісу:

14 пікір

Nurgisa
Өтініш, «Азиада» деуді дұрыс жазып дағдыланайықшы.
Әйтпесе, қырсық шалғанда «Азияда» дегеніңіз «В Азии» боп ұғынылатындай бар екен.
TERISKEI
«Kazpodcast — Қазнетке жас көзқарас №1 » — жас көзқарасың қызық екен;)
edige
қазнетке жас көзқарас "қөзқараста жас" болып тур
Abilakim
Жасқа толып жанарың
Қазнетке неге қарадың-
деп сұрағандарға
-оңай емес -де ,қарағым!
edige
«100 грам болса құя сал
таусылмаса арағың»
Қисық болмай зеріктің ау ә Әбекеееееееееееее
Abilakim
Қисық Бішкектен киім-кешек алуға кеткен. Бір-екі нәски тапсыра салып ем…
asaubota
жақсы контент шығаратын кім дегенге мындай нәрселер айтыпсың:

— жасы 25-тен асқан
— жоғары білімі бар
— Совет Одағында туған
— орыс мектептерінде оқыған

Интернет қолданушылар солтүстік аймақта көп, олардың көбі орысша сөйлейді дейсің.

Қазнет туралы айтқан сөздеріңмен келіспеймін. Қазнет өз деңгейінде. менің ойымша Қазнет — қазақтілді интернет. Лебедев те солай деді, орыстілді интернет ол Рунеттің бір бөлігі деді. біздің еліміздегі орыстілді сайттар Рунеттің Қазақстандағы бөлігі. Қазнетте сайттар аз шығар, қолданушы да аз. өйткені ҚАЗАҚ саны аз. паспортында қазақ деп жазылып, өзі қазақ еместерді қазақ деп айтуға болмайды. Ойы, тілі орыс болғасын олар да орыстар.

Қазақша сайттарға көп кірмейтінің білініп тұр, СССРда тумай да, жасы 25-ке жетпей де, 2-тен асса да жоғары білімі жоқ контентмейкерлер толып жатыр.
RamErs
Кешірерсіз, "Қазнет туралы айтқан сөздеріңмен келіспеймін" — нақты қай сөздеріме келіспейтініңізді он оқысамда түсінбедім, "Қазақша сайттарға көп кірмейтінің білініп тұр" — маған нақты кіруге тұрарлық, контенті дұрыс 20-сайтты атап көрсетіңізші, мен қазақ тілді сайттарға кіремін, бірақ олар 5-6 ғана!
«СССРда тумай да, жасы 25-ке жетпей де, 2-тен асса да жоғары білімі жоқ контентмейкерлер толып жатыр.» — мен подкастымда айтып кеткендей ЖАКСЫ КОНТЕНТ ШЫГАРАТЫН адамдар туралы айттым, ал мына сөзіңіз мұнда мүлдем сайкес келмейді «СССРда тумай да, жасы 25-ке жетпей де, 2-тен асса да жоғары білімі жоқ контентмейкерлер толып жатыр.»!!!

Негізі өзім кез келген сынды жақсы көтеремін, бірақ сын айту осы екен деп орынсыз сөздер ұнамады!
Содан кейін, осы жерде бұл менің алғашқы постым болған, қонақатарды бұлай қарсы алмаушы еді!
Сонда да рахмет!=)
Qojeke
Қазақша дұрыс сайттар көп емес нахты айтқанда.
Gastarbaiter
Негізі арақтан басты жазып, трезво қарасаң, Рамерстікі дұрыс емес деп айта алмаймын. Рамерс, жігіттер өз қолынан келгенін істеп, көз ілмей ұйқы көрмей контент жасап жатқандықтан (әсіресе Орыс мектебінде оқымағандары) бұндай сынды жеке басына қабылдап алады.
Көп жерінде дұрыс айтасың. Шындыққа тура қарай білу керек. Тіпті өзіңнің басыбайлы жеке сайтыңда болса да.
Бұндай сынға ең дұрыс жауап: Амиго біз тым болмаса тырысып жатырмыз ғой, ал сен не қатырдың? — деген сұрақ орындырақ болар еді.
Gastarbaiter
Сосын сараптама алдында маған дейін осы «белсебетті» біреу ойлап тапқан жоқ па екен? — деген сұрақты негізге алған жөн.
asaubota
нарықты қарап алмай істей беретін белсебетмейкерлер көп. сын айтсаң көтере алмай қалады :)
RamErs
Ерінбей-ақ сөздерді қайталап көрсетейін: Негізі өзім кез келген сынды жақсы көтеремін, бірақ сын айту осы екен деп орынсыз сөздер ұнамады!
Содан кейін, осы жерде бұл менің алғашқы постым болған, қонақатарды бұлай қарсы алмаушы еді!
satibaldi
Ет табақты Әңгөштің үйі сұрап алып кетті. Дачы.